Сұрақ: Әлфазул-куфр (діннен шығуға жол ашатын сөздер айтудың) некеге зияны қандай?
Жауап: Діннен шығуға жол ашатын сөздерді айту адамды діннен шығарумен қоймай, некеге де кері әсерін тигізеді.
Діннің айнымас негіздерінің біріне тіл тигізіп, қарсы шығу немесе мазаққа айналдыру адамның діннен шығуына жол ашады. Мысалы, Аллаға, Пайғамбарға (с.ғ.с.) және дінде киелі деп есептелген ұғымдарға күлген, намазды, оразаны қабыл етпеген, Қағбаны мазаққа айналдырған адам Ислам дінінен шыққан болып саналады.
Ханафи мәзһабында ерлі-зайыптының бірі діннен шыққан жағдайда неке сол мезетте үзіледі. Тәубе еткен жағдайда жаңадан неке қимай отбасылық өмірін жалғастыра алмайды.
Қалай ия? Рахмет осы сайтқа, білмейтінім қаншама екен, қажетін алып жатырмын