Ал, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бала күнінен қой баққан. Ер жеткен соң сауда-саттықпен айналысқан. Демек, мұсылман отбасын асырау үшін адал еңбекпен нан табуы ғибадаттың бір түрі. Әз-пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шындығында, адам өз бала-шағасына жұмсаған қаражаты – садақа[1]»,-деген екен. Міне, бұл дініміздің – бұйрығы. Абай Құнанбайұлы қара сөзінде «…Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына уа әр түрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер керек екен…[2]» деп, екі ауыз сөзбен еңбек етудің қоғамдық санаға әсер етуінің астарлы тұсын түсіндіреді.
Кейде осынау күнде жаңарып тұрған жаһан дүниеге зер салсаңыз мұсылман қолымен жасалған дүниені көрмейсің. Өкінішті жайт. Өйткені, дініміз еңбекті дәріптейді. Мінген темір тұлпарымыз, киген киіміміз, тұрмыста тұтынатын заттарымыз түгел дерлік жат жұрттікі. Мұсылман қолынан шығып жатқан тауар некен-саяқ. Саусақпен санарлық. Қала берсе, мамандығы бар кейбір жастар елге өз еңбегімен пайдасын тигізудің орнына, шала білетін діни мәселелермен айналысқанды жөн көреді. Одан елге де, өзіне де пайдасы жоқ. Бірақ, зияны бар. Бес уақыт намаз оқу парыз. Сонымен қатар, дүние тіршілігінде өзгемен терезесі тең болу үшін еңбек етеді. Мынадай қызық риуаят бар. Иса (ғ.с.) Пайғамбар бір кісіден: «Қандай іспен шұғылданасың?» деп сұрайды. Сонда, әлігі кісі: «Құлшылық жасаймын» дейді. Пайғамбар (ғ.с.): «Бала-шағаңды кім асырап жүр?» дегенде, ол: «Бауырым» дейді. Сонда, Алланың пайғамбары (ғ.с.): «Ағаң саған қарағанда әлде қайда ғибадатшыл екен» деген екен. Ғажайып әңгіме. Міне, нағыз мұсылман еңбекқор келеді.
Лұқман Хәкім перзентіне: «Балам! Кедейлік атаулыдан адал кәсіп етіп тәуелсіз бол. Өйткені кісі қолына қараған адамның басына үш жаманшылық келеді. Олар: діні әлсірейді, ақылы төмендейді және адамилығын жоғалтады. Бұл үш қасіреттен де ауыры адамдар оны менсінбей кетеді» деген екен.
Құран түскеніне куә болған тұлға сахаба Абдулла бин Масғұд (р.а.): «Не дүние ісімен, не ақырет амалымен айналыспай бос жүрген кісіні жек көремін» деген екен.
Бірде Ахмед бин Ханбалға (р.а.) «Үйінде немесе мешітте отырып алып, ризық-несібем өзі келеді, деп жұмыс істемей отырған кісі жайлы не дейсіз?» деп сұрапты. Ғұлама: «Ондай адам білімнен бейхабар жан… Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құс жайлы: «Таңертең ұясынан жемсауы бос болып ұшып, кешке толтырып келеді» деген сөзін естімеген бе? Пайғамбар (с.ғ.с.) құс екеш құстың өзі ризқын іздеп ұясынан шығатындығын айтқан. Сахабалар сауда-саттықпен және егіншілікпен айналысатын. Олар бізге үлгі жандар» деп жауап берген екен. Демек, нағыз мұсылманның жолы – еңбегімен еліне пайдасын тигізу. Абай атамыздың:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап, – дегеніндей, иманды жанның тілі зікір еткендей, екі қол тірлік етеді. Еңбекқорлық – ердің сыбағасы.
Руслан ҚАМБАР,
исламтанушы
[1] Бұхари, Муслим
[2] А.Құнанбайұлы, Аудармалар мен қара сөздер, 25-қара сөз, 119-бет. Алматы, «Жазушы», 1986ж.