Соңғы кездері терроризм проблемасы халықаралық қатынастар саласымен байланысқан қазіргі таңғы өткір жаһандық проблемаға айналды. Бұл келесі себептермен байланысты: біріншіден, терроризм ғаламшарлық масштабта кеңінен таралуда. Терроризм тек дәстүрлі шиеленіс аймақтарында ғана емес (Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия), сонымен қатар, дамыған және сәтті дамыған әлем мемлекеттерінде де (АҚШ, Батыс Европа) байқалады. XX және XXI ғасырларда жаһандық проблемалардың өршуі әлемдік қауымдастық дамуындағы қазіргі заманғы кезеңінің ерекше сипатына, бүгінгі халықаралық қатынастардың ерекшеліктері мен әлем саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын шындыққа айналды.
Екіншіден, терроризм жеке мемлекеттермен қоса бүкіл әлемдік қауымдастықтарға да қауіпті. Жыл сайын әлемде терроризмнің жүздеген әрекеттері болып, оның салдарынан мыңдаған адамдар өліп және мыңдағаны жарымжан болып қалады.
Үшіншіден, терроризммен күресте тек бір ұлы державаның немесе жоғары дамыған мемлекеттер тобы жеткіліксіз. Терроризимді өршіп келе жатқан жаһандық проблема ретінде жеңу үшін, көпшілік мемлекеттер мен халықтардың, бүкіл әлемдік қауымдастықтың бірлескен күші қажет.
Төртіншіден, терроризмнің қазіргі таңдағы басқажаһандық проблемалармен байланысы ашық және айқын болуда.
Терроризм проблемасына басқа жалпы адами проблемаларының көптеген ерекшеліктері тән: ғаламшарлық масштабта таралуы, шешімді шұғыл қабылдауды талап ететін жағдайлардың болуы, теріс динамизм, адамзат өміріне теріс әсер көбейгенде қолданылуы және т.б.
Терроризмнің анықтаушы факторлары болып, әлемнің жаңа жаһандық проблемалары – мемлекеттер аралық қатынастардың шиеленісулері, әртүрлі діңдердің арасында байланыстар, ғаламшар халқы санының артуы, ұлтаралық қатынастардың өткірленуі, халықаралық қылмыстың артуы, заңсыз есірткі айналымы және т.б. болып табылады [1].
Орталық-азиялық аймақ Еуропа мен Азияның, үш діннің – христиан, ислам және буддизмнің тоғысқан жерінде орналасқан, сондықтан да Орталық Азиядағы тұрақтылық әр кезде бұзылуы мүмкін. Аймақ потенциалды діни-саяси, этникалық немесе билік үшін ашық идеологиялық себеппен ұмтылған күрес шиеленістеріне толы болып келеді.
Барлық аймақтарда терроризм проблемасы әлемдік қауымдастықтар мен жеке мемлекеттер қауымдарының негізгі қызмет сфераларымен байланысты: саясат, ұлттық қатынастар, дін, экология, қылмыстық қауымдастықтар және т.б. Бұл байланыс келесілер жататын терроризмнің әр түрінің болуынан көрініс тапты: саяси, ұлттық, діни, қылмыстық және экологиялық терроризм. Жалпы бүкіл әлемдегідей, Орталық Азияда да саяси террор жасаушы топ мүшелері алдарына белгілі мемлекетте саяси, әлеуметтік немесе экономикалық өзгерістерге қол жеткізу, сонымен қатар мемлекетаралық қатынастарды, халықаралық тәртіпті бұзу деген тапсырмалар қояды.
Терроризмнің діни түрі мемлекетте үстем болып тұрған дінге, діни бағыттарға қарсы басқа дінді ұстанатын, қаруланған топтардың күресімен сипатталады. Жалпы Орталық Азиядағы терроризм проблемалары спецификалық, өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастық ислам дінімен жасырынған терроризм бірінші орынға шығуына қатты мазалануда. Террористік ұйымдар көптеген мұсылмандардың діни сезімдерін пайдаланып, оларды өз жақтарына тартуға тырысуда. Исламдық бағытшылық өкілдері мен қорлары арасында ең белсенді қызметті «Мутакалим», «Ихсан-Хария», «Аль Вакь Аль Ислами», «Ислам жастарыныңбүкіләлемдік ассамблеясы», «Халықаралық гуманитарлық шақыру», «Азия мұсылмандарының комитеті», «Ислам джихадының одағы» атқарады.
Соңғы кездері исламизация қоғамында Сауд Арабиясы, Пәкістан, Иран және Түркия сияқты ислам елдерінен келген миссионерлер белсенділік көрсетуде. Олардың «патронаждарын» пайдалана отырып, «Салафиттер», «Акромидтер», «Ваххабиттер», «Нурджулар» сияқты радикалды бағыттар өз қызметтерін жүзеге асыруда. Салафизм мен ваххабизм – 18 ғасырда Мухаммад ибн Абдуль-Ваххабпен қалыптасқан діни оқыту болып табылады. Теоретикалық негіздері 14-ғасырда арабтық ибн Таймиимен негізі қалаған болатын. Салафизмнің идеологиялық негізі «дінге сенбейтіндерге» қарсы қарулы күрес жүргізу болып табылады (джихад). Ибн Таймии идеяларын діни террористер қазіргі кезде зорлық әрекеттер негіздеу үшін пайдаланылады. Атақты француздық сарапшы Жиль Кепелт «джихат, исламизмнің экспансия мен құлдырауы» атты еңбегі 1997 жылы «Джихад туралы декларацияны» жазуда, еңбектің авторы, барлық мұсылмандарды АҚШ-қа қарсы әскери күреске шақырушы, «Аль-Каида» көшбасшысы Усама Бен Ладен ибн Таймиидың еңбектеріне сүйенгені туралы көрсетеді. Және де ӨИҚ мен ТИҚ-ның көшбасшылары өз әскерлерін идеологиялық дайындағанда ибн Таймии жұмыстарының негізінде құрылған материалдарды қолданған[2]. Сонымен қатар аймақта ерекше қауіпті жыл сайын күшейіп келе жатқан,аймақтағы ең белсенді «Хизбут-Тахрир» діни-экстремистік партиясы төндіруде. Алайда кейбір жағдайларда терроризм сылтауы саяси, экономикалық мақсаттарға жету үшін де пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі таңда ірі державалардың бүкіл Орталықазиялық аймаққа ықпалын артырудағы күресі ушығуда. Бұл күресте барлық әдістер, яғни террорризм де қолданылуы мүмкін. Ресей, АҚШ, Қытай, ЕО мүшелері, Түркия, Иран сияқты мемлекеттер Орталық Азияны өздерінің өмірлік маңызды мүдделері аясына қосуы, әртүрлі себептерге сәйкес аймақтың олардың ұстанатын саясаттарына байланысты маңыздылығының артуы аймақтағы жағдайды шиеленістірді. Осының бәрі еуразиялық құрлықтың Орталық-азиялық бөлігі ірі мемлекеттердің геосаяси мүдделерінің тоғысу сахнасына айналғанын білдіреді. Негізінен Еуразияның әлемдік тарихтағы ерекше орны туралы XX ғ. өзінде айтылған. Танымал ағылшын зерттеушісі Х. Маккиндер «Тарихтың географиялық осьі» атты 1904 жылғы еңбегінде Орталық Азияға байланысты болжау жасаған. Оның ойының негізгі мәні ұлы географиялық ашулар дәуірінен кейін Еуразия арқылы өтетін құрлық жолдарының маңызы артады, аймақтың құрлық жолдарына бақылау жасау үлкен артықшлық береді деп, кейін «Еуразия хартлэнді (Орталық Азия, Орал мен Сібірдің үлкен бөлігі) әлемдік саясатта үлкен орынға ие болады» деген тезиске айналған. Маккиндер ойлары кейіннен басқа геополитик Н. Спайкменмен зерттеліп, «Кім Римлэндті (еуразиялық континенттің периферийлік аймақтары) бақылауда ұстаса, сол Еуразияны басқарады, ал кімде-кім Еуразияны бақылауда ұстаса, ол бүкіл әлемді басқарады» деп тұжырымдаса, З.Бзежинский Орталық Азия аймағын өзінің Еуразия құрлығындағы стратегиялық маңызды орналасуының, бай табиғи ресурстарға ие болуының нәтижесінде, ұлы державалардың мүдделерінің қақтығысуына алып келетін «Еуразиялық Балқан» деп атаған.
Сонымен қатар, терроризм сыбайласқан мемлекеттік шенеуніктер мен саясаткерлер көмегімен қолдау көрсетілетін, трансұлттық қылмыстық ұйымдардың кең қанат жаю процесінің ажыратылмайтын бөлігі де болып табылады. Ағылшын ғылымдарының жұмыстарында кең танылған «Жаһандық трансформацияда» былай деп көрсетіледі: «Халықаралық ұйымдардың теріс формалары да бар, әсіресе, есіртке саудасымен байланысқан террористік және қылмыстық құрылымдар (қазіргі уақытта, сарапшылар бағалауына сәйкес оның жылдық айналымы 300 млрд доллардан жоғары). Олармен күрес барлық әлемнің биліктері мен полиция қызметкерлері үшін маңызды және қиын шешілетін тапсырма болуда». Сөйтіп терроризм себептері әртүлі жағдайларда, әртүрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін [3]. Жалпы Орталық Азия мемлекеттеріндегі кейбір шабуылдар мен олардың себептерін келесідей анықтауға болады: Қырғыстан 2010 жылдан бастап аймақта қарулы шабуылдар жиілей бастады. 2010 жылдың маусымында Ферғана даласының Ош және Джалал-Абад қалаларында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында шиеленіс болды.
Американдық Statfor зерттеуші ұйымының жазуынша Қырғыз билігі экстремисттерді іздеу сылтауымен өзбектер көп шоғырланған аймақтарда бірнеше рейдтер өткізді. Шын мәнінде бұл рейдтер этникалық өзбектерге қарсы бағытталған болатын. Сөйтіп, қырғыз билігі діни экстремизм туралы айтқанда, мәселе шын мәнінде ішкі этникалық және саяси проблемалар туралы болуы мүмкін.
Тәжікстан
Тәжікстанда азаматтық соғыстан кейін кейбір исламдық қозғалыстардың болулары билікке қолайлы, ал кейбір жағдайларда қолайсыз болды. Тәжікстанның исламдық қайта жаңғару партиясы билікке және қауіпсіздік қызметтеріне алынды, Өзбекстанның Исламдық қозғалысы тұншықтырылып, ал олардың мүшелері түрмелерге отырғызылды. 2010 жылы, 10 жылдық тыныштықтан кейін, Душанбеде төтенше уақиға болды – Өзбекстан Исламдық қозғалысының 24 сотталғандары түрмеден қашып, Шығыс Тәжікстанның Рашт даласында жасырынды. Бұл жағдай тәжік билігі исламдық экстремисттерді кінәлаған, тәжік әскерилеріне қарсы шабуылға алып келді. Алайда американдық Statfor зерттеуші ұйымының жазуынша, азаматтық соғыстан бері исламдық экстремистер исламдық ұйымдардан қарағанда, елдің оппозициясына жақынырақ болды. Олардың шығысқа қашулары мынаны: шығыс облыстары билікке келген батыс облыстарына қарсы болғанын көрсетеді. Түрмеден қашу исламдық қозғалыстың өршуін емес, Тәжікстанда кландар арасында саяси күрестің қайта жаңғыруын білдіруі мүмкін[4].
Өзбекстан
Өзбекстанда 2011 жылы аздаған стратегиялық маңызға ие жер, Тәжікстанмен шекарадағы темір жолда жарылыс болды. Билік оны терроризм деп атады, алайдакөптеген аналитиктер Тәжікстанға тауар жеткізуді тоқтату үшін, өзбек билігі жарылысты жасанды жасады деген болжамға келді. Соңғы кездері Өзбекстан мен Түркменстанда шабуылдар саны азайды. Аналитиктер пікірлерінше, бұл ел билігінің исламдық радикализмді өз мақсаттарына қолдану қажеттілігін әзірге көрмей тұрғанын білдіреді[5].
Қазақстан
Қазақстан Ферғана даласынан әлдеқайда алысырақ жатыр, және халқы Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда азырақ діниленген ел. Алайда Қазақстанда 2011 жылдары біраз діни тұрғыдағы шабуылдар болды. Бірақ олар бірден басылып, кінәлілер ұсталып немесе жойылды. Ел территориясы террорризм мен экстермистік бағыттағы діни ұйымдардан тазартылды. Жалпы Қазақстанда терроризммен күрес, оны алдын ала алу шаралары жалғасуда. Терроризм біздің бейбіт халқымыздың психологиясы мен дініне сай емес. Ол Қазақстан мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарамақайшы болып табылатынын елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та атап өткен болатын. Сонымен қатар, көшбасшымыз Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негізде. Ол ұйымдардың мақсаты қоғамның негізін күл-талқан ету, елдің бейбітшілік пен тұрақтылығына шабуыл екенін атап өткен болатын.
Осылайша елбасы Н.Назарбаев Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, Діни экстремизм және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырды. Президент дін мәселесінде ұйымдастырылған, әбден ойласытырылған қадам және мұқияттылық қажеттілігін айтуда [6].
Қазақстанда барлық халықаралық террористік ұйымдардардың қызметіне тыйым салынған. Қазіргі таңда Қазақстан ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытқан және әлі де дамытуын жалғастыруда.
Сонымен қатар, Қазақстан жастары арасында әртүрлі ақпараттық шаралар өткізілуде. Терроризм мен діни экстремизмнің қауіпі туралы түсіндіріп, таза діннен алдамыш бағыттарды айыра білуге, жастардың дін туралы сауаттылықтарын жоғарлатуға бағытталған әртүрлі жастарға пайдалы шаралар қолға алынуда. Жалпы қазіргі таңда Қазақстанда ешқандай күшті террористік ұйымдар жоқ. Бұрындары қызметін жүзеге асырмақшы болған ұйымдар елден қуылып, ұсталып немесе қызметі жойылған. Бұдан Қазақстанда терроризммен күрес қолға мықты алынғанын байқауға болады. Жалпы Исламдық топтар Орталық Азияның кейбір басқа елдерінде әрине бар, бірақ күшті ойыншылары жойылған немесе ауған-пәкістан шекарасына ысырылған деген айғақтар бар. Мәселен, 4-тамызда Пакистанда Өзбекстан Исламдық қозғалысының көшбасшысы Абу Усман Адиль өлтірілді деген ақпарат таратылды[7]. Жалпы терроризмнің ерекше жаһандық проблемасы бар – ол оның қиын болжамдылығы болып табылады. Көп жағдайларда психикалық арсы-күрсі мінезі бар адамдар, аса ызақор саясаткерлер немесе материалды хал-жағдайы өте нашар, білім сауаттылығы төмен адамдар терроризм субъектілеріне айналады. Сонымен, терроризм халықаралық аренада және халықаралық қатынастарда көбінде басқа әдістермен қол жеткізу мүмкін болмай тұрған жағдайларда, өз
мақсаттарына қол жеткізу әдісі ретінде қарастырылуда. Сөйтіп, қазіргі заманғы жағдайларда террористік қызмет формалары күрделі болып, олар жалпы адамзат құндылықтарымен және әлемдік даму логикасымен үлкен қарама-қайшылыққа түсуде. Осылайша, терроризм проблемасы әлемдік қауымдастыққа шынайы қауіп төндіруде. Өзін басқа жалпы адами қиындықтардан ерекшелейтін, өзінің жеке ерекшелігіне ие. Сонымен қатар, террорризм проблемасы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың көптеген жаһандық проблемаларымен тығыз байланысты. Соңғы террористік әрекеттер, бәрінен бұрын 2001 жылдың 11-қыркүйегіндегі Нью-Йорк қаласындағы трагедиялық оқиға, өзінің масштабы мен әлемдік саясатқа әрі қарайғы әсер ету көлемі бойынша адамзат тарихындағы бұрын сонды болмаған жағдайға айналды. XXI ғасырдың басында болған терактілерден зардап шеккендердің саны, бүліншіліктің өлшемі мен сипаты қарулы шиеленістер мен жергілікті соғыстардың зардаптарымен бірдей болып шықты. [8].
Сонымен, қазіргі таңда Орталық Азияның кейбір аймақтарындағы терроризмнің проблемалары тек дербес феномен ретінде ғана қарастырыла алмайды. Ол шешімінен адамзат өркениетінің әрі қарайғы өмір сүруі тәуелді болатын, соғыс және бейбітшілік фундаментальді мәселелерімен байланысқан, жалпы әскери-саяси жаһандық проблемалардың негізгі маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан бұл жауыздыққа қарсы күресте әрбір саяси билік қоғамның қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, біріккен өзара қимылдарды күшейтіп, ішкі және сыртқы қауіптерді жоюды жалғастыра беруі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сатпаев Д.А. Терроризм как явление политической жизни // Саясат – 1999.-№3-с.10-13.
2. Артур Медетбеков: Угрозы терроризма и религиозного экстремизма в Центральной Азии. 2011-01-26. http://thenews.kz/2011/01/26/702086.html
3. Верезгова И.В. Современный терроризм как международный фактор // Вестник МГУ. Сер. 12. Политические науки. – 2012. – № 6. – С. 32-41.
4. Душанбе: Сбежавших из тюрьмы россиян боятся больше всего. «Побег века» из СИЗО потряс всю Среднюю Азию и напугал президента Рахмона. Антон Размахнин
http://svpressa.ru/society/article/29356/23.08.2010 г
5. Айшет АНДРУХАЕВА. Экстремизм в Центральной Азии через призму борьбы за власть. 14.08.2012. http://rus.azattyq.org/content/taliban-islamism-extremism/24674826.html
6. Назарбаев: Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде қылмыстық негіз бар.
7. Узбекские исламисты заявили о смерти лидера http://world.lb.ua/
news/2012/08/05/164161_uzbekskie_islamisti_zayavili_smerti.html
8. Дершовиц А. Почему терроризм действует. – М.: РОССПАН, 2011. – 256 с.
Джайлаубаева А.Б.