Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты.
Санаулы күндерден кейін еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Биыл еліміз үшін тарихы мен маңызы зор ел Тәуелсізлігінің 30 жылдық межесін бағындырып отырмыз. Әрине, бүгінгі күннің жетістігі оңай келген жоқ. 30 жылдық дамуда Елбасы айтқандай, даму табыстар мен қатар қиындықтар да аз болмады. Дегенмен Елбасының кемеңгерлігінің арқасында Тәуелсіз Қазақстан өзінің стратегиялық даму бағытын дер кезінде анықтады. Соның нәтижесінде еліміз қиындықтарды тез еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсті, – деді Аида Балаева.
Министр атағандай, бүгінде Елбасы мен тәуелсіздік сөздері егіз ұғымға айналды.
Тәуелсіздік әкелген жеңіс пен жетістік те аз емес. Ең бастысы – осы жылдары озық ойлы, білімді, талантты, жан-жақты өздеріңіз сияқты жас буын қалыптасты. Бүгінде әлемде «Қазақстан қандай ел?» деп сұрайтындар қатары азайып келе жатыр. Оған түрлі саладағы жетістіктер куә, – деді министр.
Балаева Қазақстанды шетелде танытқан жастар туралы айтты. Музыкада Димаш Құдайберген, Мария Мудряк, Данелия Төлешова, Иманбек Зейкенов, спортта Генадий Головкин, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, шахматтан Жансая Әбдімәлік, отандық нановакциналардың авторларының бірі Қайсар Табынов. Бұл тізімді үздіксіз жалғастыра беруге болады, – деді ол.