Ұлы мәртебелі Президент Назарбаев мырза, Казақстан Президенті. Қасиеттім, ассалаумаәлейкум! Әлем бәрімізге жарық сәуле ала келсін. Мен сіздердің барлықтарыңызға қайырлы таң тілеймін.
Біріншіден, Президент Назарбаев пен Қазақстан Үкіметіне мені осынау маңызды конгреске қатысуға шақырғандары үшін рахмет айтқым келеді. Сонымен катар мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің осы конгресін өткізіп отырғаны үшін Қазақстан Үкіметін кұттықтамақпын. Казіргі уақытта дүние жүзі тынышсыздану мен үрейлену жағдайында тұрғандықтан, бұл – дәл уақтысында шақырылған съезд. Дүниенің бұрынғысынша қандай да бір дөрекілік жағдайда қалып отырғанын біз көріп жүрміз.
Әлемнің осы уақытқа дейін халықтар арасындағы проблемаларды шешудің тәсілі адамдарды өлтіру болып табылады деп түсінетіндігінен де ол өте дөрекі. Соңдықтан соғыс халықтар арасындағы проблемалар мен келіспеушшктерді шешуге көмектеседі деген осы идеялардан іргемізді аулақ салатын уақыт жетті. Міне, осы пікірге келуде діннің өз рөлін аткара алатынына мен сенімдімін.
Өкінішке карай, әлемнің көптеген бөліктерінде адамдар діннен бас тарта бастаған, олар казірдің өзінде оған деген сенімін жоғалтуда. Сол себепті діни лидерлердің тағы да адамдардың өз діндерін еске алуларына күш салатын уақыты жетті.
Және де тек діннің арқасында, адамдар арасындағы өзара карым-қатынастардың арбитраж әрі занды соттық процестер арқылы шешілетіндігіне сену аркасында біз қазіргі уақытта бүкіл әлемде жалғасып келе жаткан адам өлтірушілікті тоқтата аламыз.
Міне осы себепті мен бүл конгреске катысуға шақыруды қуана қарсы алдым. Өйткені әлемнің барлық діндерінің өкілдері қатысып отырған әртүрлі дін басшыларының өзара дебаттары мен талқылаулары аркасында мен көп нәрсені біле аламын.
Әрі мен осы талқылаулар халықтар арасындағы шынайы өзара түсіністікке жеткізеді деп есептеймін. Сірә, мұның өзі казіргі уақытта біз әлемнен көріп жүрген дауласу-жанжалдарды, адам өлтірушілікті тоқтатуға бастайтын қарар кабылдауымызға жеткізер деп сенемін.
Мен Президент Назарбаев пен Қазақстан Үкіметін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылардың осы конгресін өткізіп отырғаны үшін тағы да кұттықтаймын. Рахмет.