Жамбыл облысының Қордай ауылында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі бірлесе отырып, «Таблиғи жамағат – елге жат ағым» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді, деп хабарлайды Bnews.kz ҚР ДІА баспасөз хабарламасына сілтеме жасай отырып. aa«Конференцияның мақсаты – Қазақстанда сот шешімімен экстремистік ұйым ретінде танылған және тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни-миссионерлік ұйымының қызметін тоқтатуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуді пысықтау, қоғамдағы исламдық бағыттағы дәстүрлі емес ағымдар мен ұйымдардың келеңсіз әрекеттерінің алдын алу мәселелерін жан-жақты талқылау болып табылды», – делінген хабарламада.
Дін істері агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф өз сөзінде Прокуратура органдарының ұсынуымен 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен аталған діни ұйымның Қазақстан аумағындағы қызметіне де тыйым салынғанын атап өтті.
Аталмыш сот шешімі Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді. Мемлекет Басшысы өз Жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі осы жат діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені біздің қоғамның бір бөлігінің шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз», – дей отырып, дәстүрлі емес секталар мен жалған діни ағымдардың қызметіне қатаң тосқауыл қою қажеттігіне баса мән берген болатын.
Таблиғшылар Орталық Азия елдерінің барлығында белсенді қызмет атқарып келді. Алайда Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан елдерінде және Ресей Федерациясында олардың қызметіне тыйым салынғанына біршама уақыт болды.
Конференцияда атап өтілгендей, «Таблиғи жамағат» деструктивті діни ұйымдардың қатарына жатады. Теологиялық жағынан аталған діни ұйым исламның сунниттік бағытын ұстанғанымен, бірқатар ғалым-сарапшылардың пікірінше оның идеологиясы исламның бірқатар қағидаларына қайшы және радикалдық тұрғыдан уахабизмге жақын. Яғни, бұл қозғалыстың идеясы да балама ойлар мен пікірлерді жоққа шығарады. Шындығында, исламның ханафи бағытына мұндай біржақтылық тән емес еді. «Таблиғи жамағат» деструктивті діни ұйымдардың қатарына жатады. Теологиялық жағынан аталған діни ұйым исламның сунниттік бағытын ұстанғанымен, бірқатар ғалым-сарапшылардың пікірінше оның идеологиясы исламның бірқатар қағидаларына қайшы және радикалдық тұрғыдан уахабизмге жақын. Яғни, бұл қозғалыстың идеясы да балама ойлар мен пікірлерді жоққа шығарады. Шындығында, исламның ханафи бағытына мұндай біржақтылық тән емес еді.
Негізінен «Таблиғи жамағат» ұйымының ерушілері саналы-санасыз түрде террористер ұстанатын жихадшылық идеологиядан аса ерекшеленбейтін исламдық сенімді ұстанады. Дінге бет бұрып жүрген жас мұсылмандардың басым көпшілігінің діни санасының радикалдануының алғашқы қадамы «Таблиғи жамағат» қатарына қосылудан басталады. Француздық басылымдардың бағалауынша, исламдық экстремисттердің 80 пайызы осы ұйым қатарынан шыққан. «Таблиғи жамағат» ұйымы оқшауланған қозғалыс болып табылады. Оның негізгі орталықтары Үндістанда, Пәкістан мен Бангладеште орналасқан болса, ұйымның бағдарламалары мен нұсқаулары қозғалыс басшыларының шағын тобына ғана белгілі. Мұндай тәсіл ислам қағидаларына қайшы, өйткені дәстүрлі ислам оқшаулану мен соқыр бойұсынушылықты құп көрмейді.
Дін істері Агенттігінде қызмет ететін дінтанушылар таблиғшылардың негізгі кітабы болып табылатын «Фазаил амали» кітабына талдау жұмыстарын жүргізіп, қозғалыстың идеялық негіздері өз мүшелерінің ерік-жігерлерін басып тастауға әрі олардың кәсіби және интеллектуалдық іс-әрекеттерін шектеуге бағытталғанын анықтады. Бұл кітаптың мазмұнында «адамды Алламен байланыстыра алатын» діндар шейхты табу әрі «оған қызмет етіп, өз еркің мен қалауларыңды жоқ етіп оның айтқанымен жүру керектігі және оның әмірлерін бұлжытпай орындау қажеттігі» насихатталады.
«Әртүрлі жат діни ағымдар мен секталардан қазақстандық жастарға келетін қаупіне ерекше назар аудара отырып, Дін істері Агенттігі «Таблиғи жамағат» ұйымының іс-әрекеттерін зерттеу бойынша жүргізген талдау жұмыстары 2012 жылы бұл ұйымның Қазақстанның барлық аймақтарында белсенділігін артқандығын, әрі «ұстаздардың» ықпалымен көптеген жастардың аталған ұйымның қатарына қосылуының артқандығын анықтады. Олардың кейбіреулері заңнаманы бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, көпшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді Қайрат Лама Шариф.
«Таблиғи жамағат» қозғалысы Қазақстанда қызмет атқарған уақытында ешқашан ресми тіркеулерден өтпей, іс жүзінде белсенді түрде бейресми қызмет атқарып келді. Ал 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң күшіне енгеннен бастап олардың іс-әрекеттері тіпті заңсыз болып табылады. Елімізде әр жылы ондаған таблиғшылар әкімшілік жазаға тартылуда.
Конференцияға қатысушылар «Таблиғи жамағат» ұйымының мысалында елімізде тыйым салынған ұйымдардың идеологияларының таралуымен байланысты мәселелерді жан-жақты талқылай отырып, аталған ұйымды қоғамымыз бен мемлекетіміздің мүддесіне зиян тигізетін жат діни ұйым деп тануға шақырды.
Аталған шараға орталық және жергілікті мемлекеттік және тиісті орган өкілдері, ғалым-сарапшылар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт имамдары және шетелдік қонақтар қатысты.
Конференция барысында ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шариф, Қырғыз Республикасының Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының директоры А.Жұмабаев, тәжікстандық дінтанушы-ғалым Д.Назиров, Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығы Н.Қалымбетов, «Қазақстан қажылары ассоциациясы» қоғамдық қорының төрағасы Е.Дуанаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Р.Бакиров сөз сөйледі.