Дінаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазақстандық тәжірибе ТМД елдері арасында таралуы керек.
Бұл туралы бүгін Астанада «ТМД елдеріндегі діндердің рөлі» халықаралық конференциясында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлім етті.
Айта кетейік, халықаралық конференцияға Қазақстандағы ТМД елдерінің елшілері, мемлекеттік органдарының, халықаралық және отандық ғылыми орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.
«Қазіргі замандағы Қазақстандағы конфессиялық фактор мемлекеттің даму процестерінде жұмылдырушы күш ретінде ішкі саяси тұрақтылық пен азаматтық ауызбіршілікті сақтау мен нығайтудың бірегей механизмі болып табылады және ол осы ретте Достастық елдерінің қызығушылығын тудыруда. Сондықтан, дінаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазақстандық тәжірибе жан-жақты зерттеліп, ТМД елдері арасында таралуы керек», – деді өз сөзінде Қ. Лама Шариф.
Оның атап өткеніндей, дінаралық сұхбат ТМД елдері үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы ретінде аса маңызды.
«Қазақстандық зерттеушілердің пікірінше, конфессияаралық сұхбат мынадай басым бағыттар бойынша дамуы мүмкін: мемлекеттік және азаматтық деңгейлердегі бітімгерлік, азаматтардың мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттестік, ғаламдану жағдайында қоғамдағы рухани-адамгершілік қағидалардың сақталуына көмектесу, біздің елдеріміздің халықтарының рухани мұраларын игеру арқылы мәдени әлеуетті дамыту, мәдени сан алуандықты сақтау және дамытуға жәрдемдесу», – деп түйді сөзін ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы.