Әділбаев Алау,
Нұр-Мүбарак Мысыр Ислам мәдениеті университетінің доценті, РҺД докторы, исламтанушы
Ислам мен терроризм – кереғар ұғымдар
Ислам – рақымдылық діні
Ислам – бейбітшілік пен қауіпсіздік діні. Исламды терроризммен тең санау тарихи қателік әрі исламға жасалған ең үлкен қиянат болып табылады.
Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, . рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде ең соңғы, кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні. Сөздеріміз жалаң ойдың шетінде жар тіреп қалмас үшін Ислам бүл мәселеге қаншалықты мән бергенін оның ең басты қайнар көздері саналатын Құран мен сүннетке назар салып қарайық.
Мейірім мен рақым – жалпы жаратылыстың түп негізі. Абай атамыз айтқандай «махаббатпен жаратқан адамзатты» Аллаһ тағала аса мейірімді және тым рақымды. Құрандағы барша сүре «Бисмиллаһир- Рахмани-р-Рахим» деп басталуы ең алдымен Ислам дініндегі Аллаһ түсінігінен хабар беріп түр. Жаратушының Рахман және Рахим есімі рақымдылыққа тән бүкіл сипаттарды қамтиды. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі де Аллаһтың Рахман есімін дәріптейді. Аллаһ тағала осы Рахман есімі арқылы пенделерін мұсылман, кәпір деп бөліп жармай, қаншама күнә жасап, астамшылық танытса да жарылқап, ризық – несібесін беруде. Аллаһ тағаланың мейірімі күллі болмыс атаулыны қамтиды («Ағраф», 156-аят). Сондықтан Құранда Аллаһ тағаланың мейірімділігі мен рақымдылығына байланысты аяттар өте көп («Бақара», 163-аят, «Али Имран», 129-аят, «Зумәр», 53-аят, т.б.).
Құранда: «Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік»[1] деу арқылы Пайғамбарымыздың жіберілуінің мақсатын айқындап берген. Пайғамбарымыз да өз кезегінде рақымдылықтың керемет үлгісін түбітті жібекке айналдырған шебер секілді көрсетіп кетті және мұсылмандарды мейірімділік пен рақымдылыққа шақырды. Ол бір хадисінде: «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды» – дейді[2]. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бүл хадисінде «адамдар», «мұсылмандар», «салиқалылар» деп бөлмеген. Олай болса, мейірімділік пен рақымшылық бүкіл жаратылысты толық қамтиды. Жер бетіндегілерге мейірімділік жасау шексіз рақым иесінің разылығына бөлейді. Пайғамбарымыз: «Аллаһ адамдарға мейірімділік танытпаған дарға мейірімділік көрсетпейді»[3] – деген. Мейірімділік – адам болумен қатар иманның да қажеттілігі екенін Ибн Аббас арқылы жеткен мына бір хадистен байқауға болады: «Мейірімді, жұмсақ жүректі болмайынша иман еткен боп саналмайсыңдар». Тағы бір хадисте: «Мейірім тек қана бақытсыздың (иманнан нәсіпсіз) ғана жүрегінен алынып тасталған»[4]деу арқылы бірінші хадистің мағынасын аша түседі. Пайғамбарымыз тағы бір хадисінде мұсылманды «оның қолынан және тілінен өзгелер зиян шекпеген жан»[5] деп сипаттаған.
Сол үшін нағыз мұсылман осы айтылған қағидаларды бәрінен жоғары қойып, Ислам пайғамбарының мейірімге толы ғұмырын терең біліп, одан үлгі алуы керек. Исламда сенім және ар-ождан бостандығы Ислам дінінің негізгі дәстүрі бойынша дінді зорлықпен қабылдату жоқ. Себебі әр кім иманға өз қалауымен, ықыласпен келуі керек («Бақара», 256-аят). Құранда адамдар арасындағы түрлі сенімдердің болуы арнайы Аллаһ тағаланың қалауы ретінде қарастырылған. Мысалы, «Худ» сүресінде: «Егер Жаратқан Иең қалаған болса, адамдардың барлығы бір үмбет (бірдей сенімде) болар еді. Бірақ олар үнемі әртүрлі жолды ұстануда» («Худ», 118-аят) десе тағы бір аятта бүл шындық «Егер Жаратқан Иең қаласа, жер бетіндегі адамдардың барлығы тегіс иман келтірер еді» («Юнус», 99-аят) деп баяндалған. Сондықтан ислам тарихында дінге зорлықпен кіргізу болмаған.
Құранда басқа дін өкілдеріне әділдік танытуға ешқандай қарсылық жоқ екені анық айтылған:«Аллаһ тағала дін жайында сендермен соғыспаған және отандарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық жасауға, әділ болуға тыйым салмайды. Өйткені Аллаһ тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді» («Мумтахина» сүресі, 8-аят)
Пайғамбарымыз да басқа дін өкілдеріне тізесін батырмай, әділетті болу керектігін үмбетіне ерекше ескертіп, бір хадисінде «Кімде кім бір зиммиға (мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдері) қиыншылық көрсететін болса, мен ол адамның дұшпанымын. Ал мен кімнің дұшпаны болсам, онымен ақырет күні жеке есептесемін» дейді. Басқа бір хадисте: «Кімде кім біздің қарамағымыздағы зиммиді өлтірсе, жәннаттың исін де татпайды»[6] деп мұсылмандарға зұлымдық жасауға қатаң тиым салған.
Ислам құқығында мұсылмандарға кейбір артықшылықтар берілсе де, жалпы құқық пен бостандық тұрғысынан алғанда ала қойды бөле қырқатындай алалаушылық болмаған. Осы тұрғыда Пайғамбарымыз бен әділ халифалар кезеңінде және кейінгі мұсылман басшыларының өмірінен де олардың қара қылды қақ жаратын әділдіктің туын биікте желбіретіп өткендігіне куә бола аламыз. Мысалы халифа Омардың (2- халифа) тұсында әділдігімен танылған Әбу Үбәйда ибн Жәррах Сирияға әкім болып тұрған кезінде оның мейірімділігін тек мұсылмандар ғана емес, христиандар да көрді. Сондықтан да христиандар оған адал қызмет етіп, дұшпандық пиғылдарды оған алдын ала білдіріп отырған. Тіпті Рим императоры Ираклий Сирияны өзіне қаратпақ болғанда христиандар: «О, Жаратқан! Мұсылмандармен бірге бізді қанқұйлы Гераклийдің жауыздығынан құтқара гөр!»[7] деп мұсылмандар үшін дұға жасаған болатын.
Әбу Бәкір Сарахсидің 30 томдық «әл-Мабсут» атты шығармасында, Әбу Ханифадан кейін Ханафи мазхабының үлкен ғалымдарының бірі саналған Имам Әбу Юсуфтың аббаситтердің билігі кезінде бас қазы міндетін атқарғандығы жайлы дерек бар. Өмір бойы әділдіктен таймаған осы Әбу Юсуф өлім аузында жатып, қазылығы кезіндегі бір оқиға үшін Аллаһтан кешірім тілеумен болады. Бұл оқиғаны ол былайша баяндайды: «Бір христиан халифаның үстінен шағымданды. Екеуін де сотқа шақырдым. Бірақ, халифаны өзіме жақындау отырғыздым. Шағымданушы христиан халифаның артында ұзақтау бір жерде тізе бүкті. Екеуінің ортасында толық әділдік көрсете алмағандықтан қатты пұшайманмын. Аллаһтың мені жарылқауын тілеймін»[8].
Көптеген елдер өз патшаларының, тіпті, оз діндестерінің зұлымдығынан құтылу үшін мұсылмандардан пана тілеп, мемлекетті басқару билігін оз еріктерімен мұсылмандардың қолына берген болатын. Испанияның мұсылман болуы мен Балқан түбегіндегі мемлекеттердің исламды қабылдауы секілді тарихи жағдайлар бұған куә[9].
Ислам діні адамдарға осындай сенім бостандығын танығандықтан ислам тарихында басқа дін өкілдерін қырып жою, кемсіту, геноцид секілді қанкүйлы оқиғалар болған емес. Қанша ғасыр бойы мұсылман мемлекетінің құрамында болса да көптеген араб елдерінде христиандар әлі күнге дейін сау-саламат ғұмыр кешуде. Мұсылмандар олардың діндеріне, тарихи жәдігерлеріне мүлдем тиіспей, мешіттерді қалай сақтаса солай сақтап қалған. Мысыр, Түркия, Сирия сияқты елдерде шіркеулер әлі күнге дейін сақталған.
Олай болса, ғасырлар бойы ғылым мен әлемдік өркениеттің қалыптасуына ауқымды үлес қосқан Ислам діні қалайша кенеттен терроризммен қатар атала бастады? Соның негізгі себептеріне тоқтала кетейік.
«Жиһад» ұғымының бұрмаланып көрсетілуі
Қазіргі таңда Исламды терроризммен байланыстыруға жол ашқан себептердің бірі Исламдағы «жиһад» ұғымының бұрмаланып көрсетілуі болып табылады. Ол – әрі кейбір мұсылмандар, әрі басқа дін өкілдері тарапынан бұрмаланып, бұрыс түсініліп жүрген басты ұғымдардың бірі. Араб тіліндегі жиһад сөзі «алға қойған мақсатқа жету үшін күш-жігер жұмсау», «талпыну», «тырысу» деген сияқты мағыналарды қамтиды. Жиһад сөзі батыстық ақпарат құралдарында негізгі мағынасынан бұрмаланып «қасиетті соғыс» деп аударылып жүр. Ал бұндай ұғым Исламда жоқ. Жиһадты мұсылман ғалымдары негізінде үлкен жиһад және кіші жиһад деп екіге бөледі. Үлкен жиһад деп адамның Кемелдікке көтерілуіне кедергі келтіретін ең үлкен дұшпаны нәпсімен күресіне байланысты айтылған. Ал кіші жиһад көбіне материалдық тұстарды қамтиды. Қысқаша қайтарсақ, мұсылманның адамдармен қатынасында барлық амалдарын Аллаһ тағаланың ризашылығы үшін жасауы осы ұғымның аясына кіреді, ал Оның ризашылығына бастайтын жолдар аса көп. Сол тұрғыдан қарастырсақ қолға қару алып соғысу мұның азғантай бір бөлігі ғана. Ол діннің ең негізгі элементі емес. Оның өзінде де белгілі қағидалармен шектеліп, жүйеленген және оның басты мақсаты зұлымдыққа қарсы тұру.
Исламда тек белгілі қағидалар шеңберінде қорғануға рұқсат етіледі. Ислам соғысты мейлінше шектеп, әділдік пен бейбітшіліктің болғанын қалайды[10].
Сонымен қатар, жеке адамдар мен кейбір топтардың өз бетінше жиһад жариялауға ешқандай құқы жоқ. Соғысты тек қана мемлекет жариялай алады. Міне, қазіргі таңда ат төбеліндей кейбір лаңкес кері тартпалардың жасап жүргендері Исламға мүлдем үйлеспейтініне бүкіл ислам ғұламалары бір ауыздан келіседі.
Кейбір мұсылмандар мен «исламдық ұйымдардың» Исламды лаңкестік діні ретінде түсінулерін Исламнан емес адамдардың қате пайымдарынан және басқа да себептерден іздеу керек.
Ислам діні және террорлық актілер
Жалпы террордың ұлты да, діні де жоқ. Сол тұрғыдан мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес. Ислам дінінің терроризм, экстремизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Соған қарамастан батыстық бұқаралық ақпарат құралдары Исламды терроризммен байланыстыруға құмартып тұрады. Мұндай лаң әкелетін лас әрекеттерді жасап жатқан тек мұсылмандар ғана ма? Мысалы, Токиода метрода улы газ шашып, қаншама адамның өліміне апарып соқтырған «Аум Сенрике» сектасының жасағандарын ешкім «Будда терроризмі» деп атаған жоқ. 2000-2004 жылдар арасында Испанияда бірнеше жарылыстар болды. Бірақ оны ешкім сол елдің дінімен байланыстырған жоқ. Бұзақы топтардың аты аталып, түсі түстеліп анықталды[11].
Аборт жасату клиникаларын жарып жіберген христиан фанатиктерін немесе Изак Рабинді және «әл-Хиләл» мешітінде жұма намазын оқып жатқан мұсылмандарды өлтірген Др. Браус Голдстейн тәрізді уаһудей фундаменталистерінің жасағандарын да ешкім сол діндерімен байланыстырған жоқ[12].
Ислам діні бойынша «Бейкүнә бір адамды өлтіру – күллі адамзатты өлтірумен тең»[13] Бұл ереже қасиетті Құранда айтылған. Бейкүнә адамды өлтіру – үлкен күнә. Тіпті барлық ережелер мен тепе-теңдіктердің астаң-кестеңі шығатын соғыс кезеңінің өзінде жазықсыз адамдарды өлтіруге тыйым салынған. Пайғамбарымыз соғысқа кетіп бара жатқан қолбасшыларына мынандай ескертулер жасаған: «Аллаһтың атымен жолға шығыңдар. Аллаһ жолында күресіңдер. Соғысатын адамдарыңмен араларыңда келісімдер бар болса, оны қадағалаңдар. Шектен шықпаңдар, соғыс кезінде өлтірген адамдарға «мүсле» (өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кеспеңдер) жасамаңдар. Балаларды, әйелдерді, қарт кісілерді, ғибадатханалардағы адамдарды өлтірмеңдер».Тіпті жараланған жау әскерлерінің өзіне көмек көрсетуді бұйырып, ағаштарды, егін алқаптарын өртеуге тыйым салған[14]. Ислам дінінің бүл дәстүрін Пайғамбарымыздан кейін келген халифалар мен басшылар қатаң ұстанып отырды. Бүл ерекше мән берерлік жәйт.
Жоғарыда да атап өткеніміздей, бейбіт бейкүнә адамдарды өлтіру Ислам діні тұрғысынан үлкен күнә болып саналады. Мейлі ол отаршылдарға қарсы күрес болса да оны ақтау мүмкін емес. Бұл мәселеде бүкіл мұсылман ғалымдары Ю. Қардауи, әл-Азһар шейхы Мухаммад Саид Тантауи, Аятуллах Насыр Макарим Ширази, Сауд Арабия мүфтиі Абдулазиз Абдуллах ибн Мухаммад Али Шейх, жазушы Мухаммад ас-Сафир, Абдулмути Байюми лаңкестік жанкештілік оқиғаларын бір ауыздан кінәлап, оны жасаушылардың істерінің Исламға қайшы екенін айтқан болатын[15].
Қала берді, Қасиетті Құранда: «Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!»[16], – деу арқылы адамның өз-өзін өлтіруіне де қатаң тыйым салынған.
Адам өлтірген пенде жұмаққа кіре алмайды. Бейкүнә адамдарды өлтіру арқылы Аллаһ тағаланың разылығына бөленемін деу барып тұрған азғындық пен үлкен қателік. Ал әрбір мұсылманның басты мақсаты Аллаһ тағаланың разылығына бөлену.
Олай болса, лаңкестік әрекеттерге барушылар кімдер? Олардың басым көпшілігі өз саласының тар аясынан шыға алмаған, діни білімі таяз кісілер екенін көруге болады. Ол топтың жетекшілері діни сауаты бар ғалымдар емес. Олар тіпті әл-Азһар университеті немесе басқа да терең білім беретін діни медреселерде білім алушыларға да оң көзбен қарамайды. Бүл – барлық керітартпа топтарға тән психология.
Терроризмді тудыратын негізгі факторлар
Терроризмнің исламдық санамен ешқандай байланысы жоқ. Діни сана терроризм тудыра алмайды. Өйткені Ислам дінінің қоғамда беделі күшті болған кезде лаңкестік деген орын алмаған. Терроримзді тұрдырған модернистік сана деп айтсақ қателеспейміз (фашизм, атеизм мен әсіре коммунизмді де тудырғаны сияқты).
Қазіргі таңда Ислам атына жабылып жатқан жала қай жағынан алып қарағанда да оның рухына жат. Әсіресе, «11-қыркүйек» оқиғасынан кейін батыс бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар Ислам мен терроризмді бір етіп көрсетіп, адам санасына сіңіруге тырысуда.
Негізінен мұсылмандардың Батыс әлеміне күмәнмен қарауының тарихи тамырлары тереңде. Мысалы:
Батыс әлемінің отарлау саясаты;
Тәңір атынан жасалған кресшілер жорығы;
Ислам дінінің азаттық жолындағы күресте басты қозғаушы күш болуы және христиандық батыс әлеміндегі Исламның бұрмаланған образды мұсылмандардың батыстықтарға сын көзбен қарауына басты түрткі болып табылады.
Батыстың екі үшті саясаты; Ирактағы қаншама зардап шегіп жатқан балалардың қайғылы тағдырына көз жұмуы, Израиль мен Үндістанның қарулануына көз қысып, Пакистан, Иранға жасалып жатқан қысымдар, Босниядағы этникалық тазалау кезінде үнсіздік танытуы, деспоттық режимдерге қолдау көрсету, 1999 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі террористік ұйымдарды жариялаған кезде ескі совет одағында іс-шараларын жүргізіп жатқан экстремистік ұйымдардың және Ирландия республикалық армиясының осы тізімге кірмей қалуы т.б. толып жатқан жағдайларды тізбектей беруге болады[17].
Жаулап алушылық маңызды себептердің бірі болумен қатар бұған итермелейтін басты факторлар:
білімсіздік пен жұмыссыздық;
сол ел басшыларының залым биліктері, негізгі басшылық буынның шетелдіктерге бағыныштылығы;
табыстың әділетсіз бөлінісі;
ел мүддесіне құрылған саясаттың болмауы;
демократиялық даму жолдарының жабық болуы деген сияқты көптеген себептерді келтіруге болады. Мысалы, Батыстың одақтасы болған Сауд Аравия патшасы Фахд демократияны қаламау себебін «халықтың алдында жауап беретін бір жүйе Исламға жат» деп білдірген. Негізінде бүл сөз тек оның емес мұсылман елдерін басқарып отырған басшылардың көбінің бақылаусыз билік жүргізгісі келген ниеттерін көрсетеді[18].
Лондонның қала әкімі Кен Ливингстон: «Батыс әлемінің мұнайға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 80 жылдан бері Араб елдерінің істеріне араласудамыз. Егер 1. Дүние жүзілік соғыстан кейін Орта Шығыстағы мұнай қойнауларын басқарып – қадағалаудың орнына уәде еткеніміздей бүл жердің басшылықтарына бостандық беріп, тек қана мұнайды сатып алып отырсақ, қазіргі қайғылы оқиғалар болмас еді» деп қазіргі болып жатқан оқиғалардың себептеріне ишарат жасайды. Сонымен қатар Ливингстон ағылшын жастарының көпшілігінің АҚШ-тың Израилді қолдауы және Гуантанамодағы ешқандай қылмыстары анықталмаған жүздеген кісінің тұтқында ұсталуы ретінде пайда болған Батыстық екі үшті саясатты жақтамайтындығын айтуда. Бұған Әбу Гирейб және басқа да түрмелердегі зорлық – зомбылықтармен қатар АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми түрде мойындаған Құран-Кәрімге қарсы жасалған масқаралық әрекетті де қосады[19]. Әрине, бүл себептердің ешқайсысы бейбіт адамдардың өліміне жол ашқан оқиғаларды ақтап ала алмайды. Бірақ Гүл лаңкестікке бастайтын факторлар екендігі шындық.
Мұсылман елдеріндегі қарапайым халық арасында мұсылман ғалымдарының беделінен гөрі исламнан терең ілімі жоқ, өзін «Исламның қорғаушысы» санаған кейбір адамдар мен топтардың сөзінің өтімдірек болуы да террорлық актілердің күшеюіне өзіндік ықпалын тигізуде. Олар Ислам ілімдерінің негізін білмегендіктен әлемдегі оқиғаларға саяси призмадан қарап, баға береді. Сондықтан олардың пікірлері Батыс пен Шығыс арасына іріткі тастап, арандатып, араздық отына май құйып, маздата түс’еді.
Сонымен қатар қандыбалақ террорлық әрекеттерге итермелеген негізі факторларға мұсылман әлемінің соңғы бір ғасырдағы басынан өткерген бөлінушілік, Батыс әлемінің өзгелерден оларды төмен санауы, алалау, отарлау саясаты, мемлекеттік террор, геноцид, жаппай қырып-жою сияқты себептерді де қосу керек.
1980-2004 жылдар арасында болған өзін-өзі өлтіру акцияларын зерттеген Роберт А. Пейп (Раре) бүл оқиғаларды алғаш бастаушылардың марксистік ұйым болған Тамил жолбарыстары қолданғандығын, ұлтшыл марксист палестиналық ұйымдар бүл дәстүрді Шри-Ланкадағы терроршыл Тамил ұйымдарынан үйренгендігін және әлемде болып жатқан бүкіл осындай жанкештілік оқиғаларының негізгі себебінің діни сенімдер емес, оз отандарының азат болуы үшін жасалып жатқандығын соңғы 20 жылдың тәжірибесіне сүйене отырып, басқыншы әскерлер кеткен кезде бұл лаңкестік акциялардың пышақ кесті сап тыйылғанын айтады[20].
Кейбір аздаған топтардың әрекеттері жаңылыстықпен жалпы мұсылмандарға телініп, Ислам діні терроризм ретінде көрсетілуде. Исламды құбыжық етіп, терроризммен қатар қойып, қаралау Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында қарқынды жүріп жатыр. Тіпті жағдай мүшкіл дәрежеге жеткені соншалықты исламдық қозғалыстарды жамандамау да дұшпан жағында болумен бірдей саналатын болды[21].
«Жаһандық терроризмге қарсы күрес» және әлемдік саясат
Жаһандану дәуірінде жаһандық билік үшін арнайы тәсілдер арқылы бүкіл әлемде адамдар санасына айла шарғы жасау, улау мүмкіндігі пайда болды. Жалпы алғанда Батыс әлеміндегі алпауыт саяси, экономикалық және қаржылық ұйымдар өздерінің үстемдігін сақтап қалу үшін қоғамдық сананы манипуляциялау тәсілін шебер қолдануда. Сол арқылы «ойланбайтын, терең үңілмейтін, оңай алданып қалатын» адамдар тобын қалыптастыруда. Осы технологиялар «діни экстремизм, терроризм», «Славян Одақтастығы» сияқты жасанды үрейлер арқылы АҚШ, ЕО, Халықаралық қаржы қоры және трансұлттық корпорацияларға «әлемнің жаңа құрылымын» құру жоспарларына мүмкіндік беруде[22].
Лаңкестікке қарсы күресті желеу етіп Ауғанстан мен Иракқа басып кірген жылдары жарияланған бір кітаптағы мәліметтер жаһандық алпауыт күштер ДІН түпкі мақсатын көрсетіп бергендей болды. Он Да «Соғыс бізге өмірден қалағанымызды береді. Ол біздің өмірімізге мән сыйлайды. Батыстағы бейбітшіл және тұтынуға негізделген қоғамда мінсіз, мағынасыз күнделікті өмірдің орнына соғыс бізге өмірімізге шешімділік пен мән береді және біздің ақсүйектігімізді қамтамасыз етеді» делінген[23].
Осы арқылы батыс қоғамы өздерінен тыс елдердің мәселелерін шешудің орнына өз мәселелерін жаһандық деңгейге жаюда. Қазіргі таңдағы «үрей» анықтамасы батыстың мәселені бір жақты талқылауының нәтижесінде пайда болды. Мысалы, ең үлкен террорлық акті ретінде көрсетілген 11-қыркүйек оқиғасында өлген адамдардың саны шамамен 3 мың болса, шын мәнінде 3-елдер (артта қалған елдерде) аштықтан өліп жатқан адамдардың саны күніне 24 мыңға жетіп жығылады[24].
Жалпы әлемде болып жатқан соғыстардың себебінің жаһандық капитализм екенін айтуға негіз бар. Негізінен соғыстардың астарында экономикалық себептер жатыр[25]. Мысалы әлемде 2006 жылы әскери мақсатта жұмсалған қаражаттың 1 триллион 204 миллиард долларға жеткені белгілі.
Бұрынғы Түрік барлауының бастықтарының бірі Махир Кайнак кувейттік журналист Таха Аудқа берген сұхбатында террористік «Әл-Каида» ұйымы арқылы қолдан жасалған үрей әлемдік арнайы қызметтердің мақсаттарын орындау үшін шығарылғандығын айтады. Сонымен қатар олардың жасаған лаңкестік әрекеттерінің ешқайсысында мұсылмандардың мүддесі болмағанын, қайта керісінше Батыс пен Шығыс арасындағы дұшпандықты өршітіп, Исламға қара күйе жағу екенін, сонымен қатар 11-қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ бастаған халықаралық коалиңияның Ауғанстан мен Иракқа басып кіруге жеңілдік жасағанын және Таяу Шығыс пен әлемдегі басқа да елдерге кіруге жол ашқанын айтады[26].
Максим Шевченконың (Ресейдің белгілі журналисі, казіргі әлемдік саясат пен діндерді зерттеу стратегиялық орталығының басшысы) ойынша да соңғы 200 жылда болған дүниежүзілік соғыстар өзара қақтығысқан әлемдік элиталардың мүддесі үшін жасалуда. Ол «өркениеттер қақтығысы» сенариінің да қолдан жасалып, АҚШ-тың христиан өркениетінің қорғаушысы ретінде рол ойнағанын айтуда[27].
11-қыркүйек оқиғасынан соң бірден Дж. Буш, Б. Клинтон және Италияның президенті Берлускони кресшілер жорығының қайта басталғанын айтып байбалам салып шыға келді. Бұған әлемде Даниядағы және Европа елдерінде орын алған оқиғалардың астарынан осы себептерді байқауға болады.
Иә, бүл бастамалардың астарында Совет Одағы құлағанынан кейін әлемдегі бірден-бір үстем күштің келесі дұшпан ретінде кімді таңдағаны көрініп тұр. Өздерінен тыс дұшпанның болуы импералистік Америка үшін оларды біріктіретін негізгі фактор. Сондықтан да олар ұрынарға қара таппай, жау іздеп тұрады. Оның негізгі идеологтары 3. Бжезинский және С. Хантингтон. Олар сыртқы дұшпан ретінде қолдан жасалған «исламдық терроризмді» таңдады[28]. «11 қыркүйек» оқиғасының әлі де анықталмаған тұстары тым көп. Оның арнайы мақсатта, басқа күштердің ықпалымен жүзеге асқандығын Америкадағы көптеген демократтар ашық айтуда, алайда олардан гөрі басқа топтың даусы өктем шығып, коғамдық санада үстемдік етуде.
Сонымен қатар белгілі мұсылман ғалымдары (М. Қутуб, Сауд аравиясының бұрынғы мүфтиі Шейх Ибн Баз, Ю. Қардауй, Мухаммад Садиқ Юсую) да «Хизб ут-Тахрир» ұйымының ислам образын жағымсыз етіп көрсету үшін исламға қарсы арнайы топтардың құрылып, оларды нағыз исламшыл етіп көрсетуге тырысып жатқанын айтады[29]. Көбінесе бұл топтар мұсылман әлемінің ұлт-азаттық күрес кезеңінде пайда болып, елдегі ықпалдылықтарын арттырып, халықтан кең қолдау табу үшін Исламды өздерінің идеологиясына айналдырған[30]. Сонымен қатар мұсылман елдерінде бүлік шығарып, іріткі салып жүрген «исламдық» топтардың орталықтарының батыс елдерінде орналасуы да ой саларлық мәселе.
Осыған орай Василий Аксенов былай дейді: «Негізінде Таяу Шығыс елдері Совет Одағының қадағалауында болды. Израилдің Таяу Шығыста КСРО-ның қорғанышы болады деген үміті ақталмады. Жаңа мемлекет өзіне одақтас ретінде АҚШ-ты таңдады. Партия басшылығы ол жерден құр қол кете алмайтын еді. Сондықтан олар одақтас ретінде арабтарды таңдады. Мемлекеттің барлық күші (идеологиялық және әскери) бағынбайтын Израилге қарсы күрес шебін құруға бағытталды. Орталық Комитет, КГБ (¥ҚК), университеттерде араб тілі немесе шығыстану факультеттері мен әскери училище мен академияларда арнай бөлімдер құрылды. Әскери операциялардың жоспарлары жасалып, араб елдерінің атқаратын ролі белгіленді. Израильді жеңу мүмкін еместігі белгілі болған кезде партизандық соғыс бастауға шешім қабылданды. Бүл антифаданы шешудің алғашқы қадамы болды. ООП-ның содырлары совет әріптестерінен соғыс ілімін игере бастады. Онда басты оқытылған пәндердің бірі терроризм болды. Сол жерде терроризмнің идеологиялық базасы дайындалды. Исламнан бұған оңтайлы тұстар табуға болады деп шешті. Осылайша террор жасыл (исламдық) рең ала бастады.»
Сонымен қатар, Батыста демографиялық жағдайдың мүшкіл болуына байланысты осы елдерге қоныс аударып жатқан мұсылмандардың көбеюі де Батыстың қорқынышына себеп болып, мұсылмандарды жалпы адамзат құндылықтарына қарсы күш ретінде көрсетуге тырысып бағуда.
Даниәль Гансер (Вале университетінің қазіргі заман тарихы профессоры, Швейцариядағы (мұнай пигін зерттеу) ассоциациясының президенті) Батыстағы кейбір күштердің АҚШ-тың (дұрысы – ОЬАОІО сияқты кейбір астыртын ұйымдар) 50 жыл бойы Батыс Европада терактілер ұйымдастырып, бүл лас әрекетін сайлаушылар алдында қаралау үшін солшылдар мен әсіре солшылдарға жаба салғандығын, бүл стратегияның бүгінгі таңда да Ислам үрейін туғызып мұнай үшін жасалып жатқан соғыстарын ақтау үшін қолданып отырғанын нақты айтады. «Сондықтан да олар батыс қоғамының санасына мұсылмандар террорист, біз террорға қарсы соғысып жатырмыз деген өтірік желеуді сіңіруде. Бұны қаншалықты көп айта берсе қалың жұртшылық бұған иланып, мұсылмандарды террорист деп көреді» дейді[31].
Сонымен қатар Америка мұсылман елдеріндегі диктаторлық режимдерді неге жақтайтынын бұрынғы Америка президенті Р. Никсонның саяси кеңесшісі болған Р. Крейн 2000 жылы интернет арқылы сұрақтарға берген жауабында оның мына үш себебін көрсетеді:
1) «Мұсылман диктаторлық» режимдерінің арасында Израиль мемлекетін демократия орнаған қоғам ретінде жағымды етіп көрсету.
2) Демократиялық емес мемлекеттерді манипу- ляциялау (өз дегеніне көндіру) АҚШ-қа жеңіл.
3) АҚШ-тағы сионистердің «ислам идеологиясын желеу етіп алған деспоттық режимдердің» қоршауында қалған Израиль мемлекеті үшін көмек және қолдау алу[32].
Жоғарыда келтірілген дәйектердің бәрі бүкіл террористік ұйымдардың басты мақсаттарының діни емес саяси екенін, алайда оған барынша діни рең беруге күш жұмсалып, христиан Батыс пен мұсылман Шығыстың арасындағы «өркениеттер қақтығысы» сенарийінің ойналып жатқандығын көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін былайша айта кетуге болады:
Адамзатқа қауіп төндіріп тұрған лаңкестікке қарсы күресу үшін осы жоғарыда аталған себептерді жою лаңкестік шаралардың алдын алуда ең негізгі шаралардың бірі болып табылады.
Террорға қарсы күрес жүргізу – бейбітшілік пен мейірімділікке негізделген Ислам діні өкілдерінің міндеті. Алайда батыс әлемі мен солардың ықпалындағы бұқаралық ақпарат құралдарының лаңкестердің істерін ақтарлық диалектика жүргізуі мәселені одан сайын ушықтыруда.
Түптеп келгенде, Ислам дінінің лаңкестікке қарсы күресте жетістікке жетерлік қайнар көздері мен діни жетекшілері бар. Алайда қазіргі батыс әлемі бұларды мойындап, оларға өз ойларын айтуға жол ашып, олардың көзқарастарын кеңінен таратпаса, онда өзін мұсылмандықтың жалғыз дұрыс өкіліміз деп жүрген ат төбеліндей қарақшы, қаныпезер топтардың Исламды жауыздық діні етіп көрсетуі тоқтамайды[33].
Терроризмді болдырмау үшін зайырлы біліммен қатар діннің негіздерін, оның әдептілік қағидалары мен көркем мінез құлыққа бастайтын негізгі принциптерін үйретуге тиіспіз. Сондықтан ғасырлар бойы ата-бабамыздың қабылдап, салт-дәстүрімізге дейін сіңісіп кеткен Ислам дінінің негіздері осы салада маманданған кадрлар тарапынан мектептен бастап жоғарғы оқу орындарында оқытылуы қажет. Олай болмаған жағдайда халықтың керітартпа күштердің ықпалына түсіп кетуі бек мүмкін.
Діннің ешқашанда соғыспен жайылмағанын және жайыла да алмайтынын,қазіргі болып жатқан оқиғалардан мұсылмандардың ешнәрсе де ұтпайтындығын , қайта керісінше саясаттың ойыншығына айналып, Исламның таза келбетіне күйе жағатынын, әр нәрсені сабырлықпен, парасаттылықпен шешу қажеттігін айтуымыз қажет.
Ислам – бейбітшілік пен рақым діні. Мұсылман – жер бетіндегі тыныштық пен сенімділіктің шынайы өкілі. Ислам тарихына үңілген кезде Пайғамбарымыздың қай жағдайда да қоғам бірлігі мен тыныштықтың сақталуына баса мән беріп, кез келген дін иелерімен келіссөз жасап, ымыраластыққа қол жеткізіп, ислам дінінің бейбіт түрде дамуына жағдай жасағанын көреміз. Онсыз да Пайғамбарымыздың кезеңінде исламға лек-легімен кіру Хүдайбиядағы он жылға жасалған бейбіт келісімнен кейін жүзеге асқан-ды.
[1] «Әнбия» сүресі, 107-аят.
[2] Тирмизи, Бирр, 16; Әбу Дауд, Әдәб, 58
[3] Бухари, Тәухид 2; Муслим, Фәдәиль 66, (2319)
[4] Термизи, Бирр 16, (1924); Әбу Дауд, Әдәб 66, 4942
[5] әл-Хатиб ибн Масудтан, әл-Хатиб әл-Жами, 2-том, 269-6.
[6] Бұхари, Исму ман қатал зиммиан би ғайри жарм, 6914
[7] Әбу Дауд, Әдәб, 164; Муснәд, 1/404.
[8] Сарахси, әл-Мабсут, Каир, ж.ж., 16-т., 61 б.
[9] Р. Гаруди, Исламын вадеттиклери, Стамбул, 1983.
[10] Жиһад ұғымы жайында кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз. Қ. Жолдыбай, Күдікпен күрес, «Алтын қалам», Алматы, 2006.
[11] Ә.Дербісәлі, «Ислам – бейбітшілік, ынтымақ пен бірлік діні», Сборник материалов республиканской конференции: «Религия, наука и СМИ: «Диалог и сотрудничество», Астана, 2006, 15-6.
[12] Еспозито, Ислам техдиді ефсанеси, (ауд. Ө. Балдык, А. Көсе), Стамбул, 2002, 9-6.
[13] «Маида» сүресі, 32-аят.
[14] Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 1/300. Әбу Дәуід, Жихад, 82.
[15] А.Булач, «Заман», 30.07.05
[16] «Ниса» сүресі, 29-аят.
[17] Еспозито, 10-11-6.; А.Краснов (әскери ғылымдар докторы профессор), Как бороться с терроризмом? һир://сотті.пагос1.ги
[18] Дж. Еспозито, 386-388-6.
[19] А.Булач «Заман», 27.07.05
[20] А.Булач, бұл да сонда
[21] Еспозито, 352-6.
[22] Л.И. Шешнев, Россия и мир: движение к новой безопасности в 21-м веке», Безопастность: Инфо. Сборник Фонда «Национальная и международная безопасность», № 1-12 (52, 2000), 9-10-6.
[23] Несіёез, С. ¥аг а Ғогсе Тһап Оіұез ІІ5 Меапіп§, ОхГогІ, РиЫіс Айаоге М, 2002, З-б
[24] Ғ. Жүсіпбек, Аврупа гүвенлік ве савунма политикасынын олушум сүрежі ве Совиет сонрасы жографиясынын гүвенлігіне еткісі, Басылмаған докторлық диссертация, Анкара университеті, Саясаттану факультеті, 2008, 150- 160-6. ¥үү.асікаг8Іу.апкага.е(1и.Іг/ЬгоҮ8е/3592/4480.рс1Г
[25] Ғ. Жүсіпбек, жогарыда келтірілген диссертацияда осы теорияны куаттайтын көптеген дәлелдер келтірілген.
[26] Наш Мир. № 15, 29.12.06
[27] НашМир,№ 25, 31.08.07
[28] «А. Фон Бюлов отрицает официальную версию атак 11 сентября» ол «Берлин Тагешпигель» газетіне шыккан сұхбаты үүү. І5Іат.ги/рге88с1иЬ/ҺІ8Іогі/Ьгаіп¥а8һ/, Ж. Еспосито, 350-6.
[29] А. Уразбаев, «Отдельные аспекты правовой регламентации механизма противодействия религиозному әкстремизму в Казахстане», Сборник материалов республиканской конференции: «Религия, наука и СМИ: «Диалог и сотрудничество», Астана, 2006, 43-6.
[30] Еспозито, 443-444-6.
[31] Секретные армии в Европе, Москва, 2006; Необьяленный терроризм НАТО. Стратегия дестаблилзации: от «холодной. войны» до войны с Исламом. Ислам.Ру 02.04.08.
[32] Ю. Дроздов, «Кто стоит за террором в России?» Ро1іІіка-ша§а2Іпе.ги , №69, декабрь, 2004
[33] К.Балжи, Заман., 25.07.05