1 тамыздан бастап Сауд Арабиясының екпе салдырмаған тұрғындарына қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.
Олар көшеге шығу үшін COVID-19 індетіне қарсы салдырған екпені растайтын сертификатты бірге алып жүрулері тиіс.
Ал әлі екпе алмағандар дүкенге, мемлекеттік мекемелерге, кафе мен мейрамханаға, медициналық орталықтарға, мектеп пен оқу орындарына, шаштараз бен стадиондарға бара алмайды, сондай-ақ, қоғамдық көлікке отыруға тыйым салынады.
Ел билігінің айтуынша, бұл шаралар халықтың екпе алуына тиімді әсер етіп, қоғам тіршілігінің қалыпты ағымға түсуін барынша тездетпек. Осындай қатаң шаралар болатынын билік мамыр айының ортасында-ақ ескерткен еді.