Есептелінген мешіттің ұзындығы мен ені 12,8 метр. Алла үйінің биіктігі 11,9 метр. Мешіт күмбезінің диаметрі 10,3 метр. Мешіттің төрт бұрышында төрт кіші күмбездері бар. Мешіт екі қабатты. Жоғары қабатында намаз оқитын зал мен михраб бар. Төменгі қабатқа сауат ашу курсының бөлмесі жайғасқан. Оның ұзындығы мен ені 6 м. х 400 см. және қасиетті Құран оқитын залдың ұзындығы 6 м.800 см. х 4 м. Имамның бөлмесі де төменгі қабатта. Мешіттің мұнарасы жоқ. Мешіт ауласы толық қоршалған, ауласы көгалдандырылған, тал, терек отырғызылып, гүл егілген. Мешіт ауласында ер мен әйелдерге арналған ыстық, суық суы бар қазіргі заманға сай жабдықталған дәретхана бар. Азан күшті дыбыс күшейткіш құралдарымен таратылады. Талдықорған қаласы экономикалық дағдарысты басынан кешіріп жатқан кездері салынғандықтан оған Алланың нұры жаусын деп «Нұр» деген ат қойылған. «Нұр» мешіті Талдықорғанға архитектуралық әсемдігімен де көрік беріп тұр.
|
|
|