14 маусымда “Алматы облысының дін істері басқармасы” ММ, “Дін саласыңдағы мәселелерді зерттеу орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Есік қаласында облыстық діни бірлестік жетекшілерімен “Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры” тақырыбында “Open Air” форматында клуб отырысы өтті.
Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; түрлі конфессиялардың ұстанушылары арасында дінаралық диалогты, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту; әлеуметтік қызмет, бейбітшілік саласында тәжірибе алмасу мақсатында түрлі діни қайраткерлер арасында тығыз байланыс орнатуға ықпал ету; діни экстермизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау; қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары. Діни бірлестіктер жетекшілері клубының жұмысына облыс аумағындаға ҚМБД-ға қарасты имамдар, өзге дін өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, өңір дінтанушылары қатысты.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Іс-шара қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын дәріптеу мақсатында Есік қалалық “Алтын адам” музеймен танысудан басталды.
Ары қарай ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында “арқан тарту”, “гір көтеру” секілді ойындарымен дін қызметкерлері өзара күш сынасты.
Сонымен қатар, дін өкілдері қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары бойынша өздерінің ой-пікірімен бөлісіп, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті алға тарта отырып, облыстың дамуына қосатын үлестерінің маңызы зор екендігін жеткізді.
Шара қорытындысы бойынша: Діни бірлестіктердің өкілдері ұйымдастырушы тарапқа өздерінің алғысын білдіріп, алдағы уақытта қайта жалғасын табуға тілекші болды.