Бұған дейін РФ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдин мешіт қызметкерлеріне қатысты жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеген болатын. Атап айтқанда, коронавирус екпесін алмаған имамдар жұмысқа жіберілмейді деген еді.
Алайда, Татарстан мұсылмандары діни басқармасы вакцина алмаған мешіт қызметкерлері әзірге жұмыстан шеттетілмейтінін мәлім етті.
“Біз Ресей Федерациясының емес, Татарстан Республикасының діни басқармасымыз”, – деді мүфтият өкілі.