Мұндағы даналық: Бұл тақуа мұсылманның артында кешірілмеген өмірде жасаған бір күнәсі бар еді. Алла Тағала өлім халінде жатқан пендесінің аузынан сүтті төгіп жіберіп, оны біршама әбігерге салу арқылы әлгі жасаған күнәсін кешіріп, арғы дүниеге бейкүнә өтсін деген екен.
Екінші періште өз сөзінде:
– Менің басымнан өткен оқиға сенікінен де қызық. Мені Алла Тағала өлім аузында жатқан дінге сенбейтін имансыз адамға жіберді. Бұл адам өлмес бұрын қуырылған балық жегісі келіпті. Мен енді сол балықты теңізден алып әлгі адамның үй жағындағы өзенге тастап, сосын оны балықшының қармағына іліп жіберуім керек болды. Сондай-ақ, балықшы ауланған балықты өлім аузында жатқан имансыздың туыстарына сатуға және сол туыстары имансызға жеткізіп қуырып беруге ықпал жасауым керек еді.
Мұндағы даналық: Имансыз адам бұл өмірде жақсылығы қайтарылмаған бір игі іс жасаған еді. Алла Тағала оны өмірден өтпес бұрын сол жасаған жақсылығының есесін қайтару үшін оның тілегін орындаған екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы