Бүгін “Нұр-Мүбарак” университетінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитеті Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Манетов Бейімбет арнайы дәріс оқыды.
Академиялық мәселелер департаменті ұйымдастырған бұл дәріске дінтану мен теология білім беру бағдарламаларының соңғы курс студенттері қатысты.
«Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы» атты тақырыпта лекция оқыған Бейімбет Қасымбекұлы студенттерге Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, діни бірлестіктермен конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Кездесу соңында студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жуап алды.