Күндердің күнінде парсылық Абдул Қадир әл-Жилани деген ғалым жұма күні мінберге шығып, жамағат алдында ең қысқа құтба оқып:
– Аштық азабын тартқан пенденің асқазанын тойдыру мың мешіт салғаннан, Қағбаға қара мата жапқаннан, бір жыл ораза ұстағаннан, Аллаһ жолында шайқасқаннан және үзіліссіз намазда тұрғаннан да артық. Ондай адамға күннің нұрындай нұр беріледі және жақсылықпен сүйіншілінеді,-деп намазға тұрыпты.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы