Соңғы кездерде өзара қарым-қатынастың əлемдік жүйесі дамудың жаңа кезеңіне өткендігі жылдан-жылға айқын байқалып келеді. Біздің көз алдымызда геосаяси, геоэконмикалық, халықаралық жəне трансұлттық байланыстардың құрылымы өзгеріп отыр. Бұл жерде жаһандану үрдісінің 1990-шы жылдары мемлекетаралық жəне экономикаралық байланыстардың күрделі жəне өзгермелі бейнесінің жаңаруының құрамдас бөлігі ретінде түсіндірілуін есте сақтауымыз қажет. Жаһандану экономикалар арасындағы бəсекелестікті жан-дандыруы бұл үрдістен ұлттық күштердің қалыс қалу мен қалып қоймау үшін олардың топтасуына ықпал етеді. Бұндай жағдайда дамушы жəне транзиттік мемлекеттер, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан жəне Өзбекстан секілді орталықазия мемлекеттері қиын жағдайға душар болады. XXI ғасырдың басында аймақ елдері күрделі қиюласқан жаһандық жəне аймақтық үрдістерден өз орнын табу мен сырттан келген қауіп-қатерлерге барабар жауаптар табу қажеттілігімен бетпе-бет келді. Бұл шешуді қажет ететін мəселелер қатарына: халық санына шаққандағы мемлекет кірісінің ара-қатынасы, технологиялық даму мен ақпараттық қауіпсіздік жатады. Осы мəселе аясында ОА елдеріне екіжақты мəселені – ұлттық экономиканы жаңарту жəне əлемдік шаруашылық пен халықаралық еңбек бөлінісіндегі позициясын сақтау қажет. Индустриалды дамыған мемлекеттердің тұтынушылық алаңына айналу мен артта қалуды бастан өткермеу үшін орталықазия мемлекеттері аймақтық ықпалдастық аясында кооперацияға бірігу қажет. Қазіргі таңда Орталықазия елдері өздерін жаһандық əлемнің дербес субьектісі ретінде көрсетіп, өздерінің сыртқы байланыстарын барынша əртараптандыруға тырысып отырғандығын танытты. Ішкі жағдайдың шиеленістері мен əлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді сұрақтары орталықазия елдерінің бұл мəселелерде шешуде жаңа жолдарды қарастыруын қажет етеді. Осылайша, əр түрлі халықаралық қатынастарға түсу арқылы олар Орталық Азиядағы геосаяси құрылымның өзгеруіне ықпал етеді. Бүгінгі күні Орталықазия аймағындағы геосаяси тұрақтылықтың сақталуына ҰҚКҰ мен ШЫҰ аясындағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамсыз етуге қатысты үйлестірілген əрекет, мемлекетаралық келісімдер мен уағдаластықтардың жəне де ықпалды əскери-саяси жəне экономикалық державаларға қатысты теңдестірілген сыртқы саясаттың жүргізілуі себеп болып отыр. Сонымен қатар, аймақ ішінде шешілмеген ортақ мəселелер мен реттестірілмеген салалық мəселелер бар. Аймақтық ынтымақтастықтың қазіргі кезеңінде негізгі өзекті мəселе ретінде қаржылық, инвестициялық, сауда-экономикалық жəне қоныс аудару толқындарын бірігіп үйлестіру жəне энергетика, су мен көлік-байланыс салаларындағы шаруашылық кешендерді бірігіп пайдалану мəселелері алынған. Егер де өзара сауда мəселесін қарастыратын болсақ, Орталықазия аймағының мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың тек энергия көздерін тасымалдау мен өнім транзитімен шектелетінін байқаймыз. Ал өндірістік тауарлар мен азық-түлік өнімдерінің өзара экспорты мен импортының көлемі жағынан мардымсыз болып отыр. Мысалы, Қазақстанның тауар айналымындағы Орталық Азия елдерінің үлесі шамамен 2% қамтиды, яғни бұл Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара тиімді сауда мүмкіндіктерінің жүзеге аспағандығын байқатады. Сондықтан да, ықпалдастық үрдістерін жандандыру аймақтағы өзекті мəселелердің бірі болып саналады жəне де бұған қажетті объективті алғышарттар да бар. Бірінші. ОА мемлекеттерінің геосаяси мүдделерінің өзара тəуелділігі. Бұл аймақтық географиялық жағынан құрлықтың ортасына орналасып, басқа құрлықтық күштермен көрші болуы оның əскери-стратегиялық жəне көлік-байланыстық маңыздылығын арттырады. Бұл жағдай сонымен бірге ОА мемлекеттері мен жалпы аймаққа деген жаһандық жəне аймақтық державалардың «назарының» артуына ықпал етіп отыр. Мысалы, жер шарының екінші бір бөлігінде орналасқан АҚШ-тың өзі де Орталық Азияны маңызды ұлттық мүдделерінің аймағы ретінде мəлімдеген. Сонымен қатар, күш-жігерді біріктірудің қажеттілігінің бірі ретінде ортақ қауіптің – халықарылқ ланкестік, діни экстремизм, есірткі жəне заңсыз қару саудасы, халықарылқ қылмыстардың артуы трансшекаралық мазмұнда болғандықтан олармен күрес үйлестірілген саяси əрекетті талап етеді. Ауғанстандағы қалыптасқан жағдай мен америка-иран қатынастарының шиеленісуі барлық орталықазия мемлекеттерінің алаңдаушылығын туғызып, аймақтың оңтүстік шекараларына қауіп төндіретін факторлар ретінде танылады. Сонымен бірге, орталықазия мемлекеттерінің барлығы да өздеріндегі саяси тұрақтылықтың жағдайы көршілерінде де сақталғандығын қалайды. Бұл негізінен аймақ мемлекеттерінің арасындағы ішкі шекаралардың қажетті деңгейде қорғалмауы жəне қақтығыстық жағдайдың таралмауына қарсы тұра алмау мəселесінен туындап отыр. Осылайша, аймақ елдерінің геосаяси жағынан өзара тəуелділігі олардың өз тəуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтауға қажетті ішкі жəне сыртқы жағдайды қалыптастыруға ортақ қызығушылығы арқылы анықталады.
Екінші. Экономикалардың өзара ресурстық тəуелділігі. Бұл мəселені Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан мен Түрікменстанның су-энергетикалық ресурстар жағынан Қырғызстан мен Тəжікстанға тəуелді болса, бұл мемлекеттер өз кезегінде Өзбекстан, Түрікменстан мен Қазақстанда өндірілген газ бен мұнай өнімдерін пайдалануы мəселесі арқылы түсіндіреміз. Аймақ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесінде ауылшаруашылық өнімдерін, оның ішінде дəнді-дақылдар мен жеміс-көкеніс өнімдерін тасымалдаудағы өзара қызығушылық маңызды болып отыр. Сонымен бірге, бұл елдердің халықаралық нарық пен ОА мемлекеттерінің нарығына шығуға қажетті байланыстары арасында өзара тəуелділік болуымен қатар, бұл елдердің жеке инфрақұрылымдары ОА аймағындағы экономиканы дамытуға жəне сыртқы тауар өндірушілердің мүдделері үшін өте мардымсыз болып саналады (шикізат көздерін сыртқа экспорттаудан басқа) Үшінші. Даму мəселелерінің ортақтығы. Бұл мəселе ОА мемлекеттерінің дамуының ортақ транзиттік мағынасы, тұрақты саяси режимдер, бəсекеге қабілетті экономика, дамыған ғылыми-техникалық мүмкіндік құру қажеттілігі жəне осының негізінде əлеуметтік жəне экологиялық игілікке жету мəселесі арқылы негізделеді. Сонымен бірге, барлық сарапшылар Орталық Азия елдерінің ықпалдастығының негізі ретінде бұл аймақты бағы заманнан мекендеген халықтар тарихының ортақтығы, олардың мəдениеті, тілі, діні, дəстүрі, туыстық қатынастары үлкен қызмет атқаратынын атап пайымдайды. Бұл қысқаша талдауда орталықазия ықпалдастығының тиімді жақтарының негізгі себептері ғана қарастырылғандығын атап өту қажет. Орталықазия республикалары арасындағы толық көлемдегі ықпалдастықтың мүмкіндігінің болғанына қарамастан бұл əлеует қазіргі күнге дейін жүзеге аспай келді. Керісінше, аймақта соңғы кездерде мемлекеттер арасында межелену көрінісі байқалып, сыртқа тебушілік екпіні басылмай отыр. Біздің ойымызша, бұндай жағдайдың қалыптасуына ұлттық экономикалардың əртүрлі бағытта дамуы мен аймақтың бес республикасын бір ықпалдастық құрылымға біріктіруге мүмкіндігі бар шаруашылық кешенді пайдаланудағы қайшылықтар əсер еткен. Қаржы жəне сауда-экономикалық қатынастар, энергетика мен су ресурстары, көлік-байланыс жүйелері мен экологиялық аумақтардағы əдістемелер мен көзқарастардың əртүрлілігі нақты ықпалдастық жобаларының жүзеге асыуына кедергі келтіреді. Орталық Азия мемлекеттерінің саяси басшыларының республикалар ара-қатынасын институциаландыруға қатысты бастамалары осы қиындықтарға ұрынып, тек қағаз жүзінде қалып келеді. Сонымен қатар, шешімін таппаған сұрақтар бірте-бірте шиеленісіп, болашақта экономикаық саладан саяси кеңістікке өтіп, қиын мəселеге айналып кетуі мүмкін. Орталықазия ынтымақтастығының жалпы мəселелеріне мына факторлары жатқызуға болады:
Бірінші. Орталық Азия елдерінің тəуелсіз дамуы кезеңінде олардың жүргізіп отырған ішкі жəне сыртқы саясаттарында дербестілік байқалады. Экономикалық жаһандану жағдайында республикалар үкіметтері мемлекеттілік құрудың өзіндік бағытын қабылдады, ол біріншіден – ішкі қажеттілікті айқындаса, екіншіден нақты геосаяси жағдайға негізделген. Бұл жағдайда саяси егемендік пен ішкі нарықтың қауіпсіздігі принциптері өзекті болып отыр.
Жалпы алғанда, Орталық Азия мемлекеттері дамудың екі түрлі саяси-экономикалық бағытын таңдады: кейбір республикалар бұрынғы (социалистік) жүйені біржола құрту жолын таңдаса, келесілері – консервация мен экономиканы мемлекеттік басқарудан нарықтық қатынастарға біртіндеп өткеру жолын қарастырды. Яғни, орталықазия мемлекеттерінің топтары арасындағы қатынасқа саяси жəне əлеуметтік-экономикалық реформалардың жүргізілу қарқыны факторы ықпал ете бастады. Қазақстан, Қырғызстан жəне кейін Тəжікстан республикалары таңдап алған жол ел үкіметінен əлемнің қарқыны мен тамыр соғысына перманентті жəне қажетті түрдегі əрекеттті талап етеді жəне бұл жағдайда ұлттық экономика əлемдік нарықтағы əр түрлі дағдарыстық жағдайларға шалдыққыш болады. Əлемдік саясиүрдістер мен жаһандық нарыққа сəйкес даму үшін əлеуметтік-экономикалық шаралар кешені мен ресурстарды арттыру қажет болды. Өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан демократиялық өзгерістер мен экономикалық қатынастардың либерализациялану үрдісі Қазақстанда қоғамдық жəне экономикалық институттардың дамына қолайлы əсер етті. Бұл кезеңдегі кемшіліктердің орнын энергия көздері мен шикізатты экспорттау жауып отырды. Қазақстан үкіметі ел экономикасын жаңарту арқылы қазіргі таңдағы шикізат бағыты басым болып отырған жағдайды өзгертуге тырысуда. Ал Қырғызстан болса керісінше ресурстық базаның кемшілігін көріп отыр. Бұл кемшілік орнына нарықтық қатынастардың белсене енгізілуі орнығып, экономикалық жағынан тəуелсіз саяси топтың пайда болуына алып келді. Əкімшілік-мемлекеттік аппараттың əлсіреуіне байланысты саяси топтар арасындағы қарым-қатынас саяси қарама-қайшылық түріне айналды. Бұл мəселе қазіргі таңда конституциялық жəне əкімшілік реформалау арқылы шешіліп келеді. Азамат соғысының салдарына байланысты Тəжікстандағы билік қатынастар жүйесі мен экономикалық даму өзінің трансформациялануының алғашқы сатысын бастан өткізіп отыр. Ал республикадағы билік қатынастарын күшейту талпынысы нарықтық экономиканың даму бағытын нақтылады. Саяси-экономикалық жүйені трасформациялау кезеңдері барысында əлеуметтік сілкіністерге бой алдырмау үшін Өзбекстанда нарықтық бағыттағы қоғам құруға біртіндеп өтудің бес принципі жасалынды. Экономикалық реформаларды жүргізудің кезеңдік курсының қабылдануы елдегі өзгерістердің қарқынын төмендетті. Даму қарқыны əр түрлі елдермен шекаралас болу өзбекстан үкіметінің əрдайым протекциялық шаралар қабылдауға, тіпті шекараны жабу əрекетіне итермеледі. Түрікменстан саясаты бастапқы кезден-ақ оқшаулануға бағытталды. Бұндай жағдайда орталықтанған саяси жүйе сақталып қалды. Оқшауланудың əлеуметтік-экономикалық бағыттағы кемшіліктеріне қарамастан, саяси жүйе ұлттық тұтастықты қамтамасыз етіп, елді əулетаралық қарсылықтар мен элитаралық қайшылықтардан сақтап қалды. Ел аумағындағы көмірсутегі қорының стратегиялық қорының болуы əлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. Тəуелсіз мемлекеттілік құру жылдарында республикалар шекарасында пайда болған кедергілер ұлттық саяси жүйелер мен экономикалық үлгілерде, əсіресе əдістемелерде айтарлықтай айырмашылық бар болуы өзара сəйкессіздікке ұрындырды. Қазіргі таңда аймақтық ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі кедергісі – Орталық Азия елдерінің əртүрлі дамуындағы алшақтықты жою болып табылады.
Екінші. Аймақ елдерінің арасындағы саяси алшақтық жеке меншік құқығы жəне еркін баға құны мен нарық заңдарының сақталғанына қарамастан айқын көрінеді. Бұл жағдайда
экономикалық көрсеткіштер арасындағы алшақтық көп ықпал етеді. Қазақстан мен Қырғызстан шамамен бірдей экономикалық үлгіге ие болғанымен де, Қазақстан экономикалық көрсеткіштер жағынан Қырғызстаннан біршама алда жəне ол үшін белгілі-бір күш орталығы секілді болады. Бұл жағдай бір топ қырғызстандық саясаткерлер мен сарапшылардың қарсылығын туғызды жəне бұл жалпы алғанда қоғамның бір тобының көзқарасы ретінде қарастырған жөн. Бұл фактордың субъективті мазмұнына қарамастан, аймақ елдерінің болашақтағы ықпалдастық үрдісіне кері əсер етуі мүмкін. Өзінен жақсы дамыған мемлекет ретінде көрші елге сақтықпен қарау құбылысы мемлекеттік саясатты жасаушылар арасындағы радикалды көзқарастағы ұлтшыл топтардың идеологиялық құралы болуы мүмкін. Дəл осындай жағдайды Тəжікстанның аймақтық қатынастарынан да байқауға болады. Бұл республика қазіргі таңда экономикалық қиындықтарға байланысты Ресей, Қытай, Иран жəне АҚШ секілді геосаяси күштердің ықпалында қалып отыр. Осыған байланысты тəжік үкіметі өз экономикасын дамытудағы Қазақстанның қатысуына сенімділікпен қарап, аймақтық ықпалдастық мəселесіндегі қазақстандық бастаманы қолдады. Бірақ, Орталық Азия аймағындағы су ресурстарын бөлісуге қатысты мəселенің шешім таппағанын ескере келіп, Тəжікстан бұл мəселені шешудің өзіндік жолын іздестіруде. Аймақтағы əлсіз жəне тиімсіз институтционалдық құрылымдар мен көрші Өзбекстанмен саяси байланыстың күрделілігіне байланысты тəжікстандық билік аймақтық ықпалдастықтың геосаяси баламасын қарастыруда. Бұл себеп тəжікстандық билік пен Қырғызстан үкіметінің гидроэлектриканы дамытуда саяси жағынан өзендердің төменгі ағысында орналасқан аймақтың басқа мемлекеттеріне қарсы бірігуіне итермеледі. Сонымен қатар, қоғамдық жəне ғылыми ортаның бір бөлігі иран тілді қауымды түркі тілді əлемге қарсы қоюды уағыздайтын идеологиялық əдістеме ұсынады. Осылайша, орталықазия ықпалдастығын жүзеге асырудың келесі бір кедергісі – бұл түрлі мүмкіндігі бар əртүрлі саяси-экономикалық жүйелердің өзара қарым-қатынасы болып отыр. Соның нəтижесінде территориясы мен халық саны аз елдердің өз тəуелсіздігін қорғаудың формасы ретінде өзінен күшті көршісіне қарсылығының идеологиялық негізі қалыптасады.
Үшінші. Саяси шешімдерді қабылдаудағы оқшауланушылық аймақтық байланыстарды дамытудың орнына əр республиканың өзіндік тəуелсіз дамуының жолын іздеуге талпынысын ынталандырды. Орталық Азия мемлекеттері көптеген саяси жəне экономикалық көрсеткіштер жағынан өздерінің аймаққа жататындықтарын тек сөз жүзінде ғана нақтылауы мүмкін. Жал-пы мəселелердегі формализация ТМД, ЕурАзЭО, ЭОҰ секілді ірі ұйымдардың жұмысынан да көрініс берді. Бұл əсіресе аймақтық қауіпсіздікті қамтамсыз етуде байқалады, ал бұл мəселе өте ірі ҰҚКҰ мен ШЫҰ аясында қарастырылады. Осылайша, тəуелсіз даму кезеңінде ОАО, ОАЭО секілді ұйымдар жұмысына қатысқандарына қарамастан, орталықазия мемлекеттері аймақтық байланысқа тартылған жоқ.
Төртінші. Ықпалдастық жобалапр көбіне саяси бағытта болды. Бұл жағынан алғанда технологиялар тартылған өндірісті дамытуға бағытталған ортақ бағдарламаларды жүзеге асыруға жағдай жасалмады, соған қатысты бастамалар өздерінің негізгі қолдаушылары – ірі жəне орта өнеркəсіп иелерін қызықтырмады. Аймақта мемлекетаралық кедергілердің жойылуына, өндірістік мамандануды тереңдету үрдісін дамыту мен аймақтық өндірістік ықпалдастықты қажет ететін дербес күш пайда болмады. Аймақта трансұлттық құрылым жасаушы дербес қаржылық, өнеркəсіптік жəне коммерциялық құрылымдар қалыптастыру ықпалдастық байланыстардың тиімді қозғаушы күші болып табылады. Бұл жағынан алғанда жеңіл көлік жасау, машина жасау, электроника, ядролық жəне космостық технологиялар секілді жаңа технологиялар тартылған өнеркəсіптерді бірігіп игеруге қатысты жобалар жасау қажеттілігі туындайды. Бұл қарастырылған факторлар ортазиялық ықпалдастықты жылжытудың саяси жəне əлеуметтік-экономикалық негізінің əлсіздігін көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген жалпы мəселелерден басқа аймақта дербес жəне өте шиеленісті мəселелер де бар. Өте маңызды мəселелердің бірі – шешімін таппаған суды пайдалану мəселесі. Бұл мəселенің шешілуі аймақтың дамуына тұрақтылық алып келеді, өйткені, су мен оның бөлінісі ОА мемлекеттеріндегі əлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығына тікелей ықпал етеді. Келесі бір маңызды мəселе аймақтың энергиямен қамтамасыз етілуі, өйткені, ондаған жылдар бойы Тəжікстан мен Қырғызстанның басымдығындағы гидростанциялар мен Өзбекстан мен Түрікменстан басшылығындағы газбен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі жұмыс жасап келді. Дұрыс шешім табуы ықпалдастықтың дамуына серпіліс беретін келесі бір мəселе – аймақтың көлік-байланыс жүйесінің біртұтастығы мен Трансазиялық магистралдың салынуынан соң бірнеше есе артқан транзиттік мүмкіндігін бірігіп пайдалану болып табылады. ОА ықпалдастық қатынастардың дамуына кедергі келтіріп отырған мəселелер қатарына аймақ елдері арасындағы шекаралық дауларды реттестіру əділетті жəне біржола шешілуі де жатады. Ықпалдастықтың дамуына аймақ елдеріндегі экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қатынастардың əртүрлілігі де кедергі жасайды. Бұл жерде негізгі кедергілер ретінде кеден, визалық жəне шекаралық өткізу режимдерін қарастырамыз. Қалыпты экономикалық өзара əрекеттестікке көлік инфрақұрылымының дамымауы мен шаруашылық байланыстардың əлсіздігі де қатты əсер етеді. Орталық Азия аймағы экологиялық тұрақтылық жағынан өте қатты күйзелген: қоршаған ортаны пайдалануға бағытталған техногендік жəне адам əрекеті оның қайта қалпына келу мүмкіндігіне зиян келтірді. Сонымен қатар, аймақ тұрғындарының қауіпсіздігіне жоғарғы деңгейдегі сейсмикалық жəне сел жүру қауіпі де қосылады, ал бұл мəселені тек бірігіп қана шешуге болады. Сонымен бірге, аймақтық ықпалдастық үрдісіне кедергі келтіретін негізгі мəселелердің бірі ретінде саяси басшылықтың кеудемсөқтығы мен олардың бір сəттік мүдделерінің əртүрлілігі бүл үрдісті шабандататынын нақты көрсете аламыз.
Жоғарыда талқыланған мəселелерді шешу үшін ең алдымен Орталық Азия елдерінің күш-жігерлерін біріктіріп, өзара əрекеттестік ықпалдастығын арттыру қажет. Баршағаи мəлім болғандай, Қазақстан бірнеше жыл қатарынан аймақтық ықпалдастық ұйымын құру бастамасын көтеріп келеді. Өкінішке орай бұған дейін құрылған ұйымдардың (Ортазиялық одақ, 1994 ж., Ортазиялық экономикалық одақ, 2001 ж., Ортазиялық ынтымақтастық ұйымы, 2002ж.) жұмысы ешқандай бір тиімді нəтижеге алып келген жоқ.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Ортазиялық мемлекеттер одағын құру туралы бастамасын жүзеге асыру бүгінгі таңда өзекті мəселе болып отыр. Одақты құрудағы негізгі мақсат ортақ экономикалық кеңістік пен біртұтас аймақтық нарық құру арқылы экономикалық бірігу болып табылады. Қазіргі жағдайда ОАМО құру бастамасын жүзеге асырудың прагматикалық бағыты ретінде біздің ойымызша əртүрлі қарқынды ықпалдастық, яғни бір мазмұнды келісімдерге екіжақты қол қойып, артынан бұл келісімдерді біріктіріп, көпжақты біртұтас келісімге айналдыру жолын таңдап алған жөн.
«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №4, 2009.
Мариан Əбішева