Фундаметализим – діндердің қасиетті мәтіндеріне ғана сүйенетін және діни мәтіндердің негізінде білім қалыптастыратын діни ағымдарға қолданылатын ұғым. Алғашқы рет фундаментализм ұғымы Христиандық батыс әлемінде қолданыла бастағынымен қазіргі таңда фундаментализм Ислам дінімен көптеп байланыстырылып келеді.
Фундаментализмнің 20-шы ғасырда шығуы бекер емес. Әлемдік алпауыт мемлекеттердің саяси және экономикалық жетістіктері сол елдерде тұрып жатқан халыққа және бүкіл әлемге өз әсерін тигзіп отырған еді. Ғылымның дамуы себебі мен позитивисттік тәсілдеменің кең таралуы жаңа көзқарастар мен жаңа пікірлердің қалыптасу алғышарттарын дайындаған еді.
Осы өзгерістердің нәтижесінде 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың басында секуляризм ұғымы кең тарала бастады. Қоғамдық және саяси институттағы ұстаным мен ой-пікірлерді діннен бөліп, зайырлы қоғам мен мемлекеттік нормаларын қалыптастыруды негізгі мақсаты ретінде анықтаған секуляризм ұғымы, дін ұстанатын қоғамнын барлығына бірдей жаға бермеді. 20-шы ғасырдағы Саяси кризистер мен екі дүние жүзілік соғыстары бір жағынан дәстүрлі діни дүние танымдағы адам және адамның қасиеттілігін анықтайтын ұғымдарды әлсіретіп отырды. Әлемдік діндердің жаңа жаһандық қиыншылықтарына дер кезінде жүйлеі жауап бере алмауы қоғамның дінсізденуіне әкелсе, екінші жағынан бұл қиыншылық пен кризистік кезеңде балама шешім ретінде жаңа діни ағымдар мен бағыттар кеңінен таралып жатқан еді.
Алайда бұл өзгерістер таяқтын бір ұшы болып, екінші жақтан қоғамдағы фундаменталисттік көңіл күйді қоздыра бастады. Осылайша өзгерістер мен жаңа парадигмаларға қарсы, ескі әрі «таза» дінге қайта оралу пікірлерін қолдайтын фундаметалисттер қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай бұл үдеріс батыста басталғанымен шығыстағы Исламдық топтарға көптеп қолданылуда.
Ғалымдар діни фундаментализмнің зияны болмаса пайдасы жоқ екендігіне бір ауыздан келісіп отыр. Алтын ғасырға оралу мақсатында замануаи құндылықтарды мойындамау былай тұрсын, адамзаттын қазіргі замандағы жетістіктерінің барлығын дерлік жоққа шығарып оны да дінмен заңдастыруға ұмтылуда.
Діни фундаментализмнің негзігі көріністері мен ұстанымдарына тоқталар болсақ:
- Қозғалыс мүшелерінің ақиқатты ұстанатын азшылық ретінде көрсетуі
- Басқа дін ұстанушыларды қаралауы
- кез келген жағдайда ақ (жақсылық) пен қара (жамандық) арасына нақты шекара қоюға болады деген көзқарас
- әр қашан ақырзамандық көңіл күйде болу және осыны насихаттау
- Қасиетті Жазбаларда (Таурат, Інжіл немесе Құран) немесе басқа канондық діни мәтіндерде көрсетілген илаһи аянның абсолютті билігінің дауасыздығы
- діни талаптарды сөзбе-сөз орындау және рәсімдерге көңіл бөлуді арттыру;
Осы секілді басқа да кері тартпа және қоғамда алауыздық туыдарытын көзқарастар қоғамның дамуы мен тұрақтылығына тек қауіп төндіретіні анық. Діни фундаменталисттердің басқа бір қауыпті тұсы, кез келген діндегі фундаменталимттердің өз діндеріне сай мемлекет яғни теократиялық меклекетті ғана мойындауы. Сәйкесінше кез келген фундаменталды діни топтар өз діндеріне сай теократиялық мемлекет құруды ансайды. Теократиялық меклекет идеялары нақты белгіленбеген фундаменталисттік топтарда болса, өз діндерінен басқа діндерге репрессия жасап қудалау негізге алынады. Мысалы, Исламдық фундаменталисттер Ислам халифатын құрғысы келсе, Яхуди фундаменталисттері Сионизм арқылы діни мотивке негізделген мемлекет құруды өздерінің негізгі мақсаты ретінде санап, Израильдің ұлттық идентификациясын және діни көзқарастарын нығайтуға бағытталған саяси және әлеуметтік әрекеттерді жүзеге асыруда. Сондай Христиан, Сикх және Индуизм діндерінде де фундаметалисттік топтар шыққанын атап өткен жөн.
Нұрсұлтан ДИХАМБАЕВ,
Діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы