Сұрақ: Екі мұсылман азаматы бір-біріне қару көтерсе не болады?
Жауап: Бір күні Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Егер екі мұсылман бір-біріне қылыш көтерсе, онда өлтіруші де, өлген адам да тозақта қалмақ», – дейді.
Сонда бір сахаба тұрып:
– Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Өлтірген кісінің тозаққа түсуі түсінікті. Ал енеді өлген кісі не үішн тозаққа түспек?! – деп таңдана сұрайды.
Алланың елшісі (с.ғ.с.):
– Себебі, ол да мұсылман бауырын өлтіруге ұмтылды – деп жауап берген» (Бұхари, Мүслим, Ахмад).
Әбу Сүлеймен есімді ғалым Бұл хадиске мынадай түсініктеме береді:
«Егер екі мұсылман бір-біріне дұшпандық, қызғаныш қастықпен немесе дүние үшін таласып қылыш көтерсе, онда бұл хадис екі адамға да тиесілі. Қылыш көтерген екі адам да тозақи болмақ. Бірақ, Бұл екеуінің арасындағы ұрыс қателікпен немесе түсінбеушілікпен болса, онда шариғат мұны басқаша талдайды. Сол сияқты қарақшыларға тап болған немесе өз өмірін сақтау үшін қорғанған адамның үкімі де басқа болмақ. Себебі, ол адамның әу бастағы ойы біреуді өлтіру емес, қорғану еді. Алайда, егер қарақшы оған қарсы қару көтеруін қойса, онда қорғанушы адам да қылышын төмен түсіруі шарт. Әйтпесе, хадисте айтылғандай, ол да тозаққа түседі. Өйткені оның қорғану ниеті, адам өлтіру ниетіне ауысып кетеді».
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,
дінтанушы
Қазислам ұжымына көп рахмет, сұрағыма толық, нақты жауап алдым. Алла жар болсын!