Бірде бір елдің президенті әйелімен күтпеген жерден кешкі ас ішуге мейрамханаға баратын болды. Екеуі үстелге отырғанда, мейрамхана иесі президенттің оққағарынан:
– Елдің бірінші ханымымен жеке сөйлесуіме болады ма?! – деп сұрайды.
Президент келісіп, Бірінші ханым мен мейрамхана иесі сұхбаттасады. Сұхбаттан соң президент әйелінен:
– Ол кім еді?! Не үшін сенімен сөйлесуге қызықты?! – деп сұрады.
– Ол мектеп кезінде маған сөз салған адам, – деп жауап береді әйелі.
– Егер сен оған тұрмысқа шыққаныңда, қазір мынадай керемет мейрамхананың иесі болатын едің, солай ма?! – деп сұрады президент.
– Жоқ. Егер мен оған тұрмысқа шыққанымда, ол президент болатын еді, – деп жауап берді әйелі.
ТҮЙІН: Жақсы әйел – жаман еркекті жақсы етеді, жаман әйел – жақсы еркектің түбіне жетеді….