Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тараз шаһарында өткен «Әулие ата» мешітінің қайта ашылу салтанатынан кейін «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен Жамбыл облысының 5 отбасына тұрғын үй кілті табысталды.
Ізгі шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жаңа шаңыраққа ие болған жанұяларды құттықтап, игілікке демеу көрсеткен жомарт жандарға алғысын білдірді. Үйлі болғандар арасында 4 дін қызметкері мен бір көпбалалы ана бар.
Қуанышын жиналған қауыммен бөліскен жандар жүрекжарды алғысын айтты. Қайырымдылық шарасына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілдері қатысты.