«Жастарымызды өз дінінен бездірсек, ислам дінінен алып кетсек, оның орнын ешкім бос қоймайды. Басқа бір діни ағымдар, қазақ даласында өріп жүрген миссионерлер оларды өз қатарларына тартуға әрекет жасамайды деп айта алмас едім. Елдің тыныштығы мен шырқын бұзуға ешкімнің хақы жоқ. Елге есті сөз айта білейік» дейді қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев.