Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы теріс діни жолға түсіп кеткен адамдарды дәстүрлі рухани бағытымызға қайтару мақсатында діни оңалту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Сондай іс-шаралардың бірі – «Салтым – атамдай, дәстүрім – анамдай» атты ақындар айтысы. Басқарма басшысы Мақсатбек Маханбетов атап өткендей, мұндай айрықша доданың мақсаты – қазақтың діни ұстанымын өз жанымызға жақын жыр жолдары арқылы насихаттау.