Оның толық аты-жөнi Әбу АбдуллаҺ Ахмад Ибн Мухаммад Ибн Ханбал Ибн Хиләл Ибн Асад Ибн Идрис Ибн АбдуллаҺ Ибн Хайам Ибн АбдуллаҺ Ибн Аннас Ибн Ауф Ибн Қасит Ибн Мазид Ибн Шайбану ибну Зухль… Ибн Уайл әз-Зухли аш-Шайбани.
Өзiнiң ата-тегi жағынан ол Пайғамбармен, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, Назар Ибн Мад Ибн Аднан жағынан туысады. Оның имам аш-Шафииден айырмашылығы құрайыштардан еместiгi.
Имам Ахмад һиджраның 164 жылында (781 ж.м.) рабиғул әууәл айында Бағдат топырағында дүниеге келдi. Ол үш жасқа келгенде әкесi қайтыс болды.
Ол он алты жасынан бастап хадистер мен басқа да Ислам ғылымдарын табандылықпен игеруге күш салды. Ол оқыған ғалымдардың iшiнде имам бу Ханифаның атақты шәкiртi, қазы бу Иусуф та болған едi.
һижраның 187 жылында ол алғаш рет хаж парызын өтедi. Имамның өзi былай деп әңгiмелейдi: “Мен бар-жоғы бес рет хаж парызын өтедiм. Олардың үшеуiнде жаяу жүрiп бардым, соның бiрiнде отыз дирхем жұмсадым… Хаж өтеуге жаяу шыққан сапарларымның бiрқатарында жолдан жаңылып, адасып та қалдым. Сондай кездерде мен қашан қажеттi жолымды тапқанша: “О, АллаҺтың құлдары! Маған жол көрсетiп жiберiңдершi!” – деп сұрау салудан танбайтынмын”.
Имам Ахмад жиi-жиi саяхаттайтын. Өалым-шейхтармен кездесу үшiн және олардан бiлiм алу үшiн ұзақ сапарларға шығып тұратын. Шейхтар да имам Ахмадты барынша қадiрлеп, құрмет тұтатын.
Ол имам аш-Шафииден дәрiс алды және оны құрметтеп, аса бағалайтын едi. Сондай-ақ ол Суфиан Ибн Уейннен, Уақша Ибн әд-Джаррахтан, Яхия әл-Қаттаннан, Иазид Ибн Харуннан, Хашим Ибн Баширден және Абдур-Раззақ Ибн Хамаша әс-Сәнаниден iлiм үйренiп, қажымай-талмай өзiнiң бiлiм көкжиегi кеңейттi.
Имам Ахмад сол уақыттағы ислами ғылымдардың басты-басты орталықтарында болып, өз заманының озық ойлы ғұлама – ғалымдарымен кездесiп тұрды. Ол Хиджаз, Сирия, Ирак т.б. елдердiң ислами оқу-ағарту орындарының көрнектi өкiлдерiмен тығыз қарым-қатынас орнатты.
Имам Ахмад басқалардан өзiнiң тақуалығымен және қарапайым өмiр сүрумен ерекшеленетiн. Оның шәкiрттерiнiң бiрi, атақты мухаддис бу Даудтың былай дегенi бар: “Имам Ахмадтың ортасы келесi өмiрдiң (Ақыреттiң) қоғамы яғни, мынау жалған дүниеден ешнәрсенi еске алмайтын қоғам болатын. Сол сияқты имам Ахмадтың өзi де (осы ортада) бұ дүниеге қатысты ештеңенi аузына алмайтын”.
Мухаммад Ибн Жақып ас-Саффар әңгiмелейдi: “Бiр күнi бiз имам Ахмадтан бiз үшiн дұға қылуын сұрадық. Сонда ол аса жоғары АллаҺ Та`алаға былай деп жалбарынды: “О, АллаҺ! Расында, Сен бiз үшiн не нәрсенiң сүйiктi екенiн бiлесiң, ендеше Өзiңе не сүйiктi көрiнсе, әрқашан да соның бiзде болуын нәсiп ет! “Сосын ол аз-кем үзiлiс жасады да, дұғасын одан әрi жалғастырды: “О, АллаҺ! Өзiңдi не разы қылатын болса, бiздi соған бекем ет! О, АллаҺ, әлдекiмге мұқтаж болудан Саған сиынамыз, бiз Сенен ғана жәрдем сұраймыз! Және бiз Сенен басқа әлдекiмдерге мойынсұнудан Саған сиынамыз!”.
Сондай-ақ бу әл-Фадл ат-Тамими Ахмад Ибн Ханбалдың аса жоғары АллаҺқа былайша жалбарынып, дұға қылғанын айтады: “О, АллаҺ! Бұл үмметтiң тура жолдан тайған, бiрақ өздерiн сол жолдамыз деп есептейтiн адамдарын ақиқат жолға сала гөр!”
Имам Ахмад бiр сөзiнде былай деген: “Егер сен өзiң сүйген нәрсеңдi АллаҺ Та`ала ұзағынан қылсын десең, Оның сүйген нәрсесiн сен де ұзағынан қыл”.
л-Байхақидың айтуынша, бiр адам имам Ахмадқа келiп былай дедi: “Менiң анамның төсекке таңылғанына жиырма жыл болды. Ол менi саған өзiне дұға қылуын өтiнiп, жiбердi”. Сонда оған имам мынаны айтты: “Бiз оған дұға қылғаннан гөрi, оның бiзге қылатын дұғасына көбiрек мұқтажбыз”. Сосын ол шексiз ұлық АллаҺқа жалбарынып, оған шипа жiберуiн өтiнiп дұға қылды. Қашан әлгi адам үйiне қайтып оралып, есiк қаққанда, оған есiктi өз аяғымен тұрып келiп шешесi ашты. Анасы оған: “АллаҺ Та`ала маған шипа жiбердi, денсаулық сыйлады”, – дедi.
“Әл-Михна” – сынақтар кезеңi
Қашан хариджашылар (Пайғамбардың ең үздiк сахабаларын имансыз деп даттаушылар), рафидашылар, насыпшылар, қадаршылар, муғтазилашылар, джахмиттықтар, мушаббахшылар т.б. пайда болғанға дейiн АллаҺтың Елшiсi, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, мен оның тақуа сахабалары. АллаҺтың, Оған мадақ, жәрдемiмен адамзатқа ақиқатты жеткiзiп, адамдар бiр мұсылман қауымына айналып, бiр дiндi ұстанды. Алғашында олар кең етек жайып кете алмады, өйткенi алғашқы халифтар, елбасылар мен әмiрлер дiнге жаңалық енгiзу мен дiнбұзарлыққа қарсы тұрады. Тек Харун әр-Рашидтiң ұлы Ма“мун билiк басына келген кезде ғана бұл iс қырын кете бастады.
Ол өмiрге ерте дүниедегi жазуларды енгiзiп, көне грек даналығын талдаумен шұғылданды. Сол уақытта ғана джахмиттықтар, муғтазилашылар мен ишиттер бастарын көтере бастады. һиджраның 212 жылында Ма“мун Құран АллаҺтың сөзi емес, Оның жаратылысы деген қаулы шығарды және күллi мұсылман қауымын осы қисынсыз қағиданы қабылдауға мәжбүр ете бастады. Көп ұзамай, Һиджраның 218 жылында өзiнiң көзқарасымен келiспеген ғалымдарды қыспаққа алып, қиыншылыққа ұшырата бастады. Бұл кезең тарихта “л-михна” (қатерлi кезең) деген етпен қалды.
Халиф өмiрiнiң соңғы айларында оның Бағдадтағы әмiршiсi Ма“мунның бұйрығы бойынша ең басты ғалымдарды, хадис танушыларды жинап, оған аттандырды. Қашан олар мойынсұнып, келiсiмдерiн бермегенше, бiрақ бұған жүректерiмен қарсы болған оларды халиф қатты қинауға салды. Кейiн ол оларды Бағдадқа қайтарып, ондағы өзiнiң әмiрiне басқа ғалымдар арасында әлгiлердiң мойындағандықтарын жедел түрде жария қылуға бұйырды.
Ол өзiне хадис және фиқҺ ғылымдары бойынша көптеген ғалымдарды және мешiт имамдарын жинап, Құранды жаратылды деген қағиданы қабылдауға шақырды және ең белдi хадистанушылардың мұнымен келiсетiндiктерiн жариялады. Сонда бұған көпшiлiгi үн қосты, ал қарсы келгендердi қинап, тiршiлiк етулерiн қиындатып, қуғын-сүргiнге ұшыратты. Имам Ахмад бұл қағидаға үзiлдi-кесiлдi қарсы шыққан сол уақыттағы аз ғана ғалымдардың бiрi болды. Осы жағдайдан соң халиф л-Ма“мунның әмiрiмен имам Ахмад және басқа да ғалымдар қамауға алынды.
Имам Ахмад Ибн Ханбалмен бiрге ғалым Мухаммад Ибн Нух та тұтқындалды. Халифтiң бұйрығымен ол екеуi кiсенге салынып, оған аттандырылды. Қашан олар Халифтiң әскерiне келiп жеткенде оның жанына әлдебiреудiң қызметшiсi таяп келдi, ол өз шапанының етегiмен көзiнiң жасын сүрттi де былай деп үн қатты: “О, АбдуллаҺтың әкесi, Ма`мун семсерiн қынынан шығарып, былайша ант еткенiн есiттiм. Егер сен Құранды – жаратылыс деп таныған оның сөзiн мойындамайтын болсаң, ол сенi сол семсерiмен шауып өлтiредi”. Мұны естiген имам жерге тiзерлей жығылып, көкке қолын жайып, АллаҺқа дұға еттi; “О, АллаҺ! Егер Құран жаратылыс емес, нағыз Сенiң сөзiң болса, онда бiз одан (Ма`муннан) құтқар”. Көп ұзамай-ақ, түннiң соңғы үштен бiр бөлiгiнде халиф әл-Ма`мунның қайтпас сапарға аттанып кеткендiгi жәйлi хабар келiп жеттi.
Оның орнына халифаттықа әл-Мутасим келiп, имам Ахмад пен Мухаммад ибн Нухты Бағдатқа қарай керi қайтартты. Бiрақ муғтазишылардың үйретуiмен жаңа халиф имам Ахмадты тұтқында ұстауын жалғастыра бердi. Ол отыз айға жуық түрмеде жатты, осы уақыттың барлығында ол кiсенде бола тұра ондағы жамағатқа имамдық еттi.
Халфи Муғтасим өз кезегiнде оған оны айтысып жеңе алады-ау деген адамдарын жiберiп жатты. Алайда имам Ахмад бұлттартапайтын айғақтар мен даусыз дәлелдер келтiру арқылы олардан үнемi басым түсiп жатты. “Қасарысқаны” үшiн оған “жазасын” өтеу мерзiмiн ұзарта беретiн.
Бiр күнi әл-Мухтасим оны өзiне алып келуге бұйырды. Имамды кiсенделген күйiнде халифқа алып барды. Қашан ол әл-Муғтасимге келiп кiргенде, оның жанында өзiнiң көптеген серiктерiмен бiрге отырған муғтазимашы Ахмад бу Ду`адты көрдi. Сол кезде әл-Мағтасим өзiнiң көмекшiлерiне қарап айтты: “Айтысыңдар!” Олар имамнан сұрады: “Құран туралы не айтасың?” Имам Ахмад оларға қарсы сұрақ қойды: “АллаҺтың iлiмi жөнiнде өздерiң не айта аласыңдар?”. Сонда онымен айтысушылар жақ аша алмай қалды. Имам Ахмад айтты: “Егер кiмде-кiм АллаҺтың iлiмi жаратылды деп санайтын болса, онда оның күпiрлiкке ұрынғаны (немесе кәпiр болғаны)”. лгiлер сонда шулап қоя бердi: “О, мұсылмандар әмiршiсi! Ол имансыздық танытып, бiздi кәпiрлер қатарына қосты”.
Кейбiреулер оған былай дейтiн: “АллаҺ былай деп айтпады ма: “АллаҺ – әр нәрсенi жаратушы” (Зумәр 39:62), сол әр нәрсеге Құран да жатпай ма?” Оған имам Ахмад былай деп жауап қайырды: “Аса жоғары АллаҺ Та`ала айтты: “Раббыңның әмiрiмен әр нәсенi тас-талқан қылады” (Ахқап 46:25) және тағы Ол айтты: “Оның Өзiнен басқа әр нәрсе жоқ болды”. (Қасас 28:88). Өзi, Ілiмi, Құран – бұлар заттар емес, АллаҺтың сипаттары.
Имам Ахмад өзi былай әңгiмелейдi: “Бiр жағымнан бiреу сөйлейдi, мен оған жауап қайтарамын, сосын тағы бiреу сөйлейдi, оған да жауап беремiн. Ал егер олардан бiреуi мүдiрiп қалса, бу Ду`ад былай дейдi: “О, мұсылмандар әмiршiсi! АллаҺтың атымен ант етемiн, ол – адасушы, жолдан тайған дiнбұзар”, сонда Муғтасим айтады: “Оған жауап қайтарыңдар, онымен айтысыңдар!” Сол кезде тағы бiреуi сөйлейдi, мен оған жауап қайтарамын, сосын басқасы сөйлейдi, мен оған да тойтарыс беремiн. Егер олардан бiреуi тосылып қалса Муғтасим айтады: “Саған қайғы келсiн, ей, Ахмад, сен не тантып тұрсың?!” Мен оған былай дедiм: “О, мұсылмандар әмiршiсi, маған соны мойындайтын АллаҺтың Кiтабынан немесе Пайғамбардың сүннетiнен бiрдеңе тауып бершi”. Сонда муғтазилашы бу Ду`ад айтты: “Сен не, бұл екеуiнен (Құран мен сунна) басқа ештеңе айта алмаймысың?” Мен оған былай жауап бердiм: “Исламның өзi сол екеуiнен қабысып тұрған жоқ па?” Одан кейiн де айтыс-тартыс ұзаққа созылды”.
Сосын Муғтасим орнынан тұрып, Ахмадты түрмеге қайтарды. Түн бойы айтысу үшiн оның соңынан тағы да адам жiбердi. Екiншi күнi имамды тағы алдырып, күн батқанға дейiн онымен қасарысып бақты. Оны қайтадан түрмеге қаматып, үшiншi күнi тағы алдыртты. Осы күндердiң барлығында да имамның даусы басқалардан көтерiңкi шығып жатты және оның келтiрген дәлелдерi бұлтартпастай едi. Тiптi халифтiң күзет бастығы былай деген: “Мен бұрын-соңды сұлтанның алдына келтiрiлiп, кiлең ығай мен сығайдың алдында тұрып жүрегiн берiк ұстаған сенiмi мызғымайтын Ахмад сияқты ешбiр тiрi жанды көрген емеспiн; бiз оның кезiне шыбын құрлы көрiнбедiк”.
Ұзаққа созылған айтыс бiтпестей көрiнген. Ақырында Муғтасим ашуға мiндi. Халифтiң әмiрiмен имам Ахмадқа көпшiлiктiң көз алдында дүре соғылды. Дүре соғу кезiнде имам есiнен танып қалды. Муғтасим оған үш рет келiп, үшеуiнде де оны Құранды жаратылыс деп мойындауға көндiрмекшi болды. Алайда имам әр жолы оны мойындаудан бас тартты, ал әр жолы оны дүрелеу күшейе түстi.
Имам Ахмадтың алған бетiнен қайтпайтынына әбден көзi жеткен соң Муғтасим оны босатып, үйiне жiбердi. Оны тәуiп емдей бастады. Ол былай деген екен: “Мен мың дүре соғылған адамдардың жарақатын көрдiм, бiрақ бұл сияқты жарақатты көрген емеспiн”.
Бiр күнi имам Ахмад адамдармен бiрге бесiн намазына тұрды, сонда Ибн Самаа әл-Қади таңдана сұрады: “Мынадай жарақатпен сен намаз оқығалы тұрсың ба?” Оған имам: “Омар Ибн әл-Хаттаб бiр жолы қанға боялып тұрып намаз оқыған”, – деп жауап бердi.
Имам Ахмадты емдеу барысында халифтiң бұйыруымен оның қызметшiсi әрдайым аурудың жағдайын бiлiп отырды. Өйткенi, халиф әл-Муғтасим өзiнiң әмiрiмен болған iске қатты өкiнген едi. Халиф және басқа да мұсылмандар имам Ахмадтың денсаулығы түзелiп, орнына тұрғанда қатты қуанды.
Ауруынан айыққан имам дiнбұзарлардан басқа өзiне зиян келтiрген барлық адамдарды кешiрдi. Және ол қасиеттi Құраннан мына аятты оқыды: “Бiр жамандықтың жазасы соның өзiндей ғана жамандық. Сонда кiм кешiрiм етiп, жарасса, онда оның сыйлығы АллаҺқа тән…” (Шура 42:40)
Муғтазилашылардың қағидасын тек Исламның төрт ғалымы ғана қабылдаудан бас тартты:
1. Имам Ахмад Ибн Ханбал – өзiнiң иманын сақтау жолында асқан шыдамдылық танытып, табандылықтың үлгiсiн көрсеттi.
2. Әбу Жақып әл-Бууайти (имам аш-Шафиидiң шәкiртi әрi серiгi) – Құранды жаратылыс дегендi мойындамай, түрмеде өлдi. Оны темiр шыбықтармен дүрелеген.
3. Нуайм Ибн Хуммад әл-Хазаи – ол да түрмеде өлген.
4. Мухаммед Ибн Нух әд-Джиндасабури – айдауда жүрiп, Бағдатқа бара жатқан жолда қаза тапқан.
Ислам ғалымдары имам Ахмад Ханбал туралы
Исмаил Ибн әл-Халил айтты: “Егерде Ахмад Израил ұлдары арасында (яғни, Муса, Дәуiт, Сүлеймен т.б. пайғамбарлар дәуiрлерiнде) өмiр сүрген болса, онда ол мiндеттi түрде пайғамбар болған болар едi”.
Имам аш-Шафии: “Мен Иракты тастап шыққан кезiмде, ол жерде Ахмад Ибн Ханбалдан асқан тақуа, бiлiмдi және iзгi адам қалған жоқ”, – деген.
Хиләл Ибн әл-Ағлә әр-Рақий былай дедi: “Аса жоғары АллаҺ Та`ала бұл қауымды төрт тұлғамен жарылқаған:
1. Имам Шафии – хадистердi жинап, жеткiзушi;
2. Әбу Убейда – күрделi хадистердi түсiндiрушi;
3. Яхиа Ибн Муайан – хадистердi жалған түрлерiнен тазартушы;
4. Имам Ахмад – “л-михна” кезеңiнде асқан шыдамдылық танытушы; (Менiң көзқарасым бойынша) егер бұл төртеу болмағанда, адамдар өлiп бiтер едi”.
Имам Ахмад һиджраның 241 жылында (855 ж.м.) рабиғул-әууәл айының 12-сiнде жұма күнi 77 жасында қайтыс болды.
Имам Ахмад Ибн Ханбалды жерлеуге бiр дерек көзi бойынша бiр миллион үш жүз мыңға жуық адам қатысқан дейдi.
Абдул-Уаххаб әл-Уррақ айтты деп әл-Байхақи хабарлайды: “Жаһилиет дәуiрiнде немесе Ислам орнаған уақыттан берi бiр адамның жаназасына Ахмад Ибн Ханбалдың жаназасына жиналғандай адамдар қатысты дегендi естiген де, көрген де, бiлген де емеспiн”.
Имам Ахмадтың көршiсi әл-Уарқани айтты деп Абдур-Рахман Ибн бу Хатим хабарлайды: “Имам Ахмадтың жаназасы кезiнде 20 мың христиан, иудей және отқа табынушылар Исламды қабылдады”.
Имам Ахмад өзiнiң артында баға жетпес бiлiм қазынасын қалдырды. Оның ең белгiлi, кең тараған кiтаптары:
1. Муснад – 30 мыңнан астам хадистен тұратын жинақ;
2. Китаб әс-Саләт – намаз ережелерiне және Ислам ғалымдарының қоғамдағы ролiн түсiндiруге арналған кiтап;
3. Китаб әр-Рад аләл-джахмиа уәз-занадика – бұл шығармасы арқылы имам Ахмад муғтазилашылардың т.б. қағидаларын жоққа шығарады.