Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы аясында 2022 жылдың 23-27 қыркүйек күндері Маңғыстау энергетикалық колледжі, шет тілдері колледжі, Ақтау қаласы М .Тынышбаев атындағы Қаз АТК колледжі, Ақтау қаласы Қайнар колледжі, Маңғыстау техникалық» колледждерінде «Діни радикализмнің алдын алу» тақырыбында кездесулер өтті.
Шараны облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қалмурзаев Жасқайрат өткізді.
Елімізде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және дін өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге үлгі етіп келеді.
Шараға студенттер мен ұстаздар қатысты. Сонымен қатар студенттер арасынан сұрақтар қойылып, нақты жауап алынды және әлуметтік желілерде күмәнді ақпарат таратпау туралы ескерту жасалды.
Ескерту!
-Дін жораларды, жиналыстарды өткізу талаптарын бұзу.
-Діни кітаптарды, діни материалдарды әзірлеу, шығару, тарату ( әлуметтік желі арқылы) талаптарын бұзу;
-Миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру;
-Заңды діни қызметке кедергі келтіру –
50 АЕК (153 150 тенге) және 200АЕК (612 600 тенге) аралығында айыппұл салуға әкеп соғады.
(ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы,1,2,3 тармақтары бойынша).
-Интернетте діни өшпенділікті, экстремизмді және терроризмді қоздыруға бағытталған ақпартты (аудио, фото, видео) жариялау және тарату –
20 АЕК (61 260 тенге) және 200 АЕК (612 600 тенге) аралығында айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 2 тармағы бойынша.