Радикализм термині «Барлық саладағы түбегейлі өзгеріспен қоса, қолданыстағы құрылымнан толығымен бас тартуға насихаттау» деген мағынаны береді. Қазіргі таңда бұл сөз қазақ тіліне еніп кетті. Радикал – сөзін қазақ тіліндегі негізі ұғымы ретінде «белсенді» деп аударуға негіз бар. Ал, діни тұрғыдан алғанымызда радикализм, «діндар» немесе «діншіл» деген сөздердің мағынасы. Кей жағдайларда радикализмге «дін» сөзін қосып «экстремизм» және «терроризм» сынды терминдердің тіркесі ретінде қолданысқа еніп кетті. Радикализм экстремизм мен терроризмге апарар жолдардың бірі ғана. Радикал тек діни ұғым ғана емес. Радикал ұлтшыл, радикал футболшы, радикал саясатшы және радикал діндар деген сөз тіркестерімен бірге қолданғанда, сол салаға көп көңіл бөлген адамға қарай айтылатынын байқаймыз.
ХІХ ғасырда радикализм либералды, антиклерикал, демократияны қорғаушы және прогрессивті саяси ұстанымды анықтай отырып, радикалды исламшылар сынды анти-либерализм, фундаментализм, антидемократиялық және реакциялық болып қалыптасты. Сонымен қатар, радикализмде зорлық-зомбылық бар ма, жоқ па? Осыны анықтауымыз қажет. Әсіресе Батыс елдерінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, зорлық-зомбылыққа жүгінбеген (радикалистер) белсенділердің іс-әрекеті, небәрі бір ғасыр ішінде бұл сөздің ұғымының мазмұны түбегейлі өзгеріп кетті.
Радикализмді түсіндірудің саяси тәсілдерін екі өзекті негізде біріктіруге болады. Англосаксондық және Еуропалық көзқарастар. Радикализмнің англосаксондық тәсілі зорлық-зомбылық пен мінез-құлыққа қатысты деп түсіндіріледі. Бұл жерде жеке тұлғалардың саяси ойлары емес, олардың жергілікті үкіметтің қолданыстағы заңын бұзуға бағытталған әрекеттеріне қарсылық білдіру барысында зорлық көрсете алуы болып саналады. Егер (радикалистер) белсенділер заң шеңберінде және адамдардың ұлттық мәдениеті мен діни дәстүрлеріне кедергі келтірмейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі. Екінші жағынан, еуропалық көзқарастағы белсенділер (радикалистер) мәжбүрлі түрде зорлық-зомбылыққа әкеледі деген болжамға негізделген. Бұл жерде белсенділерді экстремалды идеялардың өзі проблемалар мен потенциалды қауіп ретінде қарастырады. Сондықтан, еуропалықтар үшін белсенділерден келетін қауіп саяси еркіндікті негізге алмағанда, адамдардың жеке-жеке заң бұзушылықтың және зорлық-зомбылықтың дер кезінде тоқта алмаудан ғана қорқады. 2001 жылы АҚШ-тағы жарылысты мұсылмандарға қара дақ жағуымен қатар, батыстықтар арасында мұсылман радикалистер деген ұғым пайда болып, әлемге тарап кетті.
Діни радикализм саяси және реформистік әрекеттерді, мәдени және діндарлар арасында дінді насихаттау жұмыстарын күшейтуді көздейді. Браунның айтуы бойынша, академиялық мағынада діни радикализм фундаментализм дәстүрі мен қазіргі заманның арасындағы қайшылықтарды түсіндіреді. Дәстүрлі діни заңның беделін тиімді бекітетін және жәдитшілікке қарсы қатаң шектеулері бар дәстүрлі ұстанымға, сілтеме жасайды.
Сонымен қатар діни радикализм, батыл әрі дәстүрге бағынбайтын, діни заңдылықтарды сынайтын, кейде бұл шектеулерден шығатын және революциялық діни ұстанымды мақұлдайтын діндар адамға айтылады. Мәселен, намаз – бес уақыт парыз болса, бұндай адамдар күніне 7 немесе 8 рет намазды өздеріне парыз қылған. Олардың үйде де намаз оқуына бола тұра «Тек мешітте ғана намаз оқылуы керек» деген ұстанымы бар. Сондай-ақ, «Сақалсыз мұсылман болмайды..» деген пікірді қолдайтын және осы бағытта іс-әрекет жасайтын адамдарға қарата айтылған белсенділер (радикалистер) болып саналады.
Исатай Бердалиев
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Ахмад Джавид, (2015), «Исламдық радикализацияға 5 жол», Ұлттық мүдде, http://nationalinterest.org/feature/5-paths-islamic-radicalization-12269
-
Моррелл, Кевин, Жан Хартли, (2006), «Саяси көшбасшылық үлгісі», Адамдармен қарым-қатынас, V.59, N.4, б. 483-504.
-
Туная Тарык Зафер, (2007), Исламистік қозғалыс, Стамбул: Билги университетінің басылымдары.
-
Neuman Paul, (2013), «Радикализациямен күрес», Халықаралық қатынастар (Лондон), V. 89, N.4, s.873-893.