Феминизм – әйел мен еркектің теңдігі дегенді білдіреді. 18-ғасырдың соңына қарай феминистік қозғалыстар басталғанға дейін батыста әйелдердің орны барынша төмен еді. Христиан дінінде Адамды жұмақта азғырған, адастырған әйел болғандықтан бала көтеру, толғату жазасына ұшыраған қор жаратылыс саналған еді. Сол себепті әйел осы жазадан құтылу үшін тұрмыс құрмау арқылы құтыла алатын. Исламнан бұрынғы надандық дәуірде де әйелдің қоғамдағы орны өте төмен болатын. Ежелгі үндіде де әйел зиянкес жаратылыс. Ежелгі Гректе әйел ләззат құралы. Сол себепті батыста он тоғызыншы ғасырдың басына дейін әйел, адам санатына жатпайтын еді. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романында баяндалғанындай әйел адам ба, адам емес пе деген талас болған. Әйелдерді мүлік ретінде санау, оларға шайтан ретінде қарау түсініктерінің барлығы осы кезеңдерде орын алған түсініктер.
Осы жағдайлардан кейін әйелдердің теңдігі мәселесі туындап, қазіргі кезде бұл да шектен шығып кеткендігі байқалады. Бір жыныстылар некесі, шектен тыс зинақорлық т.б. жағдайлар әйел құқы ретінде санала бастаған елдерді көзіміз көріп жүр.
Ислам дінінде әйелдің де еркектің де өз орындары бар. Құранда: «қартайған ата-аналарыңызға уф деп те айтпаңдар!» (Исра, 17/28) десе, Мұхаммед пайғамбар с.а.у. «Жәннәт аналардың аяғының астында» (Суюти, әл-Жамиус-Сағир, 3642) деп бұйырады. Демек, әйелдің орны ислам дінінде аса қадірлі саналады.
Дегенмен, әйел мен еркектің тең бола алмайтын тұстарына қарап исламда да әйелдің орны төмен екендігін алға тартатындар бар. Мұның себебі, жаратылысы себепті әйелдің артықшылықтары болғаны сияқты, еркектің де артық болатын тұстары бар. Сондықтан жаратылысқа қарсы келу орынсыз болмақ. Алла Тағала еркекке күш-қуат артықшылығын берсе, әйелге де мейірім мен сезімталдықта артықшылық берген. Егер осындай артылықшылықтар мен кемшіліктер берілмегенде отбасының үйлесімділігі қалай орын алады?! Сонықтан ислам баланың дүиеге әкелу, оған мейіріммен тәрбие беруді, емізуді әйелге жүктесе, оларға қарқор болуды, асырауды, напақасын тауып беруді еркекке жүктейді.
Бірақ, бұл әйел баласы мүлде жұмыс жасамауы керек, ер адам бала тәрбиесіне араласпауы керек дегенді білдірмейді. Қазіргі қоғамда әйел өзінің болмысына нәзіктігіне тән жұмыстарды атқарып отбасы экономикасына үлес қосып жатуы әбестік емес. Бірақ әйел мен еркек тең құқылы деп әйелдерді ауыр жұмысқа жегу оларға жасалған қамқорлық санамайды. Сондықтан, қоғамда ер мен әйел өзара түсіністікте болуы абзал. Ал қазақ қоғамындағы әйелдің орны ешқашан төмендеген емес. Ежелгі түркілік дәстүрде де анаға деген құрметтің жоғары болғаны соншалық, қадірлі нәрселердің барлығына «ана» сөзін қосып айтқан бабаларымыз. Отан ана, жер ана, ана тілі т.б….
Кеңшілік ТЫШХАН
дінтанушы, ф.ғ.к.
Ислам Діні мен қазақ халқының түп тамыры сайып келген тура. Әйел адам мен еркек адамның теңдей болуы заңсыз. Саясатты қоғамда дінге тықпалаудың қажеті жоқ. Бірақ, қазір батыстан келген әйел мен еркек тең деген нәрсе елді бұзады. Әйел бастаған көш оңбас. Сондықтан әйел қауымы ер адамнан өзін бір саты болсын төмен ұстаған жөн.
Қазақ халқы қашан да мәдениетті, сыпайы, арлы, намысты, ұятты болған халықпыз ғой. Ата – бабамыздың әр нәрсеге мән беріп, тәрбие қалдырғандарына кейде таң қалып жатамыз. Соның барлығын осы асыл дінімізден алғаны. Еркек пен әйелді салыстыруға мүлдем келмейді. Еркек қашан да мықты болады. Әйел әлсіз, сезімге берілгіш жылауға көз жасымыз дайын тұрады. Еркектерді жоғары бағалауымыз керек қыздар, апалар! Олармен санасып қажеті жоқ. Бәрі бір Алла тағала әйел затын нәзік жаратқан соң, сол нәзік қалпымызда қала берейік. Ең дұрыс шешім әйелге басшы болуға жол бермеу.