Иманбаев Мейрам Өткелбайұлы,
ҚР Дін істері агенттігі, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бөлім бастығы,
саяси ғ.к.
Зайырлы мемлекет және дәстүрлі дін: өзара әрекеттесу мәселелері
Конференцияға қатысып отырған құрметті қауым!
Ең біріншіден, ел тәуелсіздігінің 20-жылдығы шеңберінде конференция жұмысын ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында еліміздің зайырлы мемлекет екені анықталған. Демек, заманауи шынайылықтағы зайырлы мемлекет ұғымының мазмұны құқықтық, демократиялық құндылықтарға негізделген және сенім мәселесінде дін өрісіне мүмкіндік беретін мемлекет ретінде тұжырымдалады.
Қазақстанның діни саладағы және діни бірлестіктердің іс-қызметтеріне қатысты мемлекеттік саясатының мақсаттары мынадай ұстанымдарға негізделеді:
● әрбір азаматтың ұстанатын дініне қарамастан, ар-ождан бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз ету;
● діни бірлестіктердің еркін қызмет атқаруына құқықтық орта орнату;
● діни бірлестіктердің бейбіт қатар өмір сүрулеріне қолдау көрсету, әртүрлі дінді ұстанатын адамдар арасындағы өзара түсіністік пен толеранттылықтың орнауына қолғабыс ету;
● қазақстандық қоғамның консолидациялануы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның рухани-адамгершілік әлеуетін сақтау және нығайту;
● жаһандану жағдайында дінаралық қатынастардың үйлесімділігіне септігін тигізетін рухани және мәдени байланыстарды сақтау және оны нығайта түсу.
Жалпы, адамзат дамуының дамуының тарихи тәжірибесінен туындаған мемлекеттің зайырлылық принципі мемлекет пен діннің бір-бірінен бөлінуін жариялағанымен, ол ұғым бұл екеуiнiң арасына қорған салуды білдірмейді. Өйткені, дiнсiз – мемлекет, ал мемлекетсiз – дiн жоқ. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы және қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан, ел дамуының бүгінгі кезеңінде екi тараптың өзара бiрiгiп әрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындаудың және жетілдіріп отырудың маңызы зор. Бұл жерде мемлекет мынадай қағиданы басшылыққа алуы тиіс: ол қоғамдағы діни бірлестіктерді реттейтін өз шекарасының аумағын тарылтпауы керек және еліміздің негізін құрап отырған халықтың дәстүрлі дініне басымдық беруі қажет. Өйткені, қоғам мен дінді бір-бірінен бөлудің мүмкін емес екендігін ескерер болсақ, мемлекеттің діни салада белсенді түрде реттеуші болуы тиіс екендігі талас тудырмасы анық. Жалпы, осы ретте қоғам тарапынан қызу талқыға түсіп отырған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасында осы мәселе төңірегінде көптеген пікірлердің білдіріліп отырғаны де осыдан болса керек.
Егер ойымызды осы бағытта тарқатып айтар болсақ, қазіргі қолданыстағы заң бойынша, еліміздегі барлық діни бірлестіктердің құқығы бірдей және тең екенін көреміз. Бұл, өз кезегінде, қарама-қайшылықты пікірлерге орын береді. Мәселен, Қазақстанда ел тұрғындарының діни сенімдерінің басым бөлігін құрайтын ислам және православие діндерінің үлесі 95%, католик, иудайзм діндерін ұстанатындардың үлесі 1-2%-ды құраса, еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдар мен ілімдерді ұстанушылардың үлесі небәрі 2-3% – ды ғана құрайды екен. Демек, ескі заң бойынша еліміздегі дәстүрлі дін болып саналатын іргелі діндер мен жаңа діни ағымдардың мәртебесі мен олардың қоғам өмірінде алатын орны теңдей қарастырылды. Әлемдік тәжірибеде, демократиялық институттары дамыған Батыс елдерінің өзінде, мемлекеттің дәстүрлі діни сенімге қатынаста басымдық беретін мысалдары көп. Мәселен, Норвегия Конституциясының 2-бабы Евангельдік-лютеран шіркеуін елдің мемлекеттік діні ретінде орнықтырады. Мемлекет шіркеудің барлық шығындарын өз мойнына алады және осы елдегі барлық балабақшалар мен мектептер заң бойынша «Мораль және Христиандық тәрбие» пәнінен сабақ өткізуі тиіс. Ал, Норвегияның заманауи түрдегі зайырлы мемлекет ретіндегі демократиялық жүйесі мен жетістіктеріне ешкімнің шек келтірмесі анық. Жалпы, өздерінің дәстүрлі діндеріне мемлекет өмірінде басымдық беретін мысалдарды әлемнің қай түкпіріндегі елдерден де көптеп кездестіруге болады.
Егер демократияны адам және азамат құқы мен бостандығы жүзеге асатын саяси институттар, нормалар мен құндылықтар жүйесі ретінде алар болсақ, сенім бостандығы идеясының онымен бірге көрінетін егіз құндылық екенін көрер едік. Дегенмен, мұнда, таразының екінші басында, кез-келген мемлекеттің өзінің сан ғасырлық ұлттық ерекшеліктері мен рухани және діни кеңістігінің тұғырын құрайтын құндылықтарын сақтап қалуға деген мүддесі тұратыны тағы анық. Ал, ондай мүддеге барлығымыз құрметпен қарауымыз керек екендігі талас тудырмасы анық.
Біздің елімізде, мемлекеттің негізгі ұйытқысы болып табылатын қазақ ұлтының сан ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан ислам дініне қатысты принциптi ұстанымын жасақтаудың өзектілігі күн тәртібінде тұрған мәселе. Мәселен, ТМД-дағы көршілеріміз Ресей Федерациясының дiн туралы Заңында “Ресей тарихындағы, оның қалыптасуы мен дамуындағы православиенiң ерекше рөлiн мойындай отырып” деген сөздер нақты көрсетілген болса, тілі де, діні де бір Түрменстанның дін саласын реттейтін Заңында «Түркменстанның көпғасырлық тарихындағы мұсылмандықтың ерекше рөлін мойындай отырып» деген аталы сөздер тайға таңба басқандай көрсетілген. Ал, бiздiң қолданыстағы Заңымызда қазақ халқының өміріндегі ислам дінінің алатын орны туралы ештеңе айтылмаған еді. Сондықтан, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заң жобасында қазақ халқының дәстүрлі дiнi болып табылатын исламның ханафи бағытына және елімізде қазақтардан кейін басым санды құрайтын орыс халқының христиандық православиеге қатынастағы мемлекеттің ұстанымы айқындалды. Бұл, меніңше, мемлекет тарапынан жасалып отырған ең маңызды қадам. Өйткені мемлекет, ең бiрiншiден, өзiн құраушы ұлттың тұтастығын қамтамасыз етіп, оның діні мен ділін, тарихи санасын, салт-дәстүрлерi мен мәдениетiн қорғауы тиіс және оның дамуына көмектесуі шарт. Зерттеу нәтижелері де ел тұрғындарының басым бөлігі ислам дінін және православиені ұстанатынын көрсетіп отыр және бұл ел тұрғындарының ұлттық үлес салмағына сәйкес келетіндігін көрсетеді.
Осы ретте, соңғы бес-алты жыл аралығында қоғам тарапынан елімізде бүгiнгi күнде қалыптасып отырған дiндiк қатынастарды заңдық тұрғыдан жетiлдiре отырып, халқымыздың рухани тұтастығына нұқсан келтiретiн ағым-секталар мен миссионерлердің іс-қызметiн реттеу тетіктерін күшейтуді талап ететін сұраныстар көптеп қойыла бастағаны бәрімізге мәлім. Бұл өте орынды талап еді, өйткені дәстүрлі емес діни ағымдар мен ілімдердің жүгенсіз әрекеттері, ертелі-кеш қоғам тарапынан өзін-өзі сақтау инстинктін оятар еді. «Ештен – кеш жақсы» деген қазақ даналығын басшылыққа алар болсақ, жаңа заң жобасында мемлекеттің осы мәселеге де құрығы жеткені бізді қуантады. Мәселен, еліміздің дін саласын реттейтін қолданыстағы Заңының “Дiни бiрлестiктердi тiркеу” атты 9-бабында дiни бiрлестiктердің кәмелетке толған 10 азаматтың бастамасымен құрыла беретіндігі көрсетілген еді. Жаңа заңда діни бірлестіктерді жергілікті, аймақтық және республикалық мәртебе бойынша белгілеу арқылы мүшелерінің сандық шегін көбейту көрініс тапқан. Яғни, заң жобасы бойынша жергілікті діни бірлестіктің 50-ден, аймақтық діни бірлестіктің 500-ден, ал республикалық діни бірлестіктің 5000-нан кем емес мүшесі болуы тиіс. Бұл жаңа заң жобасында көрініс тапқан маңызды қадам дер едім, өйткені мемлекет осы тетік арқылы елімізге келіп «төр менікі» дейтін миссионерлік діни ағымдардың іс-қызметіне лайықты тосқауыл қоя алатын болады. Әрине, жаңа заң жобасының «барлық дертке ем» бола алмасы анық, дегенмен ол қазіргі жағдайда және алдағы болашақта мемлекеттің діни бірлестіктердің іс-қызметін реттейтін мүмкіндіктері мен әлеуетін көбейтуге қол жеткізетіні күмәнсіз.
Бүгінгі күнде ел тұрғындары арасында жаңа діни ағымдардың таралуы кеңінен орын алып отырғаны барлығымызға белгілі. Бұл құбылысқа тұрғындардың сенім еркіндігінен туындайтын таңдау еркімен қатар, олардың діни сауатсыздығы, жаңа діни ағымдардың адам санасына психологиялық әсер етудің тиімді формалары мен әдістерін қолдануы, тұрғындардың, әсіресе жастардың әлеуметтік және материалдық тұрғыдан қорғалмауы мен олардың басқалардың көзқарасына тәуелді болуы тәрізді факторлар үлкен ықпалын тигізеді.
Осындай тенденциялар келешекте тұрғындардың бір бөлігінің дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарына өтіп кетуін туындатады. Ең бастысы, мұндай діни ағымдардың кең таралуы елдегі діни ахуалды шиеленістіріп, қазіргі ішкі саяси тұрақтылыққа қауіп төндіретіндігін айта кету керек. Бұл, өз кезегінде, мемлекет және қоғам тарапынан мұндай факторлардың орын алуына тосқауыл қою керектігін күн тәртібіне шығарады. Осы бағыттағы жұмыстар тұрғындардың діни сауатын көтерумен, кең көлемдегі ақпараттық іс-шаралармен, жастардың әлеуметтік және материалдық қорғалуын арттырумен және отбасылық рухани тәрбиемен жалғасын табуы қажет.
Жалпы, зайырлы мемлекет аясында мемлекет пен діннің бір-бірінен тәуелсіздігі көрініс тапқандықтан, қоғамдағы азаматтар да өздері өмір сүріп отырған әлеуметтік ортадағы дін саласына қатысты мәселеде шеттеп қалмаулары тиіс. Басқаша айтқанда, халқымыздың дәстүрлі діні мен ділінің тұтастығын сақтап қалуға тұрғындар да мүдделі болулары тиіс. Демек азаматтар:
азаматтық қоғам институттарының іс-тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдағы дәстүрлі діндердің орны мен рөлін арттыруға және әртүрлі жат діни ағымдар мен ілімдердің алдын-алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жолға қою керек. Бұл жерде қоғамдағы азаматтардың белсенді топтарын біріктіретін ұйымдардың әлеуетін оңды пайдалану ұтымды болар еді;
халқымыздың күнделікті өмірінде болып отыратын той-садақалар мен жиындарды ұтымды пайдалана отырып, ауыл іші мен елді мекендердегі дін төңірегіндегі мәселелерге қатысты ақсақалдардың орны мен рөлін көтере түсу бағытындағы жұмыстарды жолға қою қажет. Мәселен, миссионерлердің бірыңғай қазақтар өмір сүретін ауылдарда өз ғибадатханаларын ашып алу фактілері кездесіп отырады. Әрине, бұл жерде заңнамалық тұрғыдан мемлекеттің олардың құқықтарын шектейтін тетіктері жоқ екені анық. Дегенмен мұнда барлық мәселені мемлекеттік органдарға ысырып қойып отыра беру қаншалықты дұрыс деген сауал туындайды. Меніңше, осы жерде ел азаматтары өздерінің діні мен ділінің тұтастығын сақтап қалу ісінде сергектік танытқаны абзал. Осы ретте, ауыл-елдегі ақсақалдар институтын дәстүрлі емес діни бірлестіктердің миссионерлеріне қарсылық білдіріп отыруға жұмылдыру керек. Жалпы, миссионерлік діни ұйымдардың қызметіне тосқауыл болатын дәстүрлі тетіктер мен жолдарды жан-жақты жасақтау мен жүзеге асырудың маңызы күннен-күнге артып келеді және оны шындап қолға алатын уақыт жетті десе де болады.
Қазақстан Республикасының зайырлық принципі мен дәстүрлі дініміздің қоғамдағы алатын орны мен маңызын заңнамалық айқындау бір-бірін қалай толықтырады? Бұл өзгеріс, өз кезегінде, мемлекеттің дінге қатысты іргетасын құрайтын принципті қозғайтындықтан, мемлекет ислам діні мен оның ұстанымдарына қатысты өзінің нақты позициясын жасақтауы тиіс:
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ел мұсылмандарын біріктіретін ресми құрылым болғандықтан, оның арқалайтын жүгі ауыр әрі маңызды. Бүгінге күнде ҚМДБ өзіне артылған міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Бұған елдегі мешіттердің санының көбеюі мен азаматтардың имандылыққа бет бұрудағы көрсеткіштері жақсы мысал бола алады. Дегенмен, қазіргі қазақ қоғамының ішінде ислам дінінің әртүрлі ағымдары мен ілімдерінің кең тарала бастауы аталған құрылымның қызметіне қатысты талаптарды да күн тәртібіне шығарып отыр. Демек, ҚМДБ дін ішіндегі мәселелер мен тақырыптарда өзінің анық және бірізді позициясын көрсетіп отыруы тиіс. Ал, бұл, өз кезегінде, ҚМДБ-ны институционалдық жетілдіру мәселесін козғайды.
Халқымыздың діни сенімінің сан ғасырлық тарихындағы дәстүрлі
исламның орын мен рөлі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылы Түркістанда болған сапарында қазақ қоғамының діни өміріндегі ислам дінінің өзіндік ерекшеліктері, оның ішінде Иассауи ілімінің орны мен рөлі туралы айтқан ойлары осы бағыттағы мемлекет саясатының басымдығы болуы тиіс. Өйткені, бұл мәселе қазақ қоғамының рухани тұтастығын сақтап қалуға барып тіреледі.
Мемлекет «хиджаб» мәселесінің шешімін табуын заңдастыруы тиіс.
Яғни, мемлекеттің «Білім беру туралы» Заңына орта және жоғары оқу орындарына кез-келген конфессияға тән діни киіммен (атрибутика, рәміздер) келуге тыйым салуды заңдастыру керек. Бұл мәселеде заңнамалық талаптардың болуы аса маңызды, өйткені басқаша болған жағдайда діндар ата-аналардың оқу орындарына және онда жұмыс істейтін мұғалімдерге, өткізілетін пәндерге қатысты талабы күннен-күнге күшейе түседі, ал оны үнемі орындай беру мемлекетті де, қоғамды да, тығырыққа тірері анық.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» тұжырымдап айтар болсақ, мемлекет пен қоғам тарапынан бірлесіп қолға алынатын істердің барлығы Қазақстанда бүгінгі күнде қалыптасып отырған тұрақты діни ахуал мен конфессияаралық келісімді сақтау мен қамтамасыз етуге тұғырлануы тиіс. Осы ретте, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз кез келген қиындықты бейбітшілік, келісім және тұрақтылық негізінде жеңіп шығамыз. Дінаралық және ұлтаралық келісім – біздің басты байлығымыз» деген ойы бұл әрбір Қазақстан азаматының күнделікті ұстанымына айналуы тиіс. Өйткені ішкі тұрақтылық пен ауызбіршіліктің сақталуы жағдайында ғана еліміз болашақта көздеп отырған мақсаттарына қол жеткізе алатындығы анық.
Дереккөз
Фото: http://muslim.kz