Дін 4 қабаттан тұрады: діни сенім, діни сана, діни таным және діни тәжірибе. Қазақтың өткен тарихындағы сол діни тәжірибесіне қарап, біз халқымыздың діни танымы қалай қалыптасқанын көре аламыз. Ұлтымыздың дәстүрі де, мәдениеті де, ұрпақтар сабақтастығы да осы діни танымында жатыр.