Өзінің жолдауында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық санын 2020 жылға қарай 10%-ке көбейту міндетін жүктеді. Яғни бұл жыл сайынғы өсім 160 000 –ға жуық адамды құрауы тиіс дегенді білдіреді. Республикада оң демографиялық ахуал байқалады: туудың және тұрғындар санының табиғи түрде өсуі, күтілетін өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, жалпы өлімнің азаюы, мұның бәрі 2009 жылдан бастап 16 млн. адамнан асқан халықтың жалпы санының көбеюіне оң әсер етті.
Үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған Қазақстанда жанұяға маңызды орын берілген, өйткені адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді.
Бұл күн 1994-ші жылдан бері аталып өтілуде және БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993-ші жылдың қыркүйек айындағы Халықаралық отбасы жылы туралы резолюциясында бекітілген. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың қазіргі замандағы отбасының жағдайына алаңдаушылығынан қоғамның негізгі институттарының бірі ретінде отбасының маңызын арттыру мақсатында туындаған еді. БҰҰ деректеріне сәйкес Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдер қатарына жатады, елдегі жасы 65-тен асқан азаматтарының саны жалпы халық санының 7,5%-н құрайды. Дегенмен Қазақстанда мұндай жағымсыз ағымды жеңетін үлкен қуат көзі бар, ол халық аз қоныстанған кең байтақ аумағы.
БҰҰ осы күннің жыл сайынғы тақырыбын белгілейді. Сонымен, 2008 –ші жылы – «Әкелер және отбасылар: міндеттер мен қайшылықтар», 2009 –шы жылы- «Аналар және отбасылар: өзгермелі дүниедегі қайшылықтар», 2010 –ші жылы – «Саламатты жас отбасы – саламаты қоғам». 2011 –ші жылы «Отбасы – сүйіспеншілік, сыйластық, ынтымақтастық пен парасаттылық бастауы» тақырыбы ұсынылады. Бұл кез-келген өркениетті қоғамның іргетасы және ел болашағы мен дамуының өлшемі болып табылады.
Әлемде отбасының негізгі міндеті балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан.
Қазақстанда 3,5 млн.асатын отбасы бар, олардың ішінде 5 және одан асатын адамнан құралған отбасылар көбірек кездеседі (30 %). 5 және одан көп баласы бар аналар саны– 300 мың.
Жыл сайын 140 мыңнан аса неке тіркеледі. Әрбір тіркелген некенің төртіншісі бұзылып жатады, олардың саны 40 мыңнан асып түседі. Балалы аналар саны 444,8 мың, бұл жалпы отбасылар санының 10,7% -н құрайды.
Бірінші некелесу бойынша әйелдердің орташа жасы 24,2, ерлерде – 26,9. Некелесу барысындағы әйелдер мен ерлердің жас айырмашылықтары едәуір ерекшеленеді: 19 жасқа дейін әйелдердің 12%-і және ерлердің небәрі 3% -і; 20-25 жаста – әйелдердің 48%-і және ерлердің 32% -і некелеседі. Осылайша, 25 жасқа дейін некелесетін әйелдердің үлестік салмағы 60%-ті, ал осы жастағы ерлердің – 35%-ті құрады.
Ең жоғары бала туу коэффициенті бала туатын жастағы 1000 әйелге шақанда 20-24 жас аралығындағы топтың үлесінде – 136,62 . Қалаларда ол 124,44 –ті құрайды; ауылдық жерлерде -156,42. Республикада бала туу деңгейі өсіп келеді, ол 2010 жылы 1000 туылғанға шаққанда 22,8 –ді құрады. Өткен жылы туылған нәрсетелер саны 360 мыңнан асады.
Біздің мемлекетімізде басты назарға алынған жалпы денсаулықты және оның ішінде ұрпақ өрбіту денсаулығын қорғау ісі әйелдер мен ерлер денсаулығын қорғаумен қатар әр отбасының да денсаулығын қорғау болып табылады, бұл ұлт саулығына, гендік қордың саулығына ықпал етеді.
Ұрпақ өрбіту денсаулығын сақтау мен нығайтуға байланысты мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын, осы мәселелерді күш біріктіре отырып шешу қажеттігін ескере отырып, мемлекеттік құрылымдардың белсенді көмегімен, Халықаралық Отбасы Күнінің ұраны «ОТБАСЫ – СҮЙІСПЕНШІЛІК, СЫЙЛАСТЫҚ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ»
МАҚСАТЫ:
- Қазіргі қоғамдағы отбасының маңызы, салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау туралы мәселелер бойынша халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру;
- Қоғам назарын отбасының, әсіресе жас отбасылардың түйткілді мәселелеріне аударту.
Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі