«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы елордадағы «Doner house» донер дәмханасына «ҚМДБ халал» стандарты куәлігін берді.
«Халал Даму» технолог мамандары фаст-фуд тағамдарын дайындауда қолданатын шикізаттар мен тағамдық қоспаларды толықтай тексеріп, қажетті өнімдерге зертхана сараптамасын жасады. «ҚМДБ халал» стандартына сай келмейтін өнімдер қолданыстан алынды.
Кәсіби мамандар жүргізген аудит жұмыстарынан кейін «Кушнин» кәсіпкерлігіне тиесілі «Doner house» дәмханасы «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды.