Бабалар үні домбыра – қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерде қуаныш та, жұбаныш та болды. Өне бойында ұлттың тарау – тарау тарихы жатыр. Домбыра әлем елдерінің ең ежелгі мұралары ретінде ЮНЕСКО тізімінде. Жер бетіндегі ішекті музыкалық аспаптардың арғы атасы – дәл осы қазақтың қара домбырасы делінеді. Бұған домбыра туралы деректердің XIV ғасыр жазбаларында көп кездесуі дәлел.