Қазіргі Қазақстан тарихында еліміздің егемендік туралы Декларацияға қол қою күнінің рөлі ұлттық күнтізбеде біраз жылдар болмағаннан кейін оның маңыздылығын қалпына келтіру оңайға түспейді. Бұл ұғымды қалыптастыру – елдің негізін қалаған оқиғалардың толық бейнесін қайта құру тұрғысынан аса маңызды.
Ол, біріншіден, жастардың елдің ел болып қалай қалыптасқанының толық бейнесін тарих беттерінен ұғынып, белгілі түсінік қалыптастырулары керек.
ЕҰУ профессоры Сайлау Батыршаұлы мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңыздылығына тоқталып, оның халықаралық құқыққа толық қалай жеткендігін атап өтті. Сондай-ақ бірнеше аспектілерге назар аударды.
Біріншіден, декларацияда Қазақ КСР алғаш рет өзін мемлекет ретінде белгіледі, сәйкесінше мемлекеттілікті құру процесі басталды.
Екіншіден, бұл халықаралық қатынастарды құруға мемлекеттік егемендік туралы декларациялар мүмкіндік берген. Оның айтуынша, отандық дипломатия декларация негізінде Қазақстанның халықаралық позициясын қалыптастыру бойынша ауқымды проактивті жұмыс жүргізілген. Оған Мемлекеттік хатшы Джеймс Бейкердің 1991 жылғы 15-16 желтоқсандағы Алматыға барған сапары әсер еткен.
Үшіншіден, декларацияға сәйкес нағыз егемендіктің не екенін көрсеткен мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде бекітілген барлық ұлттардың республика азаматтарынан құралған Қазақстан халқы екенін атап өтті.
Сайлау Батыршаұлының айтуынша, соның арқасында жемісті ынтымақтастық басталды. “Шет мемлекеттің Алматыдағы алғашқы елшілігін Түркия емес, АҚШ ашты”, – деп атап өтті Батыршаұлы.
Сондай-ақ YESKI TASPA жобасының директоры және продюссері Асхат Баянов: «Біз елімізде болып жатқан барлық оқиғаларға аса сезімталдықпен қараймыз және олардың барлығы жалпы тарихымыздың маңызды құрамдас бөліктері деп білеміз. 25 қазан – еліміз үшін айтулы күн, себебі осы күні тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалды.
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының маңызды үдерісі еліміздің тұңғыш ресми әнұранымен қатар жүрді. «Ескі таспа» ұжымы көпшіліктің, әсіресе жастардың ескі әнұран туралы білмейтінін, естімегенін анықтады. Бұл тарихи маңызды еңбек. Оны да, оның жасалуына үлес қосқан ұлы тұлғаларды да еске алуды жөн көрдік. Оның жолдары Қазақстан халқының тәуелсіздік үшін күресіндегі ауырлығын және жаңа бостандық қуанышын көрсететін терең символизмге толы»,- деп жобаның продюссері ағынан жарылды.
Әбдіраш Балжан