Елордамызда 8 қыркүйекте басталған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
Атап айтқанда, біздің спортшылар 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды.
8-13 қыркүйек аралығында өткен додаға 89 елден 2500-ге жуық спортшы қатысты.