ЛИТЕР-Неделя: Осыдан бірнеше жыл бұрын бізге ешқандай қауіп төндірмейді деп түсінілетін дін мәселесі соңғы уақытта неге ушығып кетті?
З.Ш.: Егер осыдан бес жыл бұрынғы біздің институтта жүргізілген зерттеулерге жүгінетін болсақ, онда оларда діни экстремизмнің жасырын қаупі бар екені көрсетілген болатын. Оған себеп болатын нәрселер көп, олардың ішіндегі бастысы – Қазақстанның геосаяси жағдайы болып табылады. Біз Орталық Азияда болғандықтан осы аймақта болып жатқан үрдістерден тыс бола алмаймыз. Алдымен, ол исламның пәрменденуі және исламның басты дін ретінде танылған мемлекеттердің пайда болуы. Ал, енді зайырлы мемлекет ретіндегі Қазақстанда қайшылықтар болмауы мүмкін емес еді.
ЛИТЕР-Неделя: Бізге белгілі болғандай, күрделі мәселелерді зерделеу үшін енді арнайы дінтану институты ашылатын секілді.
З.Ш.: Әзірге дербес институт құрылмайды. Ондай институтты қалыптастыру үшін бұл мамандық бойынша нақты дайындығы бар ғалымдардан тұратын жақсы база керек. Өкінішке орай, Қазақстанда бұндай мамандық жақында ғана пайда болды. Жақында ғана дінтанушыларды даярлай бастадық. Бес жыл бұрын ғана бұл мамандық бойынша алғашқы мамандар шыға бастады. Әзірге арнайы институт ұйымдастыру себептері бойынша қалыптаса қоймады. Бірақ Философия және саясаттану институты (дегенмен дінтану осы ғылымдарға жақын) Философия, саясаттану және дінтану институты деп қайта құрылуы мүмкін. Мұнда мықты дінтану бөлімін қалыптастыру жоспарланып отыр.
ЛИТЕР-Неделя: Конференцияда ислам радикализмі қазақтың ішкі бірлігіне теріс әсер етеді деп айтылды, өйткені көбінесе радикалдар уағыздаған құндылықтар қазақ халқына жат. Осы қауіптенулер қандай шамада әділетті?
З.Ш.: Дегенмен, біздің мемлекетіміз бұл сын-қатерлерге уақытылы және тиісті жауап бере білді. Діни бірлестіктер жөніндегі жаңа заңның қажеттілігі туралы пікірсайыстар толғағы жеткен дүниелер болатын. Біз БАҚ-тағы, халық ішіндегі, конфессиялардағы талқылаулардан, мәжілістің, сенаттың қабылдануынан, президенттің қол қойылуынан кейін заңның жылдам қабылданғанына куә болдық. Бұл оның өте қажет және уақытылы екендігін білдіреді. Жобаның ең басты мәні – Қазақстан исламы – ханафиттік сипаттағы ислам. Осы ұстанымды заңды түрде тұғырландыру Қазақстанның исламдық жамағатын бекіте түседі, сонымен қатар дін істері бойынша агенттіктің осы бағытта белсенді жұмыс істеуіне, дұрыс насихат жүргізуіне және қазақтар үшін дәстүрлі емес құбылыстарды електен өткізуге мүмкіндіктер береді.
ЛИТЕР-Неделя: Конференцияда Қазақстан мұсылмандары-ның рухани діни басқармасының атына радикалдар тарапынан болатын сын-қатерлерге өте әлсіз жауап береді деген негізде көптеген сындар айтылды. Осы тұжырымдармен Сіз келісесіз бе?
З.Ш.: Менің пайымдауымша, ҚМДБ өте күрделі жағдайда қалды, өйткені тұрғындармен жұмыс істеу өте күрделі іс. ҚМДБ-да конфессияларға тән көптеген дәстүрлі қызметтер болды. Адам қашан имамға жүгінеді? Жақынын жерлеу кезінде, жаңа туған нәрестеге және жаңа үйленгендерге ақ бата аларда қажетсінеді. Бұл кәдуілгі сәттер. Ал, енді шынайы сенім – бұл жай ғана дәстүрлерден біршама кеңірек. Қазіргі кезеңде имамдарды даярлау үрдісі өте маңызды. ҚМДБ осыменен қазіргі таңда белсенді түрде айналысып жатқанын білемін. Бұл санадағы өте жақсы бетбұрыс. Мұсылман дінбасылары арасында Құранның сүрелерін жай ғана жаттап алып, арнайы діни білім алмағандардың қатары көп екендігін айтып кеткен жөн. Олар сыртқы қызметтермен айналысуы мүмкін. Ал бүгінгі таңда олардың алатын білімдеріне ерекше назар аударылуда.
Бір жағынан, сын әділетті түрде айтылды. Екінші жағынан, біз көптеген пайдалы жаңалықтарды көріп отырмыз, белсенділік арта түсуде. Жоғарғы мүфти ол туралы көп айтады, әсіресе, киім туралы, салттарды атқару жайлы.
ЛИТЕР-Неделя: Мұсылмандардың радикалдануын қалай тоқтатуға болады?
З.Ш.: Қазіргі уақытта дәстүрлі емес және радикалды діндер бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді қолданады: ғаламтор,әлеуметтік байланыстар, блогтар – жалпы жастар негізінен белсенді келетін салаларды таңдайды. Әрине, бүгінде діни каналдарды, мүсылмандық сайттарды және т.б. қалыптастырудың көптеген нұсқалары келтірілді. Жастар бүгінгі таңда аға ұрпақпен салыстырғанда басқаша құралдарды пайдаланады. Атап айтқанда жастар «жаңа діндер» деп аталатындар мен секталардың ықпалдарына көбірек түседі.
ЛИТЕР-Неделя: Дәстүрлі емес діндермен күресу барысында ұждан бостандығына деген адам құқығын қалай бұзбауға болады?
З.Ш.: Бірінші ұстанымды конференцияда «әр нәрсені өз атымен атау керек» деп профессор Косиченко өте нақты білдірді. Терроризмді ауыр қылмысты істер қатарына жатқызу керек. Міндетті түрде. Адам басқаны өлтіретін болса, өртейтін болса, ұлтаралық және конфесияаралық араздыққа шақыратын болса, онда заңды бұзады. Ол өзін қандай түске бояса да және қандай діни немесе саяси киім киіп алса да білініп қалады. Ол заңды аттап кетті және ол қылмыскер болып саналады. Жаңа заң осы жайларды жіктемелеуге мүмкіндіктер береді. Кез келген сенімді ұстануға көп мүмкіндіктер бар, тек ол физикалық, психикалық, әлеуметтік тұрғыда адамдардың денсаулығына зиянын тигізбесе болды. Отбасының ыдырауы туралы көп айтылды. Бүгінгі таңда деструктивті діни ағымдардың өкілдері отбасыларға жиі ішкі ойын білдірді. Қарттар мен кедей адамдардың ең соңғы құрбандықтарының есебінен ұйымдастырылған қайырымдылық түріндегі түскі асты арқылы, жағымды және қолайлы имидж жасау әрекеттері мысал ретінде келтірілді. Осындай секталардың іс-әрекеттерінен зардап шеккендер жоғарыдай жағдайларды айтады.
Шын мәнінде бұл жерде мемлекет тарапынан да дінтанушылар тарапынан үлкен ағартушылық жұмыстар жүргізілуі керек. Қазіргі таңда Қазақстанда дінтану пәні бойынша бірнеше оқулықтар шығарылғаны белгілі, дегенмен олар да сынға ұшырауда. Оларда келтірілген тұжырымдармен кейбір ұйымдар келіспей отыр. Осы жағдайларға қарамастан осы немесе басқа ұйымдардың немен айналысатыны, олардың негізін қалаушылар кімдер, кім оларды насихаттайды және т.б. осындай қарапайым нәрселерді халықтың білуіне көмектесетін жөнсілтердің қалыптасу талабының өзі маңызды. Адамдар тиісті таңдау жасау үшін көбірек ақпарат алуы керек: сонда «сайентолог болу керек пе, «Иегова куәгері» болуы керек пе, Мунның сектасына бару керек пе?» деген сауалдарға ұтымды жауап табады. Қиын жағдайларға түспеуі үшін барлық ұйымдар жөнінде көбірек ақпарат алу керек.
ЛИТЕР-Неделя: Көп адамдарда дәстүрлі емес діндермен күрестің астарында дәстүрлі діндерге сенушілердің қатарын көбейту үшін күрес жатыр ма деген шүбәлану бар.
З.Ш.: Иә. Белгілі протестанттық уағыздаушы Максим Максимов туралы кейбіреулер «оның орны түрмеде» десе, басқалар оны экстремизмге қарсы күреске тартуға болады дейді. Әрине, адамдарға дәстүрлі ортада өмір сүрген үйреншікті болып келеді. Бұл жерде өзінің дінге сенушілері дәстүрлі ауқымда қалуына байланысты конфессиялардың жетекшілері үлкен жауапкершілікті көтеруі керек екенін атап өтуге болады. Басқа жағынан алғанда, қазіргі кезеңде өзгеше уақытта өмір сүріп жатқанымызды түсінуіміз керек. «Бір халық – бір сенім» деген тұжырымдама, яғни егер сен қазақ болып туылсаң, онда мұсылмансың, немесе орыс болып туылсаң, онда христиансың деген түсінік қатаң түрде жұмыс істемейді. Қазіргі таңда әлем көптүрлілігіне байланысты адамда таңдау мүмкіндігі бар. Бұл жерде, менің пайымдауымша, өзара қарама-қарсы қоюшылық болмауы тиіс. Әлем әралуан және діндер өмір сүруге құқылы. Дегенмен, дәстүрлі діндердің пайдасы неде – олардың көп ғасырлық даму тарихы бар. Сонымен қатар дәстүрлі діндер бүгін икемдірек жұмыс істеуі керек. Профессор Косиченко айтқандай, бүгінгі таңда мемлекеттің, биліктің және жан дүниенің тілегін дұғамен тілеу керек.
Діндермен күресу – тығырыққа тірейтін жол. Біз «күрес» деген сөзді қолдамаймыз. Тіптен, бүгінгі конференцияның атауының өзінде – «қарсы әрекет ету» деген ұғым қолданылады. Маған «сақтандыру» деген ұғым жақынырақ. Артынан қымбат дәрілермен емдегеннен гөрі, ауруды асқындырып алмаған жөн. Кейде ауру асқынып кетуі де мүмкін, одан кейін оны емдеу де қиынға соғады. Бірақ, дегенмен біздің дәстүрлер, біздің тамырларымыз дәстүрлі емес діндердің гүлденіп кетуіне жол бермейді деген ойдамын.
Философия және саясаттану институтының директоры З.К. Шаукенованың “ЛИТЕР-Неделя” газетіне берген интервьюі,
Әңгімелескен Константин Козлов
www.liter.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8355&Itemid=210