8-10 қазан аралығында Берлин қаласында Германия Үкіметінің IRF Secretariat және LYNC ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық министрлер конференциясы (IRF Ministerial) шеңберіндегі іс-шаралар өтті.
Еуразия құрлығы бойынша панелдік дискуссияда Дін істері комитетінің өкілі Азамат Данахметов елдегі діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.
Сондай-ақ, аталған дискуссияда Грузия, Молдова және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдары мен діни бірлестіктері өкілдері діни қызмет саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға 40-тан астам елдің өкілдері қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.