«Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің ішінде бөлек Жасыл үй орналасқан. Онда пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) және оның жанында алғашқы екі халиф Әбу Бәкір мен Омар жерленген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) екінші жанында бос қабір орны тұр.
Көптеген мұсылмандар мен Құран тәпсіршілері бұл орынның Исаға (ғ.с.) арналғандығын айтады. Хадистерден білетініміздей, ол Тажалды өлтіру үшін екінші мәрте Жерге келіп, кейін 40 жыл патшалық құратыны белгілі…».