«Шынайы ислам және оның қазіргі қоғамдағы рөлі» деген ұранмен 2005 жылы шілденің 4-6 жұлдызында Амманда ( Иордания) өткен халықаралық мұсылман конференциясының қорытынды құжаты.
Мейірімді де Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын! Біздің Пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның отбасына бейбітшілік пен жарылқау болсын! «Ей адамдар! Өздеріңді бір жаннан жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар… » (Құран, 4:1).
Жоғарғы имам Әль-Әзхара, Египет мүфтиі, Оманның жоғарғы мүфтиі, Сауд Арабиясындағы Ислам құқық академиясының, Түркияның Жоғарғы діни кеңесінің, Иорданияның фәтуа жөнін-дегі комитеті мен мүфтияты, шииттік марджалардың (рухани көшбасшылар) жафаридтер мен зейдиттердің, сонымен қатар шейх Жүсіп-әл-Кардави мен аятолла Әли ас-Систанидің фәтуаларына (діни-құдайлық қорытындыларына) сәйкес:
1. Кім-де кім сүнниттік төрт мазхабтың өкілдері болып табылса (ханафиттік, маликиттік, шафиттік, ханбалиттік ) шииттік ағымдар джафария, зайдия, сонымен қатар ибадия мен захирияны ұстанса мұсылман болып есептеледі.
Оны сенбеуші деп айыптауға, дүние мүлкіне, абыройына өміріне қауіп тудыруға жол берілмейді. Сонымен қатар, ашаризмді ұстанушылар мен аталар дәстүрін жалғастырушы нағыз сопылықты уағыздаушыларды жазалауға тыйым салынады. Жалпы Жоғары Мәртебелі Аллаһқа және оның Пайғамбарына (Аллаһ оны қолдап, жарылқасын) сенетін, дін қағидаларының ешқайсысын жоққа шығармай сенушілерді, тіптен кез келген мұсылман қауымын атеистер қатарына жатқызуға болмайды. 2. Исламның әртүрлі бағыттарының ішінде көптеген ортақ нәрселер бар. Сегіз ағымды ұстанушылар, Жоғары Мәртебелі Аллаһтың бірлігіне сенетін, Қасиетті Құранға (Аллаһтың жіберген сөзі) және біздің Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Аллаһ оны жарылқап, қолдасын) бүкіл адамзаттың Пайғамбарына сене отырып исламның негізгі ұстанымдарын қолданады. Олар сонымен қатар исламның бес парызын (сенімді нығайту, намаз, зекет беру, Рамазан айында ораза ұстау, қажылық), иманның бес шартын мойындайды. Аллаһқа, Оның періштелеріне, Оның Кітабына, Пайғамбарларына (олардың барлығына бейбітшілік келсін), Ақырет күніне, Тағдырдың Аллаһтан екендігін мойындайды.
Көрсетілген бағыттар бойынша ғұламалар арасындағы айырма-шылықтар негізгі сәттерді емес, тек кейбіреулерін ғана қозғайды. Тіптен, діни ғұламалар арасындағы көзқарастардың әртүрлілігі – оңды құбылыс болып табылады.
3. Исламдық ағымдар туралы білімді игеру дін іліміндегі негізгі әдіснаманы ұстанудың қажеттілігін білдіреді. Исламның әр бағытының өзіндік ерекшелігін талдап білмей тұра, ешкімнің дін мәселесі жөнінде үкім шығаруға құқығы жоқ. Ешкімге өз бетінше діни істермен айналысуға кез келген бағытта арнайы дайындығы болмаса рұқсат етілмейді, немесе жаңа ағымдарды жариялауға, сонымен қатар Шариғат бекіткен Ережелер дін ілімінің қағидаларынан тыс мұсылмандар бекіткен «фәтуалар» шығаруға тыйым салынған.
4. Қыжыраның 1425 жылы болжануы рақметі нұр жауған, алдын-ала анықталған түні қабылданып, Хашимит мешітінде оқылған аммандықтар жолдауының негізгі идеясына оның әртүрлі ағымдар мен бағыттардың қатарында болу мүмкіндігі, олардың өмір сүруін мойындау, оларды ұстанушылардың арасындағы сұхбат пен өзара қарым-қатынасын ретке келтіру қажеттігі туралылар жатады. Бұл, өз кезегінде, өзара түсіністік іздестіруді, төзімділік пен бірін-бірі кешірімшілдік, мейірімділік пен басқаның пікірін құрметтеу екендігін білдіреді.
5. Біз олардың арасында бүліну мен бөлінушіліктің тууына себептер болмауы үшін мұсылмандар арасындағы келіспеушілікті реттеуге, олардың ұстанымдары мен пікірлерінің бірлігіне, өзара сыйластықтарының нығаюына, олардың мемлекеттері мен халықтарынынң ынтымақтастығына, бауырластық байланысты нығайтуға шақырамыз.Аллаһ (оған мадақ болсын) айтты: «Шын мәнінде, дінге сенушілер бауырластар ғой. Сондықтан ағайындардың арасын жарастырыңдар және Аллаһтан қорқыңдар, мүмкін сіздер кешірімге ұшырайсыздар» (Құран, 49:10)
Аллаһқа Мадақ!
Қараңыз: 100