Бұл жердегі діни ұрандар мен лаңкестік әрекетке көшкен экстремистік ұйымдар өз мақсаттарын діни тұрғыдан негіздеуге тырысуда. Олардың ұстанған сенімі, идеологиясы бұрмаланған діни көзқарастар мен қағидаттардан құралған. Осыған байланысты өздерін шынайы діндар санайтын радикалды ағымдар өзгелерге зорлық-зомбылық көрсеткені үшін қазіргі таңда әлемдік мұсылман қауымы тарапынан қатаң сынға ұшыраған. Жалпы, ислам атын жамылған радикалды топтар – діни емес,саяси және қаржылық мақсаттарды көздейтін ұйымдар. Бұған көз жеткізу үшін олардың пайда болуына әсер еткен факторларға назар аудару қажет.
Ислам дінінің саяси сахнада идеологиялық құрал ретінде қолданылуы түрлі радикалды, реформаторлық ағымдар мен ұйымдардың пайда болуына әкеп соқты. Өткен ғасырдың тарихи оқиғалары желісінде мұндай ұйымдар исламды саяси астармен «әлеуметтік әділдік» және «қарсы тұру» идеологиясы ретінде екі бағытта пайдаланған.
Бүкіл мұсылман қауымдастығын бір идеяға топтастырып, қолдауына қол жеткізу үшін реформаторлық ұйымдар ислам дінін әлеуметтік әділдік таразысы ретінде саяси идеологияға айналдырды. Мұның мысалын ХХ ғасырдағы Мысырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардан байқауға болады. Отаршыл саясаттан, батыс елдерінің мүддесін қорғаған басшылардың әрекетінен шаршаған халыққа бұл ұйымдар дінді әлеуметтік әділдікке жеткізетін жалғыз жол деп танытып, өз бағдарламаларын белсенді жүзеге асырды.
Бүгінгі таңда барлық экстремистік ұйымдар халық ішінде қолдаушыларының санын көбейту үшін әлеуметтік әділдік тақырыбында үгіт-насихат жүргізетіні мәлім. Мұндай ұйымдар елдегі немесе әлемдегі экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық, діни негіздегі проблемаларды шиеленіскен қырынан ақпарат кеңістігінде жиі көтеру арқылы қоғамдық наразылықты тудырудыкөздейді. Әсіресе, жастардың көкейінде «әділдік қайда?», «оған қалай қол жеткіземіз?» деген секілді сұрақтарды оятып, әлеуметтік әділдікке қолжеткізу жолдарын «көрсету» үшін өз веб-ресурстарының сілтемелерін жарнамалайды.
Сонымен қатар, дін атын жамылған радикалды ұйымдар қақтығыс пен соғыс жағдайы орын алған аумақтарда исламды «қорғану және қарсы тұру» идеологиясы ретінде пайдалануда. Мұндай идеология кезінде Солтүстік Африка елдеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердіқуаттау және Палестина мәселесін шешу үшін радикалды ұйымдар тарапынан қолданылған. Бұл аймақтарда радикалды ұйымдар қарулы қақтығыстарға тікелей қатысып, «қарулы жиһад» идеологиясын кеңінен насихаттады. Мысалы, алғашқылардың қатарында «Мұсылман бауырлар» партиясы 1948 ж. Израиль мен Мысырдың арасындағы соғыста өзінің әскери әлеуетін танытып, «Палестинаны азат ету» миссиясына күш жұмсады. Сондай-ақ мұндай реформаторлық ұйымдар соғыс жүріп жатқан аймақтарда «қорғану және қарсы тұру» идеологиясын ұстанған түрлі басқа да топтар мен ұйымдардың құрылуына ықпал жасады. Оған Палестина мен Ирактағы «Хамас», «Фатх», «Хизб-ут-тахрир», Ливандағы «Қууат әл-Фаджр» және т.б. ұйымдардың құрылуы мысал бола алады.Қазіргі тәкфіршіл радикалды ұйымдар өткен ғасырдың 70-80-жылдары Мысырдағы зайырлы саяси билік пен батыс елдерінің отаршыл саясатына қарсы «жиһад» жариялап шыққан төңкерісшіл топтардан пайда болды.
Иә, ислам атын жамылып қарулы қақтығыстарға қатысқан экстремистік ұйымдар саны өте көп. Дегенмен, олардың ортақ белгілері аз емес, әрі ұстанымдары мен әрекетіндегі әдіс-тәсілдері де ұқсас келеді. Әдістемелік тұрғыдан алғанда іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болып көрінген тәкфіршіл экстремистік ұйымдардың идеологиясы ортақ сенімдік мектепке – салафизмге негізделген. Олардың қатарына «Пакистандағы ислам жамағаты», «Мысырдағы ислам жамағаты» «Лашкар Тайиба» «Әл-Каида» және оның өзге елдердегі қанаттары, «Жамағат ус-салафия ли-дағуат уаль-қитал»(Марокко), «Пәкістандағы Талибан қозғалысы», «Кавказ Имараты», «Мужахид жастар жамағаты»(Сомали) және тағы басқа ұйымдарды жатқызуға болады.
Бұл ұйымдардың барлығы салафилікті ұстанады. Мысалы, әл-Каиданың Мароккодағы қанаты ретінде танылған «Жамағат ус-салафия ли-дағуат уаль-қитал» радикалды діни ұйымы өзінің «әл-Мисақ» деп аталатын құрылтай құжатында ұстанатын сенімін «салафия» деп бекіткен. Ал Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған 19 экстремистік ұйымдардың ішінде салафизмді ұстанатын тәкфіршіл ұйымдарға «әл-Каида», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты», «Түркістан ислам партиясы», «Ат-тәкфір уаль-хиджра» халықаралық діни ұйымы жатады.
Салафизм идеологиясының негізін қалаған Мухаммад ибн Абдуль Уаһһабтың «Үш негіз» атты шығармасында Алладан түсірілмеген заңдармен ел басқаруды күпірлік, ал зайырлы заңдармен басқарған басшыны «тағұт (шектен шығушы, пұт)» деп таныған.[1] Яғни салафизм идеологиясының іргетасы кез-келген исламдық емес, зайырлылық көріністерін жоюға бағытталған көзқарастардан тұрады. Мұндай идеяларға сүйене келе, салафизмді ұстанған мысырлық, сириялық, судандық экстремистік бағыттағы радикалды ұйымдар Абдуль Уаһһабтың осы көзқарастарын ұстана отырып, «Ислам мемлекетін құруға қан төгу арқылы ғана қол жеткізіледі» деген секілді ұрандарды алға тартқан.
Сондай-ақ экстремистік ағымдар дербес топтарға бөлінгенімен, олардың басты ұстанымдары мен көзқарастары ортақ идеяға – тәкфіршілік идеясына негізделген. Тәкфіршілік идеясы – діни негізде қызмет жасайтын барлық радикалды ағымдардың ортақ пікірі, қастандық жасау мен соғыс ашудың кілті.
Ислам дінінде «Мақасид аш-шариға»(шариғаттың мақсаттары) деген ұстаным бар, яғни шариғи заңдардың барлығы жалпылай алғанда мұсылман адам өмірінің бес қажеттіліктеріне (діні, өмірі, ақыл-есі, ұрпағы, мал-мүлкі) қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз етеді. Ешбір мұсылман басқа мұсылманның жеке өміріне рұқсатсыз қолсұғып, дінін ауыстыруға мәжбүрлей алмайды. Сондықтан да ислам атын жамылған барлық экстремистік ұйымдар өзінің қастандық әрекеттерін әділетті етіп көрсету үшін ең алдымен қарсыластарына «тәкфір» («мұсылман емес» деген айыптау сөзі) жариялап, оларды мұсылмандарға жау деп танытуға тырысады.
Араб тілінде «тәкфір» сөзі «біреуді дінсіздікпен, дінінен шығумен айыптау» мағынасындағы «кәфара» етістігінен шыққан. «Тәкфір» идеясы барлық діни-экстремистік және террористік ұйымдар мен ағымдардың идеологиялық негіздерінде кездеседі. Оның ықпалына түскен адам айналасындағы мұсылмандарды, тіпті туған-туыстары мен бауырларын дәйексіз түрде «дінсіз», «діннен шыққан» деп айыптауға бейім болады.
Тәкфіршілік көзқарасын ұстанғандар діни негізде отбасынан, қоғамынан, әрмен қарай мемлекетінен оқшаулана түсіп, зайырлылық және басқа конфессияларға қатысты барлық нышандарға төзімсіздік танытып, көбіне радикалды, экстремистік ағымдардың қатарына қосылады. «Ғураба» деп аталатын бұл идеологияның ықпалыменадам оқшауланудың үш денгейіненөтеді – ол ұлттықбірегейлігінен, мемлекетінен (отанынан) және қоғамынан (отбасынан, туыстарынан) қол үзеді.
Мысалы,«Ат-тәкфір уаль-хиджра» ислам атын жамылған халықаралық экстремистік ұйымының идеологтары ұйым мүшелігіне кірмейтін барлық мұсылманға «кәпір», «діннен шыққан» деген айыптаулар тағады. Сондай-ақ аталмыш ұйымның қөзқарасын ұстанушылар «кәпір» санайтын өзге адамдармен қарым-қатынастарын үзеді.
2014 жылдың 18 тамызында «Ат-тәкфір уаль-хиджра» халықаралық діни ұйымы Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынды.
Осы орайда ислам дінінде «фундаментализм», «экстремизм», «терроризм» деген ұғым да, түсінік те жоқ екендігін ескеру қажет. Бұлар ислам дінінің қағидаттарымен мүлде сәйкес келмейді. «Ислам» дегеннің өзі «бейбітшілік, тыныштық» дегенді білдіреді. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталатын топтарда діни мүдде жоқ деп айтуға толық негіз бар.[2]
Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы – алдын алу шаралары.Сол себепті осы бағыттағы ақпараттық-насихат жұмыстары тиімді түрде үздіксіз жүргізілуі қажет. Осыған қатысты Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бізге қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизмге қарсы профилактиканы күшейту қажет» деп бағыт-бағдар берген болатын.
Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі жолмен жүзеге асыруға болады:
Біріншіден, экстремистік идеологияның ықпалына түспеген халықты ақпараттандыружәне олардың арасында алдын алу, түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде атқару керек. Мұндай жұмыстарға білікті мамандар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен құзыретті органдардың қызметкерлері бірлесе атсалысуы қоғамдық деңгейде маңызды.
Екіншіден, радикалды идеология ықпалына түскендермен оңалту жұмыстарын, қайта иландыру жолдары менәдіс-тәсілдерін зерттей отырып, кешенді түрде жүргізу бүгінгі күніміздің талабына айналды.
Қорытындылай келе, отбасы, қоғам болып жұмылып, жастарға діни-рухани, отансүйгіштік, дәстүрлі ұстанымдар мен сенімнің негізінде тәрбие беру арқылы оларда түрлі терісжәне экстремистік ықпалдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруға болады. Дәстүрлі діни-мәдени құндылықтар мен отан-сүйгіштікке негізделген қоғам ғана өміршең болып, жарқын болашаққа қол жеткізбек.
М. МУСЛИМОВ,
ҚР МСМ Дін мәселелері жөніндегі
ғылыми-зерттеу және талдау орталығы
Исламды зерттеу бөлімінің
бас ғылыми қызметкері
[1] «Джамиғ шурух әс-саләсат ил-усуль лиль-имам Мухаммад ибн Абд-ил-Уаһһаб» кітабы, Египет – Каир, 2008 ж. 414-415 б.б.
[2]Имамға көмекші: Үстел кітабы. – Астана:Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы,2015.