Тарихтан әлемге белгілі ақиқат: Орта ғасырларда араб елдері мен Ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия тәрізді көптеген ғылым салалары қауырт дамыды. Көп ұзамай бұл құбылыс «Ислам Ренесансы» деген атауға ие болды. Өйтпегенде ше, тіпті Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі жұмыс істеді, мұнда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударып, ғылымның ерекше түрі «фәлсафа» қалыптасты, Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамыта бастады.
Осынау орта ғасырларда ғылымның ерекше дамуына Шығыстың, араб елдерінің, оныңішінде Орта Азия ғалым-дары әл-Фарабидің, Әбу Әли ибн Синаның, Әбу Рушдтың, Бирунидің, Махмұт Қашқаридың, Жүйнекидің және тағы да басқа ғұламалардың сіңірген еңбегі өте айрықша. Қазақтың Отырар жерінде дүние-ге келген Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Узлаг әл – Фарабидің жалғыз өзі 128-дей ғылыми еңбек жазды. Сол дәуірдегі ғалымдардың қай-қайсы да Жаратқан Иеміздің құдіреті күштілігін мойындады. Әл – Фарабидің аспан денелері, дүние-нің пайда болуы туралы еңбектерінде Ал-лаһ Тағала үнемі бірінші орында тұр. Ол өзінің «Азаматтық саясат» деген трактатында: «Бірінші (Тұлға) жөнінде – бұл Құдіретті Алла депсену керек» деп жазады.
ҮІІІ – ІХ ғасырда АронРашид әл Мамун ғылымының ірі өкілдерінің бірі – Мұхаммед Хорезми тіпті, Бағдатқа шақырылып, сондағы «Даналық үйінің» қай-раткері атанып, «Китаб әл-Мұхтасар» деген кітап жазып, бұл шығарма ХІІ ғасырда Еуропа халықтарының тілдеріне аударылды. Хорезмдік бұл ойшыл үнділердің, парсылар мен римдіктердің математикадағы күрделібелгілерінің орнына сан белгілерін ойлап тауып, алгебраның негі-зін қалады және Евклид пен Птоломей ілімдерін одан әрі дамытты. Хорезмидің «Астрономиялық кестесі» теңдесі жоқ еңбек болды. Осы Мұхаммед Хорезмидің арқасында кезінде Бағдатқа Мұхаммед әл-Ферғани, Ахмед әл-Марвази және жұлдыздар туралы ілі-мнің негізін жасаушы Аббас әл-Жауһарилар келді.
ХІІІ ғасырда Ислам ғылымының көптеген салалары латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады. Олардың ішінде әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, музыка, фи-лософия, оптика, геометрия, астрономия, ме-дицина туралы ілімдері кең тараған еді. Оны таратқаны үшін монах Рожер Бекон шіркеу түрмесінде 14 жыл қамауда отырды. Осы орайда айта кететін бір жағдай, мұсылман емес елдердің көбінде кезінде ғылыммен айна-лысқан адамдар Исламнан басқа діндерде қатты қуғындалды. Мысалы, Италиядан шық-қан философ Джордоно Бруно әлемнің ақыры болмайтынын дәлелдемек болғаны үшін жазаланып, 1600жылы тірідей өртеп жіберілді. Испаниялық философ Липель Сер-вет қан айналымын зерт-тегені үшін ХҮІІ ғасырда отқа өртеліп, өлтірілді. Галилео Галилей жердің айналатындығын дәлел-дегені үшін көп уақыт бойы түрмеде отырып, жазаланды.
Осындай оқиғаларды еске алып, сарапатай келе доктор Хусейн Хамид Хассан өзінің 1995жылы Новосибирск қаласындағы баспадан жарыққа шыққан «Исламдағы ғылыми зерттеулердің бостандығы» атты еңбегінде былай деп жазады: «Құранды зер сала оқыған адам одан бостандыққа, ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір нәрсе таба алмас еді. Керісінше, көптеген аяттардан жерді өңдеу, Алла тағаланың жасаған нәрселерінің бә-рін адам игілігі үшін зерттеуге мүмкіндіктер берілгендігін кездестіреді. Тарихта ешқашанда Ислам мемлекеттерінде ғалымдардың еркінойлауына кедергі болу, зерттеу мен жаңа нәрселерді ойлап табуларына тиым салатын жайттар болған емес. Керісінше, ондай адамдарға материалдық жағынан сый-сияпаттар көрсетіліп, қоғамдық ортада мәртебелерін көтеріп отырды. Ал бұл кезде Еуропада қиянат белең алып, шіркеу ғалым-дардың ашқан жаңалық-тарын құдайға қарсылық деп бағалап, олардың көзін жойып отырды».
Мұсылмандар арасында ғұламалардың қуғынға ұшырағандары болған да шығар. Алайда, Ислам дінінде ғұламаларды жазалау мәселесі жоқ, керісінше, біздің қасиетті дінімізде ғалымдар пай-ғамбарымыздан кейінгі Алла тағала ісін алға апарушылар ретінде ба-ғаланып, оларға құрмет көрсетілді. Мұсылман елдерінде кейбір ғалымдар қуғындалса, бұл Ислам дінінің үкімімен болған іс емес, ол сол елдің билеушілері тарапынан болған адами үкім ғана.
Өз заманында Әбу Райхан Бируни Құран Кәрімде айтылған су тасқынына байланысты көптеген зерттеулер жүргізсе, ағылшын археологы Леонард Ч. Вулли (1880-1960) қазба жұмыстары арқы-лы бұл жойқын су тасқынының болғанын дәлелдеді. Атақты саяхатшы-теңізшілер, ХҮ-ХҮІ ғасыр-ларда өмір сүрген Христофор Колумб пен Васко до Гама Ислам ғалымдарының ғылыми еңбектерін пайдаланып,жер шарын аралады. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой Құран Кәріммен терең танысқаннан кейін Ислам дінін мойындап, «Мені Мұхаммедтің үмметі деп есептеулеріңді өтінемін», – деді, Карл Маркстің өзі Құранды араб тілінде оқып, оның ұлылығы мен тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады, немістің атақты ақыны Гёте: «Егер Ислам Аллаһқа мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз», – деп жазып кетті. Ислам дінінің осындай ғылым, білім, руханияттағы маңызы Кеңес дәуірінде дұрыс бағаланбады, ол қоғамда Ислам ғалымдарының ірі ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерін тек материалистік жағынан ғана жақтау орын алып, дінге қатысты жақтары жасырылып, қайта оны дінге қарсы қоюға бағыт ұсталды. Сол бір атеистік идеологияның зардаптары енді – енді ғана жойылуда.
Қазір өркениетті елдердің ғалымдары «дін – адамның таным-түйсігінің дүниемен жаратылысқа деген көзқарасын айқындайтын аса күрделі де маңызды әлеуметтік – мәдени институт, ерекше қоғамдық сана», – деген пікірлер айтуда. Ал енді Ислам философиясының түсіндіруінше: «Дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін әркім өз жүрегі арқылы сезінуге тиіс. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі». Ал, Ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім барлық ғылымның қайнар көзі, адамды рухани кемелділікке жеткізетін Аллаһ сөзі.
Белгілі бір діннің мәнімен мағынасын түсіндіруге, уағыздауға арналған кітаптар мен шығармаларды – діни әдебиеттер деп атайтыны белгілі. Ислам дініндегі ең басты діни әдебиет – Аллаһ Тағаланың Жәбірейіл періште арқылы сүйікті пайғамбары Мұхаммедке (с.ғ.с.) бөлік-бөлігімен көктен түсіріп отырған 114 сүреден құралатын қасиетті Құран Кәрім. Кейін оған Құран Кәрімнің мәнін қосымша түсіндіріп, мұсылмандарға бағыт-бағдар беретін ережелер мен шешімдер қосылды. Олар: хадис, иджма, қияс деп аталады.
Құран Кәрім – адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын құдайлық рахмет – мейірім көзі (худ, 17 аят), ол жеке адамдар мен қоғам үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси – басқару, этикалық-моральдық жүйелердегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды белгілеп беруші. Ақиқаттың ұлы Кітабы – Құран Кәрімнің әлемдік ғылымды дамы-туға, адамзат баласының дүниетанымы мен көз-қарасының қалыптасу-ына, рухани жан-дүние-сінің кемелденуіне тигіз-ген ықпалы, қосқан үлесі, келешекте де атқаратын қызметі өте сүбелі. Кезінде Париж Дәрігерлер Академиясының мүшесі, доктор Маурики Буалде былай деп жазған-ды: «Құрандағы ғылыми болжамдардың көпшілігі хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) дәуіріндегі білімдарлар деңгейімен салыстыруға келместей ерекше терең.Демек, оны адамзат еңбегінің туындысы деуақылға сыймайды. Сон-дай-ақ, Құран Алла тағала тарапынан уәхи болып түскен кітап еке-ніне ешбіршүбә болмасы анық. Сонымен қатар Алладан түскен күйде өзгерместен сақталғаныешбір шүбәсіз, біз бұғанкәміл сенеміз. Құранда адам қолынан келмейтіндей оқиғалар баяндалуына да айрықша көңіл бөлген жөн». Ал енді екінші бір француз ғалымы әрі жазушысы доктор Морис Букель былай дейді: «Құранды түсіну үшін адамға энциклопедиялық білім керек. Ислам дінді де, ғылымды да бір-бірінен ешқашан ажырата қарастырмағанына мен енді таңқалмаймын. Өйткені қазіргі заманда ғылым қаншалықты биік жетістікке жетсе де, дінмен одақтас болып келеді. Тіпті ғалымдар кейбір нақты ғылыми жетістіктерді тереңірек түсіндіру үшін Құранның аяттарына жүгінеді».
Иә, әлемге әйгілі ғалымдардың өздері мойындап отырғанындай, Құран Кәрім – Аллаһ тағаланың сөзі, ол – бар ғылымның бастауы, дінсіз – ғылым соқыр. Олай болса, ғылым – Аллаһ тағаланың сипаты, шынайы діннің кепілі.
ХХХ
Өзінің өнерімен әуелі Англияға, сосын Еуропа мен Америкаға танылған Кэт Стивенс Құран Кәрімнің алғашқы сүресі Фатиханың тәпсірін оқы-ғаннан кейін оның Құдай сөзі екеніне иланып және бүкіл әлеммен байланысы бар екенін түсініп Ислам дінін қабылдайды… 17 жыл бойы еңбектеніп, араб және ағылшын тілінде «Соңғы пайғам-бардың өмірі» атты альбом шығарып, онда 66 минут бойы Ұлық пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірін жырлайды. Және де ол мұсылман болғаннан кейін есімін Юсуф Ислам деп өзгертіп, «Юсуфтың бас июі» атты кітап жазады. Ол өзінің Аллаһтың ақ жолына түскені туралы былайша сыр шертеді:
«…Көпшілік әндерімді сүйіп тыңдайтын. Ән тас-паларым, күй табақтарым көп сатылып, аз уақыттың ішінде байып кеттім. Мал-мүлік, атақ-даңқ, дүние ойын-сауық, қысқасы, адам армандайтын барлық қызықтың иесі едім. Бірақ ешқандай өзімді бақытты, сезінбедім. Нәпсінің жетегінде кетіп, ойыма келгенді істесем де жан-дүнием құлазып тұратын. Айналып келгенде, мұның бәрі рухани сұранысымды қана-ғаттандыра алмады. Ақиқатты және тура жолды іздей бастадым. Іздегенімді Ислам дінінентаптым.
Бұл жолға келгенім де қызық. Бірде қатты науқастанып, ауруханаға түстім. Ауырып жатып, Алланың құдіретін есіме алдым. Қатерлі бұл дерттен Құдайдың құдіретімен ғана жазылдым. Қасиетті Құдыс (Иерусалим) қаласына барып келгеннен кейін, туған інімнің өтінішімен ағылшын тіліне аударылған Құранды оқып едім, алғашқы Фатиха сүресі «Мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға ғана тән» деп басталады екен. Ойға қалдым. Шынайы ақиқаттың алдында алғаш рет бас иіп, Ислам дінін қабылдадым. Ислам өмірдің, тіршілік-тің және табиғат пен әлемнің барлығына үкіметкен қасиетті заң. Алланың заңы Ислам – бас ию, мойынұсыну деген сөз. Бүкіл әлем сүйіспеншілдіктен және мойынсұнудан ғана жасалған. Сондықтан бір ғана Құдай – Алладан басқаға бас имеңіздер, мойынсұнбаңыздар. Ол бар нәрсені біледі, бізді де. Өзін білуіміз үшін жаратқан. Ендеше, бұл дүниенің өткінші қызықтарына алданбаңыздар. Бұл дүние – мәңгілік емес, ахиретке арнаған егін-дік қана, жемісін о дүниеге барғанда татасыздар.
Фатиха сүресінде айтылған «Әлемдердің Раббысы» деген сөз 18 мың әлемнің тәрбиешісі деген мағынаны білдіре-ді. Адамдар бір әлем болса, жеміс және көкөністер екінші бір әлем. Басқаларын қоятұрып, осы екі әлемнің ғана бір-бірімен байланысын зерттегенде Алланың барлық нәрсені адамдар үшін жаратқанын көреміз. Мысалы, «Әлем кітабы-ның» кезекті бір бетін ақтарсақ, жаңғақ деген ағаштың жемісі туралы оқимыз. Адамның бас сүйегіне ұқсайтын жаңғақтың да сүйегі бар. Оны аршысақ, миға ұқсайтын дәнін көреміз. Міне, осылайша адамның басы мен жаңғақта өзара байланыс бар. Сыртқы терісі де, сүйегі де, қабыршағы да, дәні де адамның бас сүйегіне, ми қабыршағына және миға ұқсайды және бір қызығы адамның миында ғана болатын күміс, ион деген элементтер күллі тіршілік, өсімдік атаулының ішін-де тек жаңғақта ғана кездеседі. Ендеше Ал-лаһ Тағала миға кере-кті элементті адам-ның басы мен миына ұқсайтынжаңғақтың ішінде жаратып отыр. «Раббымыздың құдіреті және күллі әлемнің иесі» деген сөз. Осылайша Құранның табиғат кітабымен байланысын көргенде исламға еріксіз мойынсұнып, осыкітапты бас июі» деген кітабын айтып отыр)».
Нейл Армстронг
1969 жылғы 20 шілдеде «Аполлон – ІІ» экипажының астронавтары Андрин, Коллипс, Армстронг Ай планетасына барып қонды. Олардың ішінде экипаж командирі Нейл Армстронг адамзат баласының ішінде ең бірінші Ай топырағына аяқ басып, «Бүркіт айға қонды» деген атпен тарихта аты қалды.
Осы астронавтар жерден көтерілгенде парақтары ортасынан ашылған кітапқа ұқсас денені көрсе, ертеңіне ерекше бір дауысты естиді. Нейл Армстронг айға аяқ басқанда жаңағы дауысты тағы да естіп, қайран қалады. Ол дауыс «Рабби-әл арду-дини еһдаху-иза күн әлим» деген сөздің жалғасымен бітіп, мынандай сөздермен бірнеше рет қайталанады: «Әмһәду әл-лә иләһә илла Аллаһ». Бұл дауыстардың бәрі магнитті таспаға жазып алынады.
Олар жерге оралысымен магнитті таспаға жазып алынған әлгі дауыс тыңдалып, оның жұмбағын шешпек болып, бірнеше қалаға барады. Осы мақсатпен Нейл Армстронг Мысыр астанасы Каирге келгенінде айда естілген дауысты көшеде естіп, қатты таң қалып, оның нендей музыка екенін сұрағанында мысырлықтар оның азан дауысы екенін айтады. Кейін үлкен конференцияда Нейл Армстронг сөз сөйлеп, онда былай дейді:
– Мен ғарышқа Бисмиллаһисіз шығыппын. Бисмиллаһиді қазір айтып жүрмін. Айда азан дауысын естігенім ғылыми дәлелденген ақиқат. Енді мен мұсылмандарданмын.
Иә, Аллаһ Тағаланың құдіретінде шек жоқ. Нейл Армстронгтың айда азан дауысын естігеніне ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)мына бір хадисі нақты куә: «Сіздер азан шақырсаңыздар Аллаһ рахмет қылып жеті қат аспан есіктері ашылып, азан дауысы Аллаһтың хұзырына ашық тоқтаусыз жетіп тұрады».
http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=95115