«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекетті әлеуметтік тапсырыс аясында «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 29 маусым және 11 шілде күні Ақтау қалалық №1 және №2 емхасының және №2 балалар емханасының қызметкерлерімен «Діни конфликтің себептері мен алдын-алу жолдары» тақырыбында семинар өтті.
Сонымен қатар, қызметкерлер арасында діни сауалнама жасалды. Ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізуші АТТ мүшесі, Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы КММ Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау бөлімінің теолог маманы Абдырханов Өмірбек Мухамбетұлы.
Семинар барысында теріс бағыттағы жалған діни ұрандар жастар арасында психикалық және физикалық жағдайына қауіпті болып келеді.
Осы ретте қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, мәдениетті жоятын, жалпы қоғамға қауіпті болып табылатын деструктивті идеялардың бар екенін жоққа шығара алмаймыз.