«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекетті әлеуметтік тапсырыс аясында «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 1 шілде күні Ақтау қалалық сатушылар мен қоғамдық тамақтану мамандары және сауда мамандары қызметкерлерімен 15 шілде күні Ақтау қалалық қоғамдық көлік қызметінің басшылары мен қызметкерлеріне «Діни радикалдану – қоғамға қауіпті құбылыс» атты семинар өтті.
Семинарды АТТ мүшесі, Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы КММ Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау бөлімінің теолог маманы Абдырханов Өмірбек Мухамбетұлы жүргізді.
Бүгінде «діни радикализм» сөз тіркесі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Соңғы жылдары еліміздегі діни ахуал тұрақталып, бір қалыпқа келгенімен, деструктивті діни идеологиялар таралып жатқан жоқ деп айтуға ертерек. Өйткені, теріс ағымды насихаттаушылар бұрынғыдай көзге түсіп көшеде әрекет етуден гөрі, заман талабына сәйкес виртуалды әлемде жасырын белсенділіктерін арттырған.
Ең қауіпті радикалды топ деп тәкфир жамағатын айта аламыз. Жамағатының басты қаупі – көзқарастарының ата-бабамыз жүрген және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын діни бағытпен сәйкес келмеуінде, яғни мәзһаб ұстанбауында және өздерінің жолын дұрыс деп танымаған, келіспеген азаматтарды айыптауында, оларды адасқанға шығарып, бидғатшы, тіпті кәпір деп баға берулерінде.
Сонымен қатар, дін басшыларын өз саласындағы құзырлы билік ретінде мойындамай, оларға бағыну міндетті емес деп, қарсы шығулары да бүліктің басы болып есептеледі.