Пайғамбарымыздың жолы – Құран Кәріммен, хадис шәрифтермен және мужтаһидтердің ижтиһадтарымен көрсетілген жол! Осы үш дәлелмен бірге тағы “Ижмаи уммет” деп аталатын Сахабалармен Табеиннің ауызбірлігін көрсететін төртінші дәлел де қосылады. Бір үкім, бір мәселе жайлы егер төрт мазһабтың ижтиһадтары (үкімдері) арасында бірдей шешім қабылданса, бұл “ижма” (ауызбірлігі) болады да бұған сену шарт болады, сенбегендер күпірге түседі. (Мәктубат 2/36)
Бұрыс, қате бір істе, адасушылықта Ислам ғұламаларының ойы ешқашан бір жерден шықпайды. Хадис шәрифте: “Үмметім қате жолда ауызбірлігіне бармайды.” делінген. (И. Ахмед)
Осы төрт құжат Әдилләи шәрийә (шариғаттың дәлелі) деп аталады. Бұл дәлелдердің тысында қалған нәрселер бидғат болады. Хадис шәрифте: “Үмметім 73 топқа айырылады. олардың тек біреуі ғана Жаннатқа кіреді. Олар менің және сахабаларымның жолында болғандар” деп айтылды.(Ибн Мажа)
Бұл айырылулар усул, яғни иманда болатын айырылықтар. Сахабаи кирамнан кейін жаңа мұсылман болғандардың бір бөлігінің имандары бұзылып, сахабалардың дұрыс имандарынан өзгеше көрініс тапты. Осылайша бұзық топтар, секталар, дүмшелер пайда болды. Олардың барлығына “Бидғат секталары” деп айтылады. Олар кейбір аяттарды қате түсіну және қате түсіндіру нәтижесінде жолдан адасқандары үшін кәпір емес. Бірақ Исламға тигізген зияндары кәпірлерден көп болды: олар бір-бірлерімен және әһли сүннет мұсылмандармен көп дауласты. Соғыстар, жанжалдар шығарып көптеген мұсылманның қанының төгілуіне себеп болды. Мұсылмандардың дамуларына, өркендеп ілгерілеуіне тосқауыл болды. Ондай бидғат топтарын әһли сүннеттің хақ болған төрт мазһабымен шатастырмау керек.
Мазһаб және мейірім
Алла Тағала және Расулы мұсылмандарға мейрім еткендері үшін кейбір істердің қалай орындалатыны Құран кәрімде ашық білдірілмеді. Ашық білдірілгенде оларды орындау парыз немесе сүннет болар еді. Парызды орындамағандар күнәға батып, мән бермегендер кәпір болар еді. Мұсылмандардың жағдайы қиын болатын еді. Мұндай істерді ашық білдірілген амалдарға ұқсатып орындау керек. Дін ғұламалары арасынан амалдарды қалай орындау керектігін осылай ұқсата отырып түсіне білгендері мүжтаһид деп аталады.
Төрт мазһабтың жағдайы бір қала халқының жағдайына ұқсайды. Алдарынан шыққан бір істің қалай орындалуы керектігі және шешімі заңда табылмаса, ол қаланың ақсақалдары жиналып, әлгі істі заңдағы соған ұқсас басқа бір мәселемен салыстырып орындайды. Кейде бұл ақсақалдардың пікірі бір жерден шықпайды. Мәселен кейбіреулері: “Мемлекеттің мақсаты – қалалардың гүлденіп, көркеюі және халықтың рахат өмір сүруін қамтамасыз ету” деп айтады. Әлгі істі пікірлері және көзқарастарымен заңдағы басқа бір осыған ең жақын, ең ұқсас мәселеге ұқсату арқылы шешеді. Бұлар Ханафи мазһабына ұқсайды.
Кейбіреулері әлгі бұйрықты мемлекеттің орталығынан келген басшылардың көңіл күйіне және әрекеттеріне сәйкестендіріп орындайды да мемлекеттің мақсаты осы болу керек дейді. Бұлар р Малики мазһабына ұқсайды.
Кейбіреулері бұйрықтың мәтініне, сөйлем құрамына, сөздің барысына қарап ол істі атқару жолын табады. Бұл да Шафии мазһабына ұқсайды.
Ал бір бөлігі заңның басқа үкімдерін жинап бір-бірімен салыстыра отырып әлгі істің дұрыс орындалу жолын іздейді. Бұлар Ханбали мазһабына ұқсайды.
Пайғамбарымыз мазһабсыздардың шығатынын хабарлаған
Құран кәрімде былай делінген: «Адамдар дінде әр түрлі топтарға бөлінді. Әр топ өз жолын дұрыс деп ойлап қуануда.» (Мү’минун 53)
Пайғамбарымыз үмметінің басына келетіндерді білдіріп жатып: «Үмбетім 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады.» деді. Сахабалар мұны естігенде “Ол қай топ?” деп сұрады, сонда пайғамбарымыз «Бұл топтағылар менің және сахабаларымның жолымен жүргендер!» деп бұйырды. (Тирмизи) Ислам ғалымдары бір ауыздан бұл топтың, яғни құтылатын топтың “Әһли сүннет” екендігін білдірген. (Абдулхақ Дәхләуи, Имам Раббани)
Демек дұрыс жолда болу үшін пайғамбар және оның сахабаларының жолымен жүру керек екен. Сахабалардың жолын оларды көргендерден басқа ешкім жақсы біле алмайды. Ал пайғамбарды жолын сахабалардан өзге ешкім толық біле алмайды. Әһли сүннет жолының имамы болған Имам Ағзам әбу Ханифа Сахабалрды көрген ұрпақтың заманында туып өскен. Яғни Табеин деп аталатын екінші ұрпаққа жатады. Қалған үш мазһабтың имамдары Табиинді көрген “Табе-ул Табеин”, яғни үшінші ұрпақтың ғұламалары саналады. Осы ақиқаттарды ескеретін болсақ алғашқы үш ұрпақтан ғасырлар кейін майданға шыққан жаңа ағымдардың әһли бидғат екендігі және тозаққа баратындығы нақты түсінілген болады.
Өйткені хадис шәрифтерде былай деп айтылды: «Ең жақсы, ең қайырлы адамдар менің ғасырымда болған мұсылмандар (Сахабалар). Олардан кейін ең жақсылары олардың артынша келгендер (Табеин). Олардан кейін ең жақсы адамдар олардың артынан келетін мұсылмандар (Табеул Табеин). Ал олардын кейін келетін қауымдар арасында өтірік, жалғандар көбейіп кетеді. Олардың сөздеріне де, істеген істеріне де сенбеңдер.» (Бұхари)
Олай болса кейін келетін мұсылмандардың жазғандары, айтқандары, істегендері осы үш ұрпақтың мирасына сәйкес болмағанша түкке де тұрмайды.
«Әрбір ғасыр өзінен бұрынғы ғасырға қарағанда жаманырақ болады. Осылайша қияметке дейін бұзылып бара береді.» (Хадиқа)
Пайғамбар заманынан ұзақтаған сайын жамандықтар және жамандар арта береді. Уақыт өткен сайын ескі ғасырлардағы мәдениетке, имандылыққа жету қиын болып кете береді.
«Аллаһтың салиһ құлдары бір-бірінің артынша ахыретке көше береді. Ал артта арпамен құрманың қалдықтарына ұқсап, қадірсіз төменгілер қала береді. Аллаһу та’ала оларға ешқандай мән бермейді.» (Бұхари)
Кейін келгендердің бұрын өткендердің ізімен жүру керектігі, кейін келген ғалымдардың бұрын өткен ғалымдардан нақыл ету арқылы, яғни олардың кітаптарындағы үкімдерге сүйеніп, уағыз-насихат жасауы керектігі бұл жерден де көрініп тұр.
«Қиямет жақындаған сайын ілім азаяды, сауатсыздық артады.» (Ибн Мажә)
Бұл хадис шәриф те барған сайын ғалымдардың емес, керісінше дүмшелердің көбейетінін хабар беруде.
«Ахыр заманда кейіннен келетіндер бұрын өткен ғалымдарды сауатсыздықпен айыптайтын болады.» (Ибн Асакир)
Бұрын өткен ғұламаларды хадистің сахихын, зайифын ажырата алмаған деп айыптайтын дүмшелердің келетінін де осылайша пайғамбарымыз хабар берген.
«Аллаһу тағала бір ғалымның рухын алатын болса, Исламның бір бөлігі ойылғандай болады. Қияметке дейін оның орнын ешкім толтыра алмайды.» (Дәйләми)
Бұл да ақырзаманда көбейіп кеткен Шейх Албани, Шейх ибн Баз сияқты жасанды шейхтардың ешбірінің ислам ғалымы еместігін және бұрынғы ислам ғұламаларының орнын баса алмайтынын көрсетіп тұр.
http://ahlisunnet.kz