Медицина тарихының түп тамыры 5000 жыл Месопатамия мен Мысыр мәдениеттеріне дейін жалғасады. Еуропа әлі дами қоймаған шақта Ислам әлемі ғылым мен өнерде алтын дәуірде қол жеткізіп, Қытай мен Үндістан, батыста Еуропамен қарым-қатынаста болған. Араб тілі кең аймақта қолданысқа ие болып, ғылымның ортақ тіліне айналды. Мұсылман ғұламалар математика, астрономия, оптика, физика, химия, медицина мен дәріханалық салаларда таңғаларлық биік еңгейге жетті.
Христиан діні алғашқыда ғылым мен медицинаға қарсылық білдірсе, ислам діні ғылым іздену-құлшылық деп ұғып, ғылым салалары – Алланы танытатын дәлелдер деп оған қолдау танытты. Көптеген аяттары арқылы Құран адамды табиғатты зерттеуге құлшынтып, ондағы астарлы хикметтерді көре білуге шақырды.
Орта ғасырда Еуропаға жолы түскен мұсылман саяхатшысы Тартуси ол жақтағы адамдар киімдері қайта киюге келмейтіндей іріп кеткенде ғана киімін ауыстыратындығын жазған. Еуропада тазалық талабы, тіпті қарапайым гигиенаның болмауы, бой дәрет-ғұсыл құйынуды діни міндет ретінде қабылдаған мұсылмандарды қатты таңғалдырған.
1163 жылы Папа Александр III дұға оқуға көп уақыт жібергенше, емдеумен айналысу үшін көбірек уақыт жұмсаудың анағұрлым тиімді екендігіне поптардың назарын аударумен болды.
Алғашқы сауықтыру емханасы 707 жылы Шамда ашылды. Ол Түркістаннан Андалусияға дейінгі мұсылман елдеріне тез тарады. X ғасырда Куртубада 50 емхана жұмыс істеген. Шәкірттер танымал дәрігерлердің бақылауында жұмыс істеу үшін Тунистен Иранға, Каспий теңізінен Каирге дейін жол жүретін.
Ал, Еуропа алғашқы емханалар 1224 жылы Падуада, 1224 жылы Наполий мен Парижде, 1254 жылы Андалусияда салынған. Орта шығыста крест жорықтарына қатысқан әскерлер мұсылман емханаларын көп көрген. Соларға еліктеп салуға 500 жыл уақыт қажет болды.
Мұсылман әлемдік саудаға ықпал жүргізіп тұрған шақта мұсылман елдеріне түрлі мемлекеттерден көптеген өсімдік түрлері жеткізілетін. Алғашқыда дәрігерлер арнайы дәрілерді өздері жасайтын. Кейіннен ол сала жеке дамып, 754 жылы Бағдатта тұңғыш дәріхана ашылды.
Қысқаша айтқанда, ғылымның көптеген салаларымен қатар медицина мен дәрі жасау саласында да мұсылман ғалымдарының батыстықтарға жол ашқаны шындық.
Аманжол Қайрат