Рақымды да Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!
Ислам – Бейбітшілік пен Үйлесімділік діні.
Қоғамдағы ұрыс-керіс, толқулар, қантөгіс, тонау, талаушылық, қоғамдық тәртіпті бұзушылық, жер шарының кез келген бұрышында жазықсыз адамдарды өлтіру – осылардың Бәрі исламда адамшылыққа жатпайтын қылмыс ретінде қарастырылады.
Құранда қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатаң тыйым салынған:
«Жер жүзі тәртіпке келтірілгеннен кейін бүліншілік жасамаңдар» (Құран, 7:56)
«Ол кетерінде жер бетінде бүліншілік істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Дегенмен Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді» (Құран, 2:205)
«…Жер бетінде зұлымдық жасап, жауыздық таратпаңдар!» (Құран, 2:60)
Құранда бір ғана күнәсіз адамды өлтіру бүкіл адамзатты жәбір-леумен тең, өйткені ол жағдайды бақылаудан шығарып жіберілген жол іспетті деп анық айтылған. Аллаһ айтады: «Осы себептен Исраил ұрпақтарына айтқанбыз: кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде арсыздық қылмаған біреуді өлтірсе, онда ол барлық адамды өлтіргенмен бірдей және кім оның өмірін қорғап қалса, ол барлық адамның тіршілігін сақтап қалғандай. Біздің елшілеріміз оларға анық белгілермен келді, бірақ олардың көпшілігі осыдан кейін жер бетіндегі шектен шығушыларға айналды» (Құран 5:32). Басқа бір аятта анық бұйрық берілген: «Аллаһтың өлтіруге тыйым салынған жанын өлтірмеңдер, егер тек оған сендердің құқықтарың болмаса».
Ислам тіптен өзін қорғау құқығын жақтай отырып, бейбітшілікке үлкен мән-мағына береді, ол жазықсыз адамды нысана етуге қатал тыйым салады, және өш алуда артық кетуден сақтандырады.
Құдіретті Аллаһ айтады: «Сендерге кім соғыс ашса, күрессе, Аллаһ жолында олармен соғысыңдар, бірақ рұқсат етілмегеннің шекарасынан аспаңдар. Шынында, Аллаһ қылмыскерлерді жақсы көрмейді » Сондықтан да Мұхаммед Пайғамбар (С.Ғ.С) тіптен соғыс кезінде адам құқығын қадірлеуді ерекше ескерткен. Бұл ілімнің мысалын пайғамбар (С.Ғ.С) хадистерінен табуға болады.Ислам –Аллаһтың жаратқандары – бір отбасы сияқты, және де кім де кім Аллаһтың жанұясына мейіріммен шапағатпен қарым-қатынаста болса Аллаһ оны бәрінен жақсы көреді деп үйретеді. (Байхаки)
Біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.Ғ.С) айтқан, кім адамдарға қайырымды болса, Аллаһ да сол адамға қайырымды.
Жерді мекендеушілерге мейірімді болыңдар, Аспанда мекендеуші (Аллаһ)* сізге мейірімін төгеді. (Тирмизи, Абу Дауд)
Бір сөзбен айтқанда, Ислам рұқсат етілмеген күштеудің барлық түрлерін жоққа шығарады, қоғамдық тәртіпті бұзу, қантөгіс, өлтіру мен тонау және де оларға қандай түрде болса да рұқсат етпейді. Исламның негізгі ұстанымдары – біз бір-бірімізге жақсы және оңды істерде көмектесуіміз керек және қылмыс пен қысым көрсету үшін ЕШКІММЕН БІРІКПЕУІМІЗ ҚАЖЕТ.
Құдіретті Аллаһ айтады: « Бір бірлеріңе тақуалықпен және құдайдан қорқулықпен көмектесіңдер, бірақта күнәлі іс пен өш алу үшін көмектеспеңдер». Қасиетті Құранда анық өсиеттерінен белгілі болғандай, бүкіл әлемге бейбітшілікті насихаттаушы Ислам дініне қарсы қолданылып жүрген терроризм мүлдем жалған. Бәрінен бұрын Ислам терроризмнің барлық түрін жоюға және бүкіл әлемге бейбітшілікті тарату үшін келген болатын. Аллаһ барлығын жақсы біледі.
Қол қойғандар: Хабибур – Рахман
Дар уль-Улюм Деобанд Бас Мүфтиі.
Бекітілген:
1. Зайн уль Ислам Касми (Дар уль-Улюм Деобанд, Мүфти орынбасары)
2. Мүфти Вакар – Әли (Дар уль-Улюм Деобанд, мүфти көмекшісі)
3. Мүфти Мехмуддуль Хасан Буланшехари
Дар уль – Ифта, Дар уль-Улюм Деобанд мөрімен расталған.
Бұл Дар уль-Улюм Деобанд фәтуасы). Джамиат уль-Улама (КЗН, ЮАР) бұл пікірлермен төмендегідей түсініктемелер бере отырып келіседі.
а) Соғыс жағдайында тек қана мұсылманға қарсы озбырлыққа қатысты әскерилерді өлтіруге рұқсат етіледі. Басқа адамдар сияқты мұсылмандар өздерін қаналудан қорғауға құқылы, бірақ бұл қорғану дұрыс түрде болу керек.
* Бұл жерде Аллаһты көкті мекендеуші (аспан), өйткені Аллаһ туралы сөз болғанда адамдар аспанды көрсетеді. Бұдан Аллаһтың мәні аспанмен шектеледі деген мағына білдірмейді.
б) Жазықсыз бейбіт тұрғындарды, әйелдерді, балаларды, қарттарды нысана етуге және оларды өлтіруге – қатаң тыйым салынған.
Қараңыз: 100