Бір кісі келіп Әбу Хурайраға (р.а.):
– Мен сенімен достасқым келеді, – дейді. Әбу Хурайра (р.а.):
– Достықтың ақысы қандай екенін білесің бе? – дейді.
– Жоқ. Маған айтып беріңіз, – дейді.
– Сен өз динар мен дирхамдарыңа менен артық құқылы болмауың керек, – дейді. Сонда әлгі кісі:
– Мен мұндай дәрежеге әлі жеткенім жоқ, – дейді.
– Ендеше кете бер, – депті Әбу Хурайра (р.а.).
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ