Даниядағы “Қатаң бағыт” қозғалысының көшбасшысы Расмус Палудан тағы да көшеде қасиетті Құранды өртеді. Кезекті арандату ісі Данияның Тарнбю қаласының мұсылмандар көп шоғырланған ауданында жасалды.
Бұл жолы Полуданның Құранды өртеу “акциясы” полицейлердің күзетімен өтті. Исламға қарсы террористік пиғыл танытып жүрген саясаткер оқиға болған жерде түсірілген суреттерін әлеуметтік желіге жариялады.
Айта кетейік, Полудан қасиетті Кітапты өртеп жатқанда оны 30 полиция қызметкері қорғап тұрған, сол жер полиция таспасымен қоршап қойылды.
Бұл Расмус Полуданның Құранға қарсы жасап отырған алғашқы қастандығы емес. Бұған дейін де ол Швецияның Линчепинг қаласында да Құранды көпшілік алдында өртеп жіберген болатын.