Жауап:
Жол ережелері мен техникалық қауіпсіздікті сақтау қоғамның және жеке адамның бас қауіпсіздігі үшін талап етілген дүниелер. Бұл ережелерді ескеру әрбір көлік жүргізушіге міндет. Өйткені, дініміз өмірімізге қауіп төндіретін нәрселерден бойымызды аулақ ұстауды бұйырады.
Дегенмен, жол ережесін сақтамағаны себепті қайтыс болып жатқан кісілерді, егер тікелей өлу ниеті болмаса, «өзін-өзі өлтіргендердің» қатарына қосу қиын. Бұны олақтықтың, алаңғасарлықтың нәтижесі деген дұрыс болады.
Абдсамат Қасым