Ана бақыты мен ана махаббаты – оның болмысы мен өмірінің мәні, қос қанаты.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Анаң, – деп жауап берді.
– Анаң, – деді ол.
– Ал тағы кім?, – деп үшінші рет сұрады әлгі адам. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы да:
– Анаң, – деп жауап берді.
Әлемдегі ең жақсы ана – идеалдан алшақ емес. Ол ертегідегі батырлар да, роботтар емес, барлық аналар, әдеттегі адамдар секілді – ренжуге және жылауға, тіпті ашулануға хақылы. Ана ешуақытта балаларының алдында періште секілді бола алмайды және болуға да тиіс емес. Және ол бала тәрбиесінде қателік жіберіп, жағдайды реттеу үшін және өткен олқылыққа жол бермеу үшін қолдан келген-келмегеннің бәрін жасап, өзін түтуге тиіс емес. Алайда анасы ашуланса немесе көзіне жас алса, балалар бұл жағдай неліктен болғанын білуі керек. Әсіресе, егер анасының ренішіне балаларының тәртібі, түсінбестігі, тиісті жағдайларға назар салмауы, дөрекілігі мен тәртіпке бағынбауы себеп болса.
«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың», бар ықыласпен аналарды ренжітпеуге, керісінше қуантуға тырысу абзал.
Сонымен қоса, ол сіздің қабілеттілігіңізбен және талантыңызбен емес, сіздің бар екендігіңізбен мақтанатынын естен шығармаңыз.
Ана бақытын ешқандай ақшаға сатып немесе қалған өміріңе айырбастай алмайсың. Дәл сол себепті ол аналар үшін бағалы, әр баланың дүниеге келуі қайталанбас бақыт. Дүниеге келген әр бала анасына ана бақытын сыйлайды. Ана бақыты тек қана оның аналық махаббаты ғана емес, алдымен отбасы мен балалары болып табылады. Балалары ержетіп, өз отбасыларын құрып есейіп кетсе де, ана махаббаты мен қамқорлығын қажетсінеді.
Ана бақыты мен ана махаббаты – оның болмысы мен өмірінің мәні, қос қанаты. Ана махаббаты бізді әр уақытта , әрқашан желеп-жебейтін, қолдап-қолпаштайтын құдырет.
Біз дүние есігін ашқаннан бастап анамыздың соңғы деміне дейін біз оның жан жылуын сезінеміз.Бір таңдандыратын жайт, анасы балаға жан жылуын көбірек бере алса, ол баланың бойында сонша сақталады.
Баласының игілігі мен бақыты үшін өзін құрбан етуге даяр ана махаббаты оның жүрегінде. Ана махаббатын сентименталды деп санауға болмайды. Ана махаббаты – Жаратушының оған өзі дарытқан қасиетті сезім. Ананың балаға қарым-қатынасын сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек оны сізге жіберген және біздің барлығымызға нәзік, ыстық, дархан, риясыз ана махаббатын сыйлаған сәтте Жаратушыға шексіз риза болып, сезіну керек.
Хауа анамыздан (оған Алла разы болсын) бастап, бүгінгі күнге дейін барлық әйелдер ана атанып, ана бақытын сезініп келеді.
Күн санап қоғамдық құрылым , адамдардың дүниетанымы өзгеруде, сондай-ақ айналамыздағы барлық құбылыстар өзгеруде, тек қана ана махаббаты мен ананың өзі және баласына бар ынтасымен, жан-тәнімен жүрегінің жылуын, махаббатын, тіпті жанын да беруге әзір ананың баласына деген қарым-қатынасы өз мәнін жоғалтқан жоқ.
Қымбатты оқырман, егер сіз ата-ана атанып, немерелі-шөберелі болсаңыз да, ата-анаңыз үшін әрқашан жақсы көретін баласы болып қала бересіз.
Біз – сіздің аналарыңызбыз! Біз барлығымыз – ең жақсы аналармыз! Қандай мақтанышты, марапатты естіледі, дүниеге сәби әкеліп, оны тәрбиелеу қандай мәртебе!
www.muslimwomen.kz