Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында өз қоғамының этносаралық және конфессияаралық келісім моделін қалыптастыра білді. Бүгінгі күні біздің елімізде 17 діни конфессияға бірігетін 130-дан астам халық пен этникалық топтар өмір сүруде.
Сондықтан да, Елбасы Қазақстанның этномәде-ни және конфессиялық алуандылығын мол байлық, қазақстандықтарға бағалы мәдени жетістіктерімен басқа халықтармен алмасуға мүмкіндік беретін біздің тұтас қоғамымыздың жалпыға бірдей игілігі деп ерекше атап өткен болатын.
Өкінішке орай, әлемде экстремизм мен тер-роризмнің қаупі азаймай тұр. Дін атын жамылған олардың идеологиясы адамдар арасында қайшылық пен сенім-сіздік уын шашып, жер шарының түкпір-түкпіріндегі аза-маттардың ақыл-ойын билеп, көңіл-күйлеріне ықпал етуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы өсіп келе жатқан діннің рөлін және дін атын жамылған террористік ұйымдар тарапынан туындайтын қатерлерді ұғына отырып, 2003 жылы Қазақстанның Елордасы – Астана қаласында діни лидерлердің дінаралық форумын өткізу жөнінде баға жетпес ұсыныс білдірді.
Бұл бастама Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас Хатшысы Шейх Ат-Турки, Орыс Православ Шіркеуінің Патриархы Алексии ІІ, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ, Израильдің Бас ашкеназий раввині Иона Мецгер және діни лидерлер, діни беделді тұлғалар тарапынан оң пікір тудырған қолдауға ие болды.
Мемлекет басшылары мен Әлемдік және дәс-түрлі діндер лидерлерінің қолдауының арқасында қазақ жерінде 23-24 қыркүйек аралығында Әлемдік және дәс-түрлі діндер лидерлерінің Бірінші съезі болып өтті. Оның жұмысына қатысу үшін Астанаға әлемнің 14 елінен 17 делегация қатысты.
І съезде келісімді нығайту мен өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында сындарлы диалогты орнату бағытында табанды қадам жасалды. Дінарарық диалог қоғам дамуы мен барлық халықтардың әл-ауқаты жақсаруының негізгі тәсілі екендігі белгіленді.
Бірінші съездің жұмысы болашақтағы үйлесімді әлемнің негізі ретінде адамзаттың бейбітшілігі мен мен дамуын және қоғамдардағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін бір-лескен әрекеттер жайлы діни лидерлер пайымдаған Декларацияның қабылдануымен аяқталды.
Делегаттар діндер диалогы терең болуы қажет және пікір таласа білу негізінде жүзеге асырылуы тиіс деген пікірге келді. Діни салдарларға байланысты туатын тартыстардың себептерін анықтауға байланысты, дінара-лық үйлесімді кемелдендіру, бір-бірін құрметтеу, басқа халықтар дәстүрлері негізінде үйрену сынды мәселелер көтерілді.
Өткен іс-шараның жетістігі дінаралық форумды үш жылда бір ұдайы өткізу туралы І съездің Шешімі қабылданды. Бізге 2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Екінші съезін ұйымдастырып, өткізу мәртебесі сеніп тапсырылды.
Бірінші съездің қорытындысы бойынша, дін лидерлерінің форумын өткізіп тұруы үшін арнайы сарай салу шешімі қабылданды. Осылай, атақты архитектор Норман Фостердің жобасы негізінде, Астана қаласында арнайы Бейбітшілік пен келісім сарайы бой көтерді. Осы сәулетті де бірегей ғимаратта 2006 жылы өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінен бастап, съез Хатшылықтары мен өзге съездер ұдайы ұйымдастырылып келеді.
Биыл Бірінші съез шақырылғанына он жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Астана қаласында 4 съез және Хатшылықтың 11 мәжілісі өтті. Съез жұмысының онжылдығына орай, 2013 жылдың қыркүйек айында съездің мерейтойлық ХІІ Хатшылығының мәжілісі өткізіліп, кең көлемде халықаралық конференция өткізілетін болады.
Мәдина ӘБІШЕВА,
ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы