Бір күні шәкірт ұстазынан,
– Егер жүрегімізге екіжүзділіктің мөрі басылған болса, одан құтылудың жолы бар ма?, – деп сұраған екен.
Сонда ұстазы былай деп өсиет еткен екен:
Тілің мұсылман, сөздерің де Аллаға және Оның пайғамбарына иман еткен секілді сөйлейді, бірақ амал әрекетің қарама-қайшылыққа толы.
Ал оны жүрегің дұрыстауға шамасы жетпейді екен.
Онда ақыреттегі халің не болар екен?!
Көпшіліктің ортасына шықсаң өзіңді жақсы ұстап, әдепті бола қаласың. Ал жалғыз қалғаныңда немесе отбасыңда мүлдем басқасың. Халің бұлайша неге құбылмалы, бір сәт болса да ойланып көрдіңізбе?
Жылдар бойы намаз оқисың, ораза тұтасың, үнемі хайырлы амал жасап, көпшілікке көмектесесің. Бірақ жасаған жақсылықтарыңнан ешқандай да жақсылық көрмейсің. Неге?
Себебін білемісің? Өйткені шынайы түрде «Алланың разылығын» көздемейсің. Үнемі оң қолыңның бергенін сол қолыңа көрсетесің. Сонда жасаған жақсылықтарың һәм құлшылықтарың босқа кетіп жатыр ма?!
Мұндай жағдайларға не айтасыз енді, деп отырған боларсың. Ащы да болса айтайын, сенің жүрегіңе екіжүзділіктің мөрі басылған. Мөр болғанда қандай, маңдайыңа «Алладан ұзақ» деген жазуы бар мөр.
Бұдан шығудың жолы бар ма?
Бар, еш қорықпа! Ол – ТӘУБЕ жолы. Кешікпестен, кідірместен екіжүзділікке тән барлық әрекетіңнен бас тартасың. Қандай да бір жаман сөздерің, әдеттерің болса дереу тәрк етесің. Тіпті жаман ниетің болса да.
Тәубе ет, Алланы көп зікір ет, құлшылықта ықыласты бол, қиыншылыққа тап болсаң сабыр ет, ешкімге шағым айтушы болма, ізгі тақуа жандардың соңына ілес!!!
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ